Қызмет көрсету нормасы - белгілі бір уақытта сәйкес біліктілікті бір
жұмысшы қызмет көрсете алатын объект саны (жабдық бірлігі, жұмыс орны)
немесе ауданның квадрат метрі. Бұл норма түрі негізінен қосымша
жұмысшылар
мен
бірнеше
жабдық
бірлігіне
қызмет
көрсететін
жұмысшылардың еңбегін нормалау кезінде қолданылады.
Қызмет көрсету нормасы бақылау әдісімен немесе қызмет көрсету уақыты
нормасы негізінде жұмыс уақыты шығындарын зерттеу нәтижелері бойынша
орнатылады.
Қызмет көрсету уақыты нормасы негізінде ол мына формуламен
анықталады:
немесе мұндағы Н
выр
- қызмет көрсету нормасы;
Т
см
- белгілі бір кезең аралығында (аусым, ай) жұмыс ауқытының
қоры;
Н
вр.о
- жабдық бірлігіне, өндірістік аудан бірлігіне және т.б. қызмет
көрсету уақытының нормасы;
Н
вр
- жұмыстың бірлік көлеміне, орындалатын функцияға кететін
уақыт нормасы
n- белгілі бір кезең аралығында (аусым, ай) орындалатын жұмыс
бірлігінің саны.
Сан нормасы - белгілі бір жұмысты орындауға немесе нақты объектілерге
қызмет көрсетуге қажетті жұмысшылар саны.
немесе мұндағы Н
ч
- сан нормасы;
О- қызмет көрсетілетін жабдықтардың, өндірістік аудандардың
шаршы метрінің және т.б. жалпы саны;
Н
о
– қызмет көрсету нормасы.
Сан нормасы қызмет көрсету жұмыстарына анықталады және
қызмет көрсету нормасы негізінде есептеледі.
Мысалы 80м
2
ауданды ыстық цехта 8-10адам жұмыс істеу керек.
Қызмет көрсету нормасының бір түрі басқару нормасы болып табылады.
196
Басқару нормасы - бір басшы тиімді басқара алатын жұмысшылар мен
бөлімдердің оңтайлы саны. Бұл норма уақыт нормасын қолдану мақсатсыз
болғанда қолданылады.
Брлық еңбек нормалары (уақыт, өндіру,қызмет көрсету, сан және басқару)
оларды құрастыру әдісіне байланысты екі топқа ажыратылады: ғылыми
негізделген және тәжірибелі-статистикалық.
Ғылыми негізделген нормаларға өндірістің техникалық, технологиялық
және ұйымдастыру мүмкіндігі ең тиімді болатын көзқарастан негізделген,
сонымен
қатар
психофизиологиялық
және
әлеуметтік-экономикалық
негізделген еңбек нормалары жатады.
Тәжірибелі-негізделген нормалар нормалаушы
тәжірибесі
және
статистикалық мәліметтерге негізделіп анықталады. Бірақ жұмысшы тәжірибесі
мен операцияға немесе өнімге еңбек шығындарыны туралы мәліметтері өткен
кезеңді ғана сипаттайды. Олар жеткен деңгейді белгілейді және сондықтан
өндіріс ішілік қорларды айқындауға және еңбек өнімділігінің ары қарай
дамуына ықпал етпейді.
Жұмыстарды қамтуға байланысты еңбек нормалары жергілікті, салалық
және жалпы өнеркәсіптік болып ажыратылады.
Жергілікті нормалар бір немесе аналогтық кәсіпорындар тобына тән
жұмыстар мен операцияларға құрастырылады.
Салалық нормалар олардың ведомстволық бағынуына тәуелсіз саланың
барлық кәсіпорындарында қолданылады.
Жалпы өнеркәсіптік нормалар салалық және ведомстволық бағынуына
тәуелсіз, орналасу жеріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар үшін арналған.
Құрастыру әдісі бойынша нормалар типтік және бірлік болады.
Типтік нормалар уақыт нормативі мен жұмыс жабдықтарының тәртібі
негізінде құрастырылған типтік технологиялық үрдіс негізінде есептеледі. Олар
негізінен сериялы өндіріс жағдайында еңбекті нормалау үшін арналған, бұл
типтік нормалардың кемшілігі болып табылады.
Бірлік нормалар барлық жерде ұйымдастыру-техникалық жағдайлары
бірдей технологиялық біртекті жұмыстарды орындауға орнатылады. Олар
негізінен типтік жұмыс жағдайларына құрастырылады және орындалуы
міндетті.
Әрекет ету кезеңі немесе уақытына байланысты еңбек нормалары бір
реттік, уақытша және шартты тұрақты болып ажыратылады.
Бір реттік нормалар бірыңғай сипатқа ие операцияларға (өнімге)
орнатылады (жоспардан тыс, авариялық), тәжірибесі мол өндірісте
қолданылады және негізінен тәжірибелік-статистикалық болады.
Уақытша нормалар еңбекті нормалауға арналған бекітілген нормативті
материалдар болмаған жағдайда белгілі бір жұмыстарды меңгеру кезеңіне
орнатылады. Уақытша нормалардың әрекет ету мерзімі үш айдан аспау керек.
Олар ғылыми негізделген және тәжірибелі-статистикалық болады.
197
Шартты тұрақты нормалар ұйымдастыру-техникалық талаптарға сай
болу керек және мұқият негізделеді. Тұрақты нормалар мүлдем болмайды Олар
динамикалы және жүйелі түрде нақтыланады.