К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы


Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері (эмбриогенез)



бет68/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

Эмбриондық дамудың негізгі кезеңдері (эмбриогенез) 

Ұрықтану жəне оның биологаялық маңызы. Ұрықтану — аталық
жəне аналық жыныс жасушаларының (сперматозоидтар мен овоциттер) 
қосылып, бір жасушалы жаңа организм — зиготаның түзілу процесі. Ол —
эмбриондық дамудың бірінші кезеңі. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы — 
зиготада хромосомалардың саны екі еселенеді де, диплоидты жиынтыққа
ауысады. Демек, ДНК -ның массасы да екі еселеніп (жартысы — аналық, ал 
жартысы — аталық жыныс жасушаларынан) көбейеді, оның зат алмасу
белсенділігі артады. Ұрықтану күрделі биологиялық процесс. Ол түрлі 
жануарларда əр түрлі жүреді. Суда тіршілік етеұлпа жануарларға сыртқы
ұрықтану тəн. 
24 — сурет. Ұрықтану процесі

1 — овоцит цитоплазмасы, 2 — овоцит ядросы, 3 - мөлдір қабык, 4 - фолликул


эпителиоциттері, 5 - сперматозоидтың басы, 6 - сперматозоид мойны, 7 - сперматозоид 
құйрығы, 8 — қабылдағыш төмпешік, 9 - ұрықтану қабығы, 10 - аналық пронуклеус, 11; -
аталық пронуклеус, 12 - - центриольдер арасындағы ұршық, 13 — синкарион (Елисеев 
бойынша).

Олар жыныс жасушаларын сулы отраға шығарып, ұрықтану сол сулы


ортада жүреді. Ал кұрлықта тіршілік етеұлпа жануарларға ішкі ұрықтану тəн. 
Ұрықтану — ұрғышы жануарлардың жұмыртқа жолында жүреді. Күйге
келген ұрғышы жануар еркек жануармен шағылысқан соң, ұрғышы 

74
жануарлардң 


жыныс
жолына

(қынапқа
немесе

жатырға)


түскен

сперматозоидтар, өздерінің қимыл аппарата — құйрықтарының толқынды


қозғалысы жəне жыныс жолдары қабырғаларының жиырылуы, хемотаксис 
пен реотаксистің арқасында жұмыртқа жолының жоғарғы 1/3 бөлігіне 5 – 9
сағатта жетеді. Осы кезде ұрғышы жануар жұмыртқалығынан жарылу 
(овуляция) арқылы шыққан жұмыртқа жасушасы жұмыртқа жолы
құйғышына фолликул сұйығымен бірге құйылып, сперматозоидтармен 
жоғарыда айталған жұмыртқа жолы бөлігінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет