К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет561/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Құйрықты ядро (nucleus caudatus) екі бөлімнен: бас жəне құйрық
(caput et cauda) бөлімдерден құралған. Құйрықты ядроның басы бүйірлік ми 
қарыншасының түбін құрауға қатысады жəне ол гиппо-камптың алдында
орналасады. 


Жасымықша ядро (nucleus lentiformis) кұйрықты ядроның басы мен
көру төмпегінің сыртқы бүйірінде орналасып, олардан ішкі қабық (capsula 
interna) арқылы бөлініп тұрады. Жасымықша ядроның сыртқы латеральды
бөлігі — қауыз (putamen), ал тарихи дамуы жағынан ең көне ішкі медиальды 
бөлігі — солғын ядро (pallidum) — деп аталады. Бұл бөлік көру төпегінің
сыртқы бүйі-рінде, латеральды тобықгы дененің (ganglion geniculatum 
laterale) алдыңғы жағында жатады жəне қызметі жағынан иіс миымен тығыз
байланыста болады. 


Шарбақша ядро (claustrum)— жасымықша ядроның сыртқы латеральды
жағында орналасқан, пішіні ұзын жəне жіңішке келген сұрзаттык құрылым. 
Шарбақша ядроны жасымықша ядродан сыртқы қабық (capsula externa)
бөліп тұрады. 


Бадамша дене (corpus amygdaloideum) көру төмпегі мен аммон
мүйізінің жəне қауыздың аралықтарында орналасып, олардан ақ-заттық 
аралықтар арқылы бөлініп жатады. Бадамша дене қызметі жағынан иіс
миының құрамына кіреді. 
Жолақты дене өткізгіш жолдар арқылы үлкен ми қыртысымен, көру
төмпегімен, гипоталамуспен, ортаңғы ми торлы құрылымының ядроларымен 
(қызыл ядро т.б.), ми көпірі ядросымен, сопақша ми ядроларымен (каудальды
зəйтүн) жəне ми жүйкелері ядроларымен қызметтік байланыста болады. 
Сүтқоректі жануарларда жолақты дененің сұрзаттық ядролары жоғары
қыртысасты қимыл (өрмелеу, жүзу. секіру, жүру, жүгіру т.б.) жəне 
вегетативтік реттеу орталықтарының қызметтерін атқарады. Жолақгы дене
ядроларында көптеген шартсыз рефлекстер тұйықталады. Ал рефлекс үлкен 
ми қыртысы арқылы тұйықталатын болса, онда жолақты дене ядролары ми
қыртысының басқаруымен шартты рефлекстерді іс жүзіне асырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   557   558   559   560   561   562   563   564   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет