К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет51/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117
Жұмыс орны – белгілі-бір опреацияларды орындайтын бір жұмысшы 
немесе жұмысшылар тобымен еңбек үрдісі жүзеге асатын цех бөлігі. 
Цехтық және цехсіз құрылымды кәсіпорындары ажыратады.
Цехтық құрылым өндіріс көлемі жоғары шикізатпен жұмыс істейтін 
кәсіпорындарда ұйымдастырылады. Цехтар алдын-ала даярлау (ет, балық, құс 
өңдеу, ет-балық, көкөкніс), толық даярлау (ыстық, суық), арнайы (ұн, 
кондитер,аспаздық) цехтары болып бөлінеді. Жартылай фабрикаттармен жұмыс 
істейтін қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жартылай фабрикаттарды 
толық өңдеу цехы, көк өңдеу цехы ұйымдастырылады.
Цехсыз құрылым өндірістік бағдарлама көлемі кішігірім, өндірілетін өнім 
ассортименті шектеулі кәсіпорындарды, арнайы кәсіпорындарда (дәмхана, 
кәуапхана, тұшпарахана т.б.) ұйымдастырылады. 


85 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары бөлмелерінің құрамы және оларға 
қойылатын талаптар сәйкес СНиП сәйкес анықталады. Бөлмелердің келесі 
негізгі топтарын бөледі: 
қойма тобы шикізаттар мен өнімдерді тоңазытылатын камералар мен 
тоңазытылмайтын қоймаларда сәйкес сақтау тәртібін қадағалап, қысқа 
мерзім сақтауға арналған. 
өндірістік топ шикізаттар мен өнімдерді өңдеу жәнедайын өнім 
шығаруға арналған; өндірістік топ құрамына негізгі (алдын –ала және 
толық даярлау) цехтары, арнайы (кондитерлік, аспаздық және т.б.) және 
қосымша (жуу, нан кесу және т.б.); 
саудалық топ дайын өнім өткізу мен оны тұтынуды ұйымдастыруға 
арналған (тарату бөлімі мен буфеттермен саудалық залдар, аспаздық 
дүкендері, гардероб және санитарлық орындармен және т.б. вестибюль); 
әкімшілік-тұрмыстық топ кәсіпорын жұмысшыларының еңбек пен 
демалыстың қалыпты жағдайын құруға арналған (директор кабинеті
бухгалтерия, душ және санитарлық орындармен персонал гардеробы 
және т.б.); 
техникалық бөлмелер құрамына тоңазыту камераларының машина бөлімі, 
жылулық пункт, электр қорғаныс, желдету камералары кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет