К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
(жұмыс  –  түбір,  -шы  –  жұрнақ),  ондай  терминдердің  дұрыс 
қабылдауынан  бұдан  былай  біз  морфологиямен  сөзжасам  арасындағы 
өзіндік табиғи талдауларды шатастырып аламыз. 
  Сөйтіп, сөзжасам дербес ғылым ретінде бөлектеніп, басқа шектес 
ғылымдардан  ара-жігін  ашып  келеді.  Б.Б.Жахинаның  ойынша, 
сөзжасам  тәсілдері  шектес  ғылымдардың  шеңберінде  қаралуға  жол 
бермеу  керек.  Бұрын  «лексикалық-семантикалық  тәсілдері  де  сөз 
мағыналарын  ауыстырудың  тәсілі    ретінде  лексикология  саласында 
қаралып  келді».  Сөзжасамға  қатысты  ерекше  сипаты,  өзіне  тән  негізгі 
қасиеті болып табылатын жаңа сөз, жаңа ұғым атауын тудыру қасиеті, 
сол  арқылы  тілдің  сөздік  құрамын  байыту  қызметі  ескерілмеді. 
Морфологияға  енбейтін  сипаттары  көлеңкеде  қалып,  проблемалық 
негізден  айырылып  қалды.  Мектепте  оқытылатын  қазақ  тілі 
сөзжасамының  тілдік  табиғатын,  тақырыптық,  лингвистикалық  негізін 
аша түсіндіру үшін, мәселенің бұл сияқты құрылымдық, семантикалық 
сипаттарын теориялық негізде айқындап алған жөн. Әрі әрқайсысының 
өзіндік  белгілері  мен  мәнін,  аясын  ашып  алу  керек.  Әйтпесе 
пракикалық  тұрғыда  оларды  дәл  танып,  ажыратып,  тиянақтап  талдап 
білімдік дағды беру қиын [1, 202].  
  Ал  дос+тық,  өнер+паз,  өн+дір+іс+тік  сияқты  сөздерді  бір  сөз 
табына  екінші  бір сөз  табының  пайда  болуы  деп  түсіндіріледі.  Немесе 
бір сөз табынан өз ішінде жаңа мағыналы сол сөз табын тудыру процесі 
деп  түсіндірілді.  Сол  арқылы  осы  сөз  табының  қатарын  өсіру  деп 
айқындалады.  


58 
 
  Байқаймыз,  сөз  тудыру  немесе  сөзжасам  проблемасынан  гөрі 
жеке сөз табын жасау, яғни грамматикалық топтар тудыру проблемасы 
болып,  соның  негізінде  лексика-семантикалық  сипаттан  гөрі,  яғни 
тілдің  лексикалық  байлығын  арттырып,  сөздік  құрамын  жаңа 
туындылармен толтыратын тілдік процесс, семантикалық құбылыс деп 
танудан гөрі, грамматикалық сипат алып, грамматикалық топтарды (сөз 
таптарын)  байытып,  қатарын  көбейтетін  грамматикалық  құбылыстың 
шеңберінде қалып отыр.  
  Соның  нәтижесінде  оқулықтар  мен  ғылыми  грамматикаларда  да, 
тіпті  арнайы  зерттеулерде  де,  әсіресе,  қосымшалар  арқылы 
(синтетикалық  тәсілмен)  сөз  жасау  амалы  жекелеген  сөз  табының 
құрамында  ғана,  яғни  сөзжасам  грамматикалық  топ  жасау,  сөз 
таптарын  жасау,  сөйтіп,  лексика-семантикалық  құбылыс  емес, 
грамматикалық,  немесе  грамматика-семантикалық  құбылыс  ретінде 
қаралып  келді.  Тіпті  қосымшалардың  өзі  мектеп  оқулықтарында  да, 
ғылыми  еңбектерде  де  сөз  табына  және  оның  түріне  қарай  жіктеліп 
отырады.  Мысалы,  есім  сөздерден  зат  есім  тудыратын  жұрнақтар 
немесе  зат  есімнен  (сын  есімнен,  сан  есімнен  т.б.)  зат  есім  тудыратын 
жұрнақтар,  етістіктен  зат  есім  тудыратын  жұрнақтар,  сондай-ақ  есім 
сөздерден  сын  есім  (үстеу)  тудыратын  немесе  етістіктен  сын  есім 
(үстеу)  тудыратын  жұрнақтар  және  есім  сөздерден  (зат  есім,  сын  есім, 
т.б.) етістік тудыратын жұрнақтар т.т. [1, 203].  
  Қорыта  айтқанда,  сөзжасам  дербес  ғылым.  Оның  мақсат-міндеті 
бөлек, жеке зерттеу объектісі бар, тілдің өзгеше қабаты болғандықтан, 
оның  тілдің  негізгі  бір  саласы  ретіне  қарастырылуы  –  заңдылық  [1, 
201].  
  Сөйтіп, сөзжасам – қазақ тіл білімінің жеке ғылым саласы ретінде 
дамып  келеді,  бірақ,  өкінішке  орай,  терминологиялық  ақпараты, 
сөзжасам тәсілдері әлі толық зерттелінбеген.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет