К. М. Абишева, С. К. Омарова



Pdf көрінісі
бет6/82
Дата06.01.2022
өлшемі2,13 Mb.
#16499
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Тіл-ғылымының-зерттелу-тарихы-Омарова-СК-1

Дыбо  Анна  Владимировна    (1959)  -  филология  ғылдарының 
докторы,  профессор,  РҒА  тілшілер  мүшесі.  Ресей  түркітану  комитеті 
төрағасының  орынбасары,  «Орал-алтай  зерттеулері»  журналының  бас 
редакторы,  «Тілдік  туыстығы  мәселесі»  (Мәскеу),  «Вестник  РГТУ  – 
лингвистика»  (Мәскеу),  «Ресей  түркітану»  (Мәскеу-Қазан)  және  т.б. 
журналдардың редакциялық алқасының мүшесі. 
Ол  –  130-дай  жарық  көрген  ғылыми  еңбектердің    (орыс, 
ағылшын,  француз,  неміс,  түрік  тілдерінде)  авторы,  оның  ішінде  11 
монографиясы  мен  сөздігі  бар.  А.В.Дыбоның  ғылыми  зерттеу  аясы:  
салыстырмалы-тарихи  тіл  білімі,  бірінші  кезекте  этимология, 
салыстырмалы-тарихи 
фонетика, 
семантикалық 
типология, 
этнолингвистика, 
алтаистика, 
уралистика, 
славистика, 
индоевропеистика,  ностратика.  Оның  зерттеу  еңбектері  тарихи 
лингвогеографияға да арналған, алтай тілінен славян тіліне енген кірме 
сөздер, түрік-парсы және орал-алтай тілдерінің байланысы, метрология 
саласындағы 
этномәдени 
 
изоглоссалар. 
Ол 
түркі 
тілдері 
просодикасында    жоғалып    бара  жатқан  фонологиялық  қарама-
қарсылықты қалыптастыру бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді. Оның 
алтай  тілдері  салыстырмалы-тарихи  фонетикасында,  түркі,  моңгол 
және  тунгус-манчжур  тілдері  тарихи  фонетикасында    жаңа 
тұжырымдары  ұсынылды,  сонымен  қатар  түркі  тілдері  тарихи 
морфологиясы  саласындағы  да  әзірлемелері  ғылыми  қауымның 
қызығушылығын тудырды. 



 
          Ф.А.  Ганиев  татар  тілінің  сақталуы    мен    дамуына,  татар 
орфографиясы  мен  жазбалары  мәселелерін    зерттеуде  айтулы  үлес 
қосты. 
          Ф.А.  Ганиевтің  «Фонетическое  словообразование  в  татарском 
языке»  (1973),  «Суффиксальное  словообразование  в  татарском 
литературном языке» (1974), «Вопросы морфологии татарского языка» 
(1980),  «Образование  сложных  слов  в  татарском  языке»  атты  (1982) 
еңбектері  түрік  тіліне  аударылды,  (Анкара,  2010),  «Конверсия  в 
татарском языке» (1985), «Татарский язык. Проблемы и исследования» 
(2000),  «Образование  сложных  слов»  (2002),  «Современный  татарский 
литературный язык. Словообразование по конверсии» (2004) және тағы 
басқа  монографиялары  баспадан  шықты.  Түріктер  жағынан 
шақырылған  Ф.А.Ганиев  «Түркі  тілдерінің  жалпы  грамматикасы» 
деген  екі  томдықты  дайындауға  қатысты.  Оның  «Словообразование  в 
татарском языке» атты жоғарғы оқу орнына арналған оқулығы (Анкара, 
2013)  Түрік  Республикасының  жоғарғы  оқу  орындарында  кеңінен 
пайдаланады. Ғалым татар және түрік лексикографиясына өзіндік  үлес 
қосты.  Ол  –  төрт  томдық  «Орыс-татар  сөздігі»  (1971),  бір  томдық 
«Татар-орыс  сөздігінің»  (1966)  қосалқы  авторы.  Оның  ғылыми 
жетекшілігі,  редакциялығы    және  қатысуымен:  «Татар-орыс  сөздігі» 
(Қазан,  4  рет  басылған),  «Орыс-татар  сөздігі»  (Мәскеу-Қазан,  3рет 
басылған) жарық көрген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет