К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


 Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет108/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   117
8.5. Жұмыс уақыты шығындарын зерттеу әдістері 
Еңбекті нормалаудың маңызды элементі операциялар мен үрдістерді 
орындауға кететін жұмыс уақытының нақты шығындарын зерттеу болып 
табылады. 
Тағайындалуына, қамту дәрежесі мен зерттелетін уақыт шығындарының 
мазмұнына байланысты бақылау жұмыс уақытын суретке түсіру және 
хронометаж болып бөлінеді.
 
8.5.1. Жұмыс уақытын суретке түсіру 
 
Жұмыс уақытын суретке түсіру - белгілі бір кезеңде жұмыс уақытының 
барлық шығындарын зерттеу және өлшеу. Жұмыс уақытын суретке түсіру: 
жұмыс уақыты шығындарын дайындау және жою; жеке түрлері бойынша оның 
шығындарының шамасын орнату; еңбекті рационалды еңбек жұмысын 
жоспарлау үшін материал алу; жұмысшылар санын анықтау; ұйымдастыру-
технологиялық шаралар құрастыру; уақыт пен өндіру нормаларын есептеу 
мақсатында жүргізіледі. Негізгі аспап – секунда тілімен сағат немесе 
секундомер. Бақылау нәтижелерін көрсету үшн цифрлық, индекстік, графиктік 
жазбасы қолданылады. 
Жұмыс уақытын суретке түсіру – белгілі бір кезеңде барлық шығындарын 
өлшеу жолымен орындаушыныі жұмыс уақытын немесе жабдықтың жұмыс 
уақытын зерттеу. Барлық аусым бойы жұмыс уақытын суретке түсіру жұмыс 
күнін суретке түсіру деп аталады. Жұмыс күнінің белгілі бір бөлігін қамтитын 
жұмыс уақытын суретке түсіру жұмыс уақытын мақсатты суретке түсіру деп 
аталады. Мақсатты суретке түсіру өнім бірлігіне оперативті уақыт нормаларын 
орнату үшін жүргізіледі. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында индивидуалды, топтық, 
бригадалық жұмыс уақытын суретке түсіру, өзін-өзін суретке түсіру және 
өндірістік үрдісті суретке түсіру кең тараған. Бағыттық суретке түсіру және 
моменттік бақылау әдісі сирек қолданылады.
Жұмыс күнін суретке түсіру жұмыс уақыты шығындарының себебін 
орнату 
мақсатында 
нормалаушыдан 
басқа 
өндіріс 
меңгерушісімен, 


207 
технологпен, сонымен қатар жұмысшының өзімен (өздігінен суретке түсіру) 
жүргізілу мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет