К. М. Нагымжанова



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата02.05.2023
өлшемі0,93 Mb.
#88967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Зерттеу әдістері 
Зерттеу жұмысымызда «Студенттердің жетістікке жету мотивациясы олардың 
болашақ мамандығына сай имиджін қалыптастыруға әсер етеді» деген болжамымызды 
тексеру мақсатында келесі әлеуметтік-психологиялық әдістерді жүргіздік: 
- «Студенттердің өз имиджін жасауға қатынасы» анкетасы; 
- Тұлғаның жетістікке жету мотивациясын диагностикалау (Т. Элерс сауалнамасы); 
- Тұлғаның жетістікке жету қажеттіліктерін өлшеу сауалнамасы (Ю. Орлов 
сауалнамасы). 
Эксперименталды зерттеу жұмысының міндеттері: 
- Анкета әдісі арқылы студенттердің өз имидждерін жасауға қатынасын анықтау; 
- Студенттерді өз имимджін жасауға қатынастары бойынша зерттеу жұмысының 
талаптарына сай іріктеу; 
- Іріктеп алынған респонденттердің жетістікке жету мотивациясын диагностикалау; 
- Эксперименталды зерттеу нәтижелерін өңдеу, сапалық және сандық тұрғыда 
талдау. 
Зерттеу базасы: «Тұран - Астана» университетінің 3 және 4 – курс студенттері. 
Эмпирикалық зерттеу жұмысы 3- кезеңнен құралды: 
- 1-кезең. Респонденттерді іріктеу кезеңі – студенттердің имимдж ұғымына 
қатынасын анықтау мақсатында арнайы құрастырылған анкета әдістемесі арқылы зерттеу 
жұмысының талаптары мен шарттарына жауап беретін студенттерді іріктеп, 
салыстырмалы екі зерттеу тобын құру; 
- 2-кезең. Зерттеу жұмысының гипотезасын тексеру үшін Тұлғаның жетістікке жету 
мотивациясын диагностикалау (Т. Элерс сауалнамасы) мен студенттердің жетістікке жету 
қажеттіліктерін өлшеу сауалнамасын өткізу; 
- 3-кезең. Зерттеу жұмысының гипотезасын тексеру үшін алынған нәтижелерді 
математикалық әдіс арқылы талдау.
Эксперименталды әдістер респонденттерге индивидуалды түрде онлайн формада 
(google форма және https://testometrika.com/ сайты) жүргізілді.
Әдістемелер жайлы ақпарат: 
«Студенттердің өз имиджін жасауға қатынасы» анкетасы. Анкета студенттердің 
имидж ұғымына қатынасын, олар үшін имидждің маңыздылығын анықтауға көмектесетін 
8 сұрақтан тұрады. 
Анкета әдістемесінің нәтижелерін талдайтын болсақ, «Сіз үшін имидж» - деген 
сұраққа қатысушылардың 55%-ы (68) «өзін-өзі көрсету тәсілі» - деп жауап берген, 15%-ы 
(18) «белгілі бір топқа жататындығын анықтайды» - деп жауап берген болса, қалған 30%-
ы (38) имидждің маңызды еместігін көрсеткен (1-сурет). 


Сурет 1 – анкета әдістемесінің 1-сұрағы бойынша респонденттердің жауабы 
«Сіздің ойыңызша, табысты студенттің пайда болуы нені білдіреді?» - деген сұраққа 
қатысушылардың 49% (60) «сыртқы және ішкі әлемнің үйлесімі», 21% (26) «болашақ 
маманның жетекші рөлі ретінде даралықтың көрінісі», 30% (38) «өзін-өзі көрсете білу
сондай-ақ адамдармен өзара әрекеттесуге дайын болу және жағдайға сәйкес өз мәнін 
көрсету» (2- сурет). 
Сурет 2 – анкета әдістемесінің 9-сұрағы бойынша респонденттердің жауабы 
Анкета әдістемесін талдай отырып біз зерттеу талаптарына сай келетін 
респонденттерді іріктеп алдық. Біздің зерттеу жұмысымызға өз имиджін қадағалайтын
қалыптастыратын, имимджді маңызды деп санайтын А зерттеу тобы мен имиджді 
маңызды емес деп білетін Б зерттеу тобы қатысады. Екі топта да қатысушылар саны 26, 
жалпы алғанда іріктеліп алынған респонденттер саны 52.
Келесі кезең бойынша біз зерттеу жұмысының басында жасалған: «Студенттердің 
жетістікке жету мотивациясы олардың болашақ мамандығына сай имиджін 
қалыптастыруға әсер етеді» деген болжаммызды нақтылау үшін екі зерттеу тобына да 
бірінші кезекте Т. Элерстің тұлғаның жетістікке жету мотивациясын диагностикалайтын 
әдістемесін жүргіздік. 
Тұлғаның жетістікке жету мотивациясын диагностикалауда Т.Элерс әдісі келесі 
жағдаяттарға негізделеді: жетістікке жету мотивациясы жоғары тұлғалар тәеуекелге бел 
буудың орта және төмен деңгейімен және жоғары тәуекелдік жағдайлардан қашуымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет