К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова


Стеллажды – өнім сөреде, стеллажда, шкафта сақталады, бұл әдісте  төменгі қабаттарына ауа қатысы болғандықтан ылғалданудан сақталады.  Штабельді



Pdf көрінісі
бет34/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   117
Стеллаждыөнім сөреде, стеллажда, шкафта сақталады, бұл әдісте 
төменгі қабаттарына ауа қатысы болғандықтан ылғалданудан сақталады. 
Штабельді – өнім жүкқоймада сақталады; 2 м дейін биіктігі тұрақты 
штабельге жинауға болатын қаптамадағы өнімді сақтайды; қант, ұн қаптарын 
үйіп салады, биіктігі 6 қаптан аспау керек.
Жәшікті – жәшікте жеміс, көкөніс, жұмыртқа және т.б. сақтайды. 
Үйіп – өнімдерді қаптамасыз
ларьда,
контейнерде, бункерде үйіп 
сақтайды, еркін ауа қатысы үшін қабырға мен еден жағынан 10-20 см орын 
қалдырады; бұл әдіспен картоп (биіктігі 1,5 см дейін), тамыржемістер (0,5 м), 
пияз (0,3 м) сақталады. 


50 
Ілмелі – ілінген күйде шикізаттар мен өнімдерді сақтау үшін 
қолданылады, бұл әдіспен ыстамаларды, шұжық өнімдерін сақтайды. Ет 
ұшаларын, жарты ұшасын, ширек ұшасын бір-біріне және қабырғаға тигізбей 
ілмектерге іліп сақтайды. 
Дұрыс сақтау тәртібін қамтамасыз ету үшін тыйым салынады: 
 тамақ өнімдерін қоймадан тыс сақтауға (дәлізде, түсіріп-тиеу алаңында 
және т.б.); 
 дайын өнімдер, гастрономдық өнімдерді шикі өнімдермен қатар сақтауға; 
 иістерді жеңіл сіңіретін тауарларды (жұмыртқа, сүт өнімдері, нан, шай 
және т.б.) өткір иісті тауарлармен (балық, майшабақ және т.б.) сақтауға; 
 өнімдерді босаған қаптамалармен бірге сақтауға. 
Орнатылған сақтау ережелері мен тәртіптерін бұзу тауарлық шығындарға 
алып келуі мүмкін. Олар екі түрге бөлінеді: нормаланатын және 
нормаланбайтын.
Нормаланатын шығындар табиғи шығын шегінде орналасады (кебу, 
желдену, құйылу). Табиғи шығын сақтау кезінде өнімдердің физико-химиялық 
қасиеттерінің өзгеру нәтижесінде жүзеге асады. Табиғи шығын нормалары 
барлық өнімдер түріне орнатылады. Табиғи шығын инвентаризациялау кезінде 
жетіспеушілік айқындалғанда өшіріледі. Табиғи шығын бойынша есептерді 
бухгалтерия құрып, кәсіпорын директоры бекітеді. 
Нормаланбайтын шығындарға сыну, өнімдердің бұзылуы жатады. Бұл 
шығындар өнімдерді сақтау мен тасымалдауға қанағатсыз жағдайлар 
нәтижесінде, сонымен қатар қойма жұмысшыларының немқұрайлығы 
салдарынан туындайды. Сыну мен бұзылудан туындаған шығындар оларды 
орнатқан соң келесі күннен кешікпей актпен рәсімдейді. Бұзылған өнім құны 
кінәлі тұлғалардан алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет