Байланысты: Кузембаева Г., Кузембаев К Қоғамдық тамақтандыру өндірісін ұйымдастыру
7.1. Еңбекті рационалды ұйымдастыру мәні мен мақсаттары Еңбек адамдардың мақсатты әрекеті болып табылады, оның нәтижесінде
әр адамның жаәне жалпы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттндыруға
бағытталған материалды және рухни құндылықтар құрылады. Еңбек жемісті
болу үшін оны белгілі-бір ұйымдастыру қажет.
Кез-келген еңбек үрдісіне оны ұйымдастырудың белгілі-бір жүйесі тән.
Ғылым мен техника жетістіктеріне негізделіп, бірыңғай өндірістік үрдісте
техника мен адамды біріктіруге мүмкіндік беретін және материалды, еңбек
ресурстарының аз шығынында ең жақсы нәтижелерге жететін және сол кезде
еңбек өнімділігін, адам денсаулығын сақтауды арттыратын өндірісті
ұйымдастыру рационалды болып саналады.
Қоғамдық
тамақтандыру
кәсіпорындарында
еңбекті
рационалды
ұйымдастыру өндірілетін өнім сапасының, қызмет көрсету мәдениетінің,
кәсіпорын өндірісінің тиімділігі мен рентабельділігінің артуына ықпал ету
керек.
Еңбекті ғылми ұйымдастыру, оның мақсаттары, ғылыми негіздері мен
өндірісті ұйымдастырумен байланысы 7.1-суретте келтірілген. Суретте
көрсетілгендей ЕҒН үш топқа бөлінеді: экономикалық, психофизикалық және
әлеуметтік.
Экономикалық мәселенішешу техника, материалдарды, шикізаты толық
қолдануды қарастырады, өндіріс пен еңбек тиімділігінің артуына ықпал етеді.
Қоғамдық тамақтандыруда экономикалық мәселелерді шешу кезінде
кәсіпорыннның техникалық жабдықталуы, технологикалық үрдістерді кешенді
механикаландыру, жұмыс уақыты шығындарын қысқарту, жұмысшылар
біліктілігі мен жүктелу толықтылығын ескеріп жұмыс үшін рационалды
қолдану, қызмет көрсетудің прогрессивті түрлерін қолдану аса маңызды мәңге
ие болады.
Психофизикалық мәселені шешу кәсіпорында қолайлы еңбек жағдайын
құруды қарастырады, ол жұмысшылардың денсаулығының сақталуына,
шаршаудың азаюына және еңбек қабілетінің өсуіне ықпал етеді.
Әлеуметтік мәселені шешу адамның жан-жақты дамуы қамтамасыз етеді,
еңбекте өмірлік қажеттілікке айналуына ықпал етеді, жұмысында өз еңбегінің
нәтижесінде жауапкершілікті тәрбиелейді.
Бұл мәселелер өзара байланысты және кешенді шешілу тиіс.