К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


  3.4. Қойма операцияларын ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет32/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117
Байланысты:
Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру

 


47 
3.4. Қойма операцияларын ұйымдастыру
Жалпы қойма операцияларының кешені келесі реттіліктен тұрады: 
 көліктен түсіру; 
тауарды қабылдау
 сақтауға орналастыру; 
 жүктің қоймаішілік орын ауыстыруы; 
 сақтау орнынан тауарларды жөнелту.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тауарларды қабылдау 
технологиялық үрдістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тауар 
құжаттар бойынша: накладные, тауар-көліктік накладная, есеп-фактура 
бойынша қабылданады. Қабылдау екі кезеңде жүреді (3.2- сурет). Өнімдерді 
сәйкесінше тапсырылған саны мен сапасы бойынша қабылдайды. 
3.2-сурет. Тауарларды қабылдауды құжаттық рәсімдеуді ретімен жүргізу сызбасы. 
Бірінші кезең – алдын-ала қабылдау. Өнімдерді саны бойынша қабылдау 
тауар-көліктік накладная, счет-фактура бойынша, ыдыс орнын қайта санау
өлшеу және т.б. жолмен жүзеге асады. Егер тауар бұзылған қаптамада түссе, 
Тапсырысқа берілген тауардың 
келіп түскен тауарға сәйкестігін 
тексеру
Тауардың ілестірмелі 
құжаттары 
жабдықтаушы 
Орын саны бойынша 
тауарларды алдын-ала 
қабылдау
Тауардың ілестірмелі 
құжаттары 
Жетіспеушілік болған 
жағдайда акт құрастыру
жабдықтаушы 
Қоғам өкілі 
Қойма 
меңгерушісі
Саны бойынша 
тауарларды қабылдау 
Сапасы бойынша 
тауарларды қабылдау 
Ілестірмелі құжаттар 
Саны бойынша қабылдау 
актісі 
сапасы бойынша 
қабылдау актісі 
Қойма меңгерушісі 
Қоғам өкілі 


48 
брутто салмағын тексергеннен басқа, кәсіпорын қаптаманы ашып, нетто 
салмағын тексеру құқығы бар. 
Екінші кезең – соңғы қабылдау. Нетто салмағы мен тауарлық бірлік саны 
қаптамасын ашқан кезде бір мезгілде тексеріледі, бірақ 10 күннен кеш қалмау 
керек. Ал тез бұзылатын өнімдер тауар қабылдау сәтінен бастап 24 сағат ішінде 
тексеріледі. Ыдыс массасы тауарды қабылдаумен қатар тексеріледі. Нақты 
қаптама салмағында айырмашылық туындағанда тексеру нәтижесі қаптаманы 
өлшеу актісімен рәсімделеді, ол оны босатқан соң 10 күннен аспай құрылу 
керек. Әрбір қаптама орнында (жәшік, фляга, қорап) дайындау күні, уақыты 
және соңғы өткізу мерзімі көрсетіліп маркілеу жарлығы болу керек. 
Жетіспеушілік айқындалған кезде жетіспеушілік айқындалу туралы бір 
жақты акт құралады. Бұл тауар бөлек сақталады, сақталуы қамтамасыз етіледі 
де тез бұзылатын тауарлар болса, жетіспеушілік айқындалған кезде бірден, ал 
басқа тауарлар болса, 24 сағат ішінде жабдықтаушы шақырылады. 
Жабдықтаушы тез бұзылатын тауарлар жөнінде шақырған соң 4 сағат ішінде
басқа тауарлар жөнінде келесі күннен кеш қалмай келу керек. Соңғы қабылдау 
аяқталған соң 3 дана акт құрылады. 
Тауарларды саны бойынша қабылдаумен қатар сапасы бойынша да 
қабылдайды. Тез бұзылатын өнімдер сапасын 24 сағат ішінде, бұзылмайтын 
тауарлар үшін 10 күн ішінде сапасын тексереді. 
Сапасы бойынша тауарларды қабылдау органалептикалық (түрі, түсі, иісі, 
дәмі) жүргізіледі. Бұл кезде стандаттарға сәйкестігін тексереді. Көліктік 
құжаттарына сертификаттар немесе сапа куәлігі , онда дайындау мерзімі, өткізу 
уақыты, фирма аты: гигиеналық сертификат, (рұқсат етілген және нақты ауыр 
металдар деңгейі көрсетіліп ) қоса беріледі. 
ҚР «тұтынушылар құқығын қорғау туралы» заңы мен санитарлық 
нормалармен ережелерге сәйкес тауар тұтынушы денсаулығы үшін қауіпсіз 
болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет