К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет560/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

гиппокамп аяқшасы (pes hippocampi) немесе аммон мүйізі (cormu ammonis)
— деп аталады. Аммон мүйізін көру төмпегінен үшінші ми карыншасының 
тамырлы өрімі бөліп тұрады. Гиппокампта жоғары қыртысасты ассоциативті
иіс жəне дəм сезімі орталықтары болады. Гиппокамптың орталықгары үлкен 
ми сыңарлары қыртысының əр түрлі орталықтарымен жəне басқа да жоғары
қыртысасты орталықтармен өткізгіш жолдар арқылы байланысып жатады. 
Өткізгіш жолдар ми күмбезін (fornix) жасайды. Гиппокамп қатпары жоғарғы
багытта кетеріліп, ми жабынының белдеу катпарына (gyrus cinguli, s. 
limbicus) жалғасады. Белдеу қатпары күсті дененің (corpus collosum) жоғарғы
жағымен, оны алдыңғы жағынан айналып өтіп, иісмаңы алаңымен 
байланысады. Гиппокамп катпары мен белдеу қатпары — ми жабыны 
қыртысының (neocortex s. neopallium) бөліктері. Күмбездің өткізгіш
жолдары гиппокампты аралық мидың емізікше денесімен (софив mamillare) 
байланыстырады.
Үлкен ми сыңарларының төменгі бетінен: иіс баданалары, иіс жолдары 
мен иіс қатпарлары, иіс үшбұрышы жəне алмұртша белік, ал олардың
медиальды бетінен:иісмаңы алаңы, гиппокамп катпары, белдеу қатпары 
көрінеді. Бүйірлік ми қарыншасының түбін: жолақты дененің құйрықты
ядросы, аммон мүйізі жəне күмбез құрайды. Иіс миының лимбикалық 


жүйесі (pars limbica rhinencepha-lon) белдеу қатпарынан, гиппокамптан,
күмбезден жəне жолақты дененің бадамша ядросынан тұрады. 


Жолақты дене (corpus striatum) — үлкен ми сыңарлары қыртысының
астында жатқан, сұр жəне ақ заттардың аралас орналасуынан түзілген, тарихи 

476
дамуы жағынан жаңа ми қыртысына (neocortex) қарағанда көне ми бөлігі. 


Жолақты дене бүйірлік ми карыншасының төменгі кабырғасын кұрайды.


Оның сұр затын қүйрықты ядро, жасымықша ядро, шарбақша ядро жəне 
бадамша дене құрайды. Сұрзаттық құрылымдарды бір-бірінен бөліп тұратын
ақзаттық аралықтар орналасу орындарына қарай: ішкі жəне сыртқы қабықтар 
(капсулалар) — деп аталады. Аталған қабықтар —- миелинді жүйке
талшықтарынан түзілген проекциялық өткізгіш жолдар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет