К. М. Абишева, С. К. Омарова


Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі



Pdf көрінісі
бет35/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Сөзжасам тәсілдерінің зерттелуі 
 
Сөзжасам тәсілдері көне заманнан бері сөз жасауда қолданылатын 
негізгі  әдістер  ретінде  сипатталады.  Көне  түрік  ескерткіштерінде 
сөзжасамның  синтетикалық,  аналитикалық,  семантикалық  тәсілдері 
кеңінен  пайдаланған.  Ғ.  Айдаровтың  пайымдауынша,  көне  жазба 
ескерткіштер  тілінде  негізгі  түбір  сөздермен  қатар,  туынды  сөздер 
болғаны  белгілі.  Олар:  «туынды  түбір»,  «күрделі  сөз»,  «бір  сөздің 
бірнеше  мағынада  қолданылуы»  түрінде  кездеседі.  Басқаша  айтқанда, 
көне  жазба  ескерткіштер  тілінде  жаңа  сөз  жұрнақтар  арқылы (тір-іг, 
біл-іг, 
ур-уш, 
иел-ме, өт-унч), сөздердің 
тіркесуі 
арқылы 
жасалған (күнтүз, 
Темір-қапығ, Қара-құм, 
Ілтеріс, арқыш-тіркес, 
секіз он,  йеті  йуз) [13,157].  Орхон  ескерткіштерінде  семантикалық 
тәсіл  арқылы  жасалған  сөздер  де  кездеседі,  қараңыз: [кат\ 1)  қабат, 


59 
 
қатар, 2) жеміс, 3) жануардың аты, 4) қату, 5) араластыру. Келтірілген 
мысалдар 
көне 
түркі 
тілінде 
сөзжасамның 
морфологиялық, 
синтаксистік,  семантикалық  тәсілдері  болғанын  анық  көрсетіп  тұр.  Ғ. 
Айдаров  жазба  ескерткіштер  тілінде  сөзжасам  тәсілдерінің  түрлілігін, 
оның тілдің даму тарихында біртіндеп қалыптасқанын айтады [13]. 
  Қазіргі  түркі  тілдерінде  көне  түркі  тілдеріндегі  қолданған 
сөзжасам жүйесі сол қалпында қалмаған. Сөзжасамдық тәсілдер жүйесі 
ретінде  көне  заманнан  бері  қолданып,  көне  түркі  тілінен  бастау 
алғанмен,  бүгінгі  күнде  өзгеріп,  күнделенген  сөзжасамдық  тәсілдер 
жүйесі  ретінде  ұзақ  уақыт  қалыптасқан,  өз  құрамына  жаңа 
сөзжасамдық  жұрнақтарды,  басқа  тәсілдер  түрін  қосқан.  Егерде  көне 
заманда,  ескерткіштердің материалына  қарағанда,  негізгі  сөзжасамдық 
тәсіл  морфологиялық    тәсіл  болса,  қазіргі  сөзжасамда  сан-алуан 
тәсілдер  қолданылады.  Егер  көне  замандағы  сөзжасамда  санаулы 
жұрнақтар  ғана  қолданса,  бүгінгі  күндегі  қазақ  тілі  сөз  тудырушы 
жұрнақтарға  өте  бай,  олардың  саны  үнемі  тілдің  даму  барысында 
толтырылып отырған.  
Ф.А. Ганиевтің «Словообразование» (2000), «Словообразование по 
конверсии»  (2004);        Н.Э.  Гаджиахмедовтің  «Словоизменительные 
категории  имени  и  глагола  в  кумыкском  языке»  (2000),  А.В. 
Есипованың  «Тюркское  словообразование  как  языковая  система» 
(2011)  еңбектерін атауға болады. 
Сөзжасам тәсілдерін зерттеуде қомақты үлес қосқан ғалымдардың 
ішінде В.В.Виноградовты, Г.О.Винокурды, Е.А.Земскаяны, Ғ.Айдарды, 
А.  Байтұрсынұлын,  Қ.Жұбановты,  С.Кеңесбаевты,  М.  Балакаевты, 
Н.Оралбаеваны,  А.Қалыбаеваны,  Н.  Сауранбаевты,  А.  Салқынбайды, 
Қ.Есеновты, С. Нұрқатовты, Ш. Құрманбайдың, Ж.Отарбекованы, Г.К. 
Абдимажитованы,  Г.К.  Абдирасилованы,  т.б.  атауға  болады.  
Ғалымдардың пайымдауынша, жұрнақтардың сөзжасадық пәрменділігі, 
біріншіден,  олардың  санының  көбеюімен  байланысты,  мәселен  қазіргі 
қазақ  тілінде  180  нен  астам  жұрнақтар  бар.  Солардың  ішінде:  -а 
(жаз/ағ/, жыр/а, -ай маң/ай; -ақ, жат/ақ; -ан, От/ан; -ана, жұқ/ана; - 
анақ,  шығ(қ)/анақ;  -аң,  Тоз/аң;  -  ар,  Жан/ар;  -ат,  қыр/ат;  -арт, 
муз/арт;  -ау,  қыл/ау;  -аушы,  жол/аушы;  -  ауыл,  сыр(ы)қ/аул;  -аш, 
Бақыр/аш;  -ашақ,  бол/ашақ;  -ба,  қаз/ба;  -бақ,  жұм/бақ;  -бан, 
мейір/бан;  -бе,  сүз/бе;  -  бек,  Дөң/бек;  -ге,  бүр/ге;  -гей,  Күн/гей;  -  гек, 
Жел/гек;  -  ген,  Жеті/ген;  -гер,  қалам/гер;  -гі,  сүр/гі;  -гін,  сүр/гін;  -гір, 
Дүң/гір;  -  гіш,  іл/гіш;  -ғақ,  жар/ғақ;  -ғай,  найза/ғай;  -  ғалдақ, 
сары/ғалдақ;  -ғы,  Бұр/ғы;  -ғын,  құ/ғын;  -ғыш,  қыр/ғыш;  -дама, 
тұжырым/дама;  -дас,  заман/дас;  -дек,  кеңір/дек;  -демеғ  мінез/деме;  -
дес, күн/дес; -деу, күз/деу; -дық, адал/дық; -дік, бел/дік; -ек, күз/ек т.б. 
Екіншіден,  қосымшалардың  мағына  жағынан  дамуы.  Бұл  процесс 
ерте  басталған,  мәселен  ығ/іғ  жұрнағы  көне  жазба    ескерткіштерінің 
өзінде  көпмағыналы  болған,  қараңыз:  біліг  сөзінде  іг  жұрнағы  заттық 


60 
 
ұғым  жасаса,  үчуг  сөзінде  жанды  зат  туралы  ұғым  білдірген  бітіг 
сөзінде  жазу,  жазба  деген  ұғымдарды  білдірген.  А.  Есенқұловтың 
«Көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  қосымшалар  еңбегінде»  [14]  
дық,  -тік,  -ыс,  -іс,  -с,  -лық  жұрнақтарының  көне  дәуірден  бері 
көпмағыналы  болғаны  дәлелденген;  қараңыз  –дық  жұрнағының 
көпмағыналылығын  түрлі  атауларды  жасауға  қолданылатыны 
дәлелдейді: 1) үй заттарының атын атау: орындық, сандық, қазандық; 2) 
өсімдіктерге  қатысты  атаулар:  егіндік,  шабындық;  3)  географиялық 
атаулар:  терістік,  оңтүстік;  4)  киіз  үй  жабдықтары:  белдік,  желдік, 
түндік;  5)  тағам  аты:  тұздық;  6)  оқуға  байланысты  атаулар:  көптік, 
септік,  тәуелдік,  оқулық,  сөздік;  7)  салтпен  байланысты  атаулар: 
қалыңдық,  көрімдік;  8)  дерексіз  заттық  ұғымдарды  атау:  шындық, 
шаттық, достық, жастық, озбырлық  [14]. 
-Ыс, -і, -с жұрнақтары тарихи тұрғыдан алғанда, олардың алғашқы 
бір  қосымша  екені  белгілі.  Ортақ  етістің  жұрнағы  өз  мағынасының 
үстіне  заттық  мағына  білдіретін  болып,  тағы  бір  мағынасының  үстіне 
заттық  мағынаны  білдірумен  қатар,  тағы  бір  мағына  қосып  алған. 
Сөйтіп,  оның  мағынасы  кеңейген,  екі  сөз  табының  керсеткіші 
дәрежесіне  жеткен.  Егер  де  оның  мағынасында  өзгеріс  болмаса, 
бурынғы  мағынаның  устіне  тағы  бір  мағына  қосылып,  оның 
семантикалық жүгі артпаса, ол тілде екі қосымша болып танылмас еді. 
Сөйтіп,  бұл  арада  -ыс  морфемасының  мағынасының,  кеңеюі  арқылы 
зат  есімнің  -ыс  жұрнағы  қалыптасып,  тілге  ол  жаңа  қосымша  ретінде 
қосылған.  Мұның  барлығы  синтетикалық  тәсілдің  күрделеніп 
отырғанын көрсетеді[14,108]. 
Белгілі  ғалым  А.  Байтұрсынұлы  қазақ  тілінің  сөзжасам  тәсілдерін 
анықтауда  маңызды  рөл  атқарған.  Ол  тәсілдерді  термин  жасауда 
пайдаланудың  жарқын  үлгісін  көрсеткендігін  оның  қаламынан 
туындаған  терминдері  дәлелдейді.  Мәселен,  «буыншы»,  «бастауыш», 
«жалғаулық»,  «есімдік»  тәрізді  көптеген  терминдері  морфологиялық 
тәсілмен жасалған [15]. 
Қосымшаларды  жалғастыру  арқылы  жаңа  сөз  жасау  А. 
Байтұрсынұлы,  Қ.  Жұбанов  ғалымдарымыздың  еңбектерінде  бастау 
алғалы  белгілі,  мәселен,    жұрнағы  етістің  қимыл  атау  формасын 
атайды.  Мысалы:  бейімдеу,  оқшалау,  сәулелеу,  тасымалдау,  үйректеу 
т.б. Заттық ұғым мен процесстік ұғымды ұштастырып тұратын мұндай 
терминдерді  жасау  А.  Байтұрсынұлынан  бастау  алып,  бүгінгі  қазақ 
терминологиясындағы термин жасаудың өнімді бір үлесіне айналғанын 
аңғарамыз. 
У жұрнағы тек –да/-де тұлғалы етістіктерде ғана емес, - тан/-тен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет