К. Күзембаев, Г. К. Күзембаева, А.Қ. Смағұлова



Pdf көрінісі
бет96/117
Дата29.09.2022
өлшемі4,69 Mb.
#40716
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117
7.9. Еңбек тәртібін нығайту 
Қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындарында 
еңбекті 
ғылыми 
ұйымдастыруды енгізудің еңбекті шарты еңбек тәртібін нығайту және 
жұмысшылардың шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады. 
Еңбек тәртібі бірқатар мәселелерді қамтиды және еңбек технологиялы және 
өндірістік тәртіптен тұрады.
Еңбек тәртібі - өндірістегі тәртіптің негізі, ол жұмысқа уақытында шығу , 
орнатылған жұмыс күні ұзақтығын, түскі үзілісті және т.б. қадағалауды 
қарастырады. Еңбек тәртібі барлық жұмысшылардың ішкі тәртіп ережелерін, 
орнатылған міндеттерді қатаң қадағалау, барлық жұмыс уақытын өндірістік 
тапсырманы орныдауға жұмсау дегенді білдіреді.
Технологиялық тәртіп технологиялық үрдіс тәртіптерін, тағам 
рецептураларын қатаң қадағалауды, жұмыс ақауды болдырмауды, адам 
денсаулығына қауіпсіз және жоғары сапалы өнім өндіруді талап етеді. 
Өндірістік тәртіп: жұмысшылардың еңбекті қорғау, қауіпсіздік 
техникасы, өндірістік санитария мен гигиена,өрт қауіпсіздігі талаптарын 
даярлау, арнайы киім қолдану, құралдарды, жабдықтарды реттілікте ұстау
басшылық бұйрықтары мен өнімдерін орындау. 
 


191 
7.10. Кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру 
Еңбек өнімділігінің өсуі өндірісті дұрыс ұйымдастырудан, жаңа техниканы 
енгізуден ғана емес, оны басқара алуға да байланысты. Сондықтан жаңа 
техниканы енгізумен, еңбек жағдайын жақсартумен қатар жұмысшыларды 
дайындау, қайта дайындау және біліктілігін арттыру жүргізіледі. Қазіргі кезде 
қоғамдық 
тамақтандыру 
кәсіпорындары 
үшін 
барлық 
категориялы 
жұмысшылардың біліктілігін арттыну жүйесі құрылып, кең жұмыс істейді. 
Жаппай кәсіптік жұмысшылардың біліктілігін арттыру курстарда, сонымен 
қатар тікелей кәсіпорында бригадалық немесе жеке әдістермен жүргізіледі.
Жұмыс беруші жұмысшыларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілікті 
арттыруды, екінші мамандыққа оқытуды жүргізеді, ал қажет болса орта, 
жоғары кәсіби және қосымша білім беру орындарында коллективті келісім 
шартпен, еңбек келісім шартымен анықталып жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет