К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет87/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117
Н
Е
Г
ІГ
І Б
А
Ғ
Ы
Т
Т
А
РЫ
 
Ө
нд
ір
істі
 ұйы
м
дастру
дың ғ
ы
л
ы
м
и 
нег
ізд
ерін
ің э
л
ем
ентт
ер
і
Әлеуметтік-
экономикалық: 
Экономикалық, 
әлеуметтік және 
басқа жалпы 
теориялық 
ғылымдардың 
ережелері мен 
ұсыныстары
Технико-
технологиялық: 
Инженерлік және 
математикалық 
ғылымдардың 
қорытындысы, 
техника және озық 
технология 
жетістіктері 
Құқықтық: 
Негізге алынатын 
құжаттар, құқықтық 
нормалар; технико-
экономикалық 
нормативтер мен 
нормалар 
Психофизикалық: 
Еңбек пен өндірістік 
ортаның адамға 
әсерін зерттейтін 
ғылымдардың 
ұсыныстары, еңбек 
жағдайлары бойынша 
нормативтер 
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕР 


176 
7.3. Кәсіпорында еңбекті бөлу және кооперациялау 
Экономикалық ғылымда еңбекті бөлу деп әртүрлі еңбек әрекеті түрлерін, 
жинақтық еңбек үрдісін бөліктерге бөлу және әрқайсысының жалпы 
функционалдық, кәсіби және біліктілік белгілері бойынша біріктірілген 
жұмысшылар тобымен орындалуын айтады. Еңбекті бөлу негізінде барлық 
қоғамдық еңбекті өндірістік және өндірістік емес салаларға бөлу және оларды 
одан да шағын еңбек әрекеті салаларына бөлу. Мысалы, өндірістік сала салалар 
топтарына (тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, жүк көлігі және т.б.), 
өндірістік емес сала ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, жолаушы көлігі және 
т.б. сияқты салаларға бөлінеді. Әрбір сала мен топтар жеке кәсіпорындарға, 
ұйымдарға, ұжымдарға бөлінеді. Кәсіпорын және ұйым ішінде еңбекті бөлу 
тереңдей түсіп, функционалды, кәсіби, біліктілік белгілер бойынша бөлінеді.
Еңбекті бөлудің үлкен пирамидасын реттеу үшін қоғамда оны үш түрде 
қарастырады: жалпы, жеке және бірлік. 
Еңбекті жалпы бөлу – еңбек әрекетін жалпы қоғам ауқымында өндірістік, 
өндірістік емес, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, құрылыс, көлік, саудалық, 
ғылыми, мемлекеттік басқару саласы және т.б. сияқты ірі салаларға бөлу. 
Еңбекті жеке бөлу – еңбекті әрбір сала ішінде жеке маманданған салаларға 
және кәсіпорындарға немесе ұйымдарға бөлу. 
Еңбекті бірлік бөлу еңбекті кәсіпорын ішінде бөлу, біріншіден, 
құрылымдық элементтер арасында (цехтар, учаске, бригада, бөлім), екіншіден 
жұмысшылардың кәсіби топтары арасында, үшіншіден еңбек үрдісін 
операциялық бөлу болып табылады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына қатысты сала ішінде еңбекті 
бөлу алдын-ала даярлау және толық даярлау кәсіпорындары арасындағы 
еңбекті бөлу, қоғамдық тамақтандыру маманданған кәсіпорындарын бөлу; 
кәсіпорын ішінде-бұл жұмысшылар арасында еңбекті бөлу. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны ішінде еңбекті бөлу технологиялық, 
операциялық, функционалды, біліктілік болуы мүмкін.
Еңбекті бөлудің технологиялық түрі –бұл жалпы технологиялық үрдісті, 
фазаны, кезеңді және өндірістік операцияны әртүрлі дәрежеде бөліктерге бөлу. 
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнында технологиялық үрдістердің 
дифференциялау дәрежесі кәсіпорынның нақты ұйымдастыру-техникалық 
жағдайларға, қуатқа байланысты.
Еңбекті технологиялық бөлу жартылай фабрикаттарды, өнімдерді 
өндірудің реттік кезеңдерінде, тұтынушыларға қызмет көрсетуде және т.б. 
белгілі-бір жұмыстарды орындауға негізделеді. Мысалы, шикізатты алғашқы 
өңдеу; өнімдерді жылулық өңдеу; салқын тағамдарды дайындау, даяшылар 
арасында қызмет көрсету функцияларын бөлу және т.б. 
Операциялық еңбекті бөлу – барлық өндірістік үрдісті әртүрлі 
орындаушылармен орындалатын жеке операцияларға бөлу. Еңбекті 
операциялық бөлу әдетте ірі кәсіпорындарда, жұмыс күні бойы біртекті 
жұмыспен айналысатын жұмысшылар арасында жүзеге асады. Мысалы, ірі ет 


177 
цехында операция түрлері бойынша еңбек бөлінеді (етті жіліктеу, тазалау, 
жартылай фабрикаттарды кесу, етті шабу және одан өнімдер дайындау). 
Кішігірім цехтарда жұмысшы ретімен бірнеше операцияларды орындайды, 
бірақ технологиялық үрдісті бұзуға болмайды.
Функционалды еңбекті бөлу – әртүрлі еңбек әрекеті түрлерін бөлшектеу 
және мазмұны және экономикалық мәні бойынша әртүрлі өндірістік немесе 
басқа функцияларды орындауға маманданған жұмысшылар тобымен нақты 
жұмыстарды орындау. 
Еңбекті функционалды бөлу қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары үш 
өзара байланысты функцияларды: азпаздық өнімдерді дайындау, оны өткізу 
және тұтынуды ұйымдастыруды орындауына негізделген. Әрбір осы 
функцияларды сәйкес мамандықты, әртүрлі білікті мамандар орындайды.
Осы принцип бойынша жұмысшылардың жеке топтары бөлінеді: 
әкімшілік-басқару, өндірістік, саудалық және қосымша.
Одан ары қарай бөлу әрбір кәсіби топ ішінде жүзеге асады – жұмысшылар 
біліктілігі және разряды бойынша бөлінеді. Бұндай еңбекті бөлу біліктілік бөлу 
деп аталады. Ол орындалатын жұмыстың күрделілігіне негізделген және 
жұмысшылардың 
кәсіби 
дайындық 
деңгейімен, 
олардың 
өндірістік 
тәжірибесімен, дағдыларымен және шеберлігімен тығыз байланысты.
Мысалы, жоғары білікті жұмысшылар үлкен дағдыны қажет ететін аса күрделі 
операцияларды орындайды. Мысалы VI және V разрядты аспаз міндетіне 
фирмалық тапсырысқа берілетін және порциялық тағамдар даярлау кірсе, III 
разрядты аспаз өнімдерді даярлауға көмектеседі, шикізатты алғаш өңдейді. 
Еңбекті бөлу тек барлық аусым бойы өндіріс жұмысшыларын толық 
жүктеу кезінде маңызды болып саналады.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларының еңбек 
өнімділігін арттыру үшін негізгі жұмысты қосалқы жұмыстан бөлу аса 
маңызды. Негізгі жұмысты жоғары білікті жұмысшылар орындайды. Қосалқы 
жұмысты (жүк тасу, бөлмелерді жинау, пышақ қайрау және т.б.) жұмысшылар, 
жазалаушылар және т.б. орындайды 
Жұмыс тиімділігін аттыру үшін еңбекті бөлу ғана емес, оны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет