К. Жаңабеков Г. К. Жаңабекова Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы



бет73/607
Дата30.12.2023
өлшемі3,09 Mb.
#145123
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   607
Байланысты:
Морфология-emirsaba.org

26 — сурет. Гаструляция түрлері 
1 — инвагинация, 2 — эпиболия, — иммиграция, 4 — деляминация.
Көбінесе олар аралас жүреді. Мысалы, құстар мен сүтқоректі жануар-

ларда гаструляция деламинация жəне иммиграция түрінде өтеді.


Хордалылар типіне жататын жануарлар ұрығы гаструляция сатысының 
алғашқы кезеңінде эктодерма жəне энтодерма ұрық жапырақшалары мен
олардың аралығындағы қуыс — гастроцель, ал екінші кезеңінде эктодерма 
мен энтодерманың арасындағы гастроцельде аралық ұрық жапрақшасы —
мезодерма мен хорданың біріккен өскіні жетіліп, кейіннен мезодерма мен 
хордаға ажырайды. Хордамезодермалық өскін жануарлардың түрлеріне
байланысты түрлі бастамадан дамып жетіледі. Мысалы, қандауыршада, 
балықта, бауырымен жорғалаушыларда ол энтодермадан, қосмекенділерде
эктодерма мен энтодерма аралығындағы көшпелі жасушалардан жеке 

79
қалыптасып жетіледі, ал кұстар мен сүтқоректілерде эктодермадан жетіліп 


бөлінеді. Мезодерма өз кезегінде үш бөлікке: дорсальді (арқалық) мезодерма


сомиттерге (сегменттелген бөлік), вентральды (құрсактық) мезодерма 
спланхнотомға (сегменттелмеген бөлік) жəне бұл екі бөлікті байланыстырып,
аралық орын алатын сегменттік аяқшаларға (нефрогонадотом) бөлінеді. 
Сомиттер өз кезегінде: дерматом, миотом, склеротом болып, үш бастамаға
бөлінеді. 
Ұрық жапыракшаларынан ұрықтың болашақ денесі білігін анықтайтын
біліктік мүшелер: жүйке түтігі, хорда жəне ішек түтігі дамиды. Жүйке
түтігі біріншілік эктодермадан, ішек түтігі біріншілік энтодермадан жетіледі. 
Ұрық жапырақшаларының жетілуі мен бір-бірінен ажырап бөлінеұлпа
гаструляцияның екінші кезеңінде, негізінен мезодерма мен эктодермадан 
пайда болып, ұрық жапырақшалары арасыңдағы гастроцельге қоныс
аударған көшпелі өсінділі жасушалардан эмбриондық дəнекер ұлпасы — 


мезенхима дамып жетіледі.
Сонымен, барлық жануарларда эмбриогенездін гаструляция сатысы 
ұрық жапырақшалары мен біліктік мүшелердің түзілуімен аякталады, яғни
гаструляция процесі хордалы жануарлар ұрықтарыңда ұқсас жүреді. 
Ұрықтардың онто жəне филогенездік ұқсастығы жануарлардың шығу
тектерінің бір екенін, яғни олардың туыстас екенін көрсетеді. Бұған тағы бір 
дəлел — барлық хордалы жануарлар ұрыктары гаструляция процестерінің
бластулалар бластопорларының дорсальды ернеулерімен байланысты 
басталуында. Олар: қандауыршадағы қынаптану, қосмекенділердегі орақша
сай, балықтар мен кейбір бауырымен жорғалаушылардағы жиектік ойық, 
бауырымен жорғалаушылардағы, құстар мен сүтқоректілердегі біріншілік
жолақ пен біріншілік туйін. Осы аталған аймақтардың бластомерлері тым 
белсеңді қызмет атқарып, ұрықтардағы басқа да эмбриондық бастамалардың
жедел дамуына əсерін тигізеді. Мысалы, бластопордың дорсальды ернеуінен 
шыққан көшпелі бластомерлерден болашақта хорда түзіліп, оның өзі көрші
эмбриондық бастамалардың дамуына септігін тигізсе, дорсальді ернеу 
бластомерлерінің əсерінен біріншілік эктодермадан жуйке тутігі жетіледі.
Сол сияқты, барлық хордалылардағы хордаемзодермалық өскіннің дамып 
жетілу процестері де ұқсас жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   607




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет