Кайкенова А. М., Даутова Ж. О. Мемлекеттік тілде ісқАҒаздарын жүргізу пәнінен дәрістер жинағЫ



бет34/64
Дата26.12.2023
өлшемі0,68 Mb.
#143310
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64
Байланысты:
Делопроизводство ВКГК им.Абая 2021 г.

Жеке еңбек шартының үлгісі

№ ______ ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ 


Алматы қаласы 2007 жылғы 27 қазан 
«Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрi – Жалдаушы деп аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор ___________________ арқылы, бiр жағынан және азамат ______________________________, бұдан әрi – Қызметкер деп аталады, екiншi жағынан, бұдан әрі –Тараптар деп аталады, төмендегі жайында осы Жеке еңбек шартын (бұдан әрі – Шарт) жасады:


1. Шарттың мәні 
1.1. Тараптар Жалдаушының Әкімшілік бөлімінің бас маманы қызметінеҚызметкер жалдау туралы осы Шартты жасады.
1.2. Жалдаушы осы Шартқа сәйкес жалдайды және ақы төлейді, ал Қызметкер осы Шарттың талаптарында белгіленген жұмысты орындауға міндеттенеді.
1.3. Осы Шарт еңбек қатынастарын және соған байланысты осы Шарттың талаптары мен міндеттемелерін орындау барысында белгілі бір жұмысты жүзеге асыруға байланысты Тараптар арасында пайда болатын басқа да құқықтық қатынастарды реттейді.
2. Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері 
2.1. Қызметкердің:
1) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заң актілеріне, Жалдаушының нормативтік құқықтық актілеріне және осы Шарттың талаптарына сәйкес еңбек ақысының уақтылы төленуіне;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде басқа нәрсе ескерілмеген болса, кәсіподақтарға немесе басқа қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға;
3) дем алуға;
4) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларды алуға;
5) еңбек дауларын Тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен шешуге;
6) Жалдаушының еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;
7) Республиканың азаматтарына Конституция және Қазақстан Республикасының заң актілері кепілдік берген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
8) белгіленген тәртіппен өзінің қызметтік міндетін атқаруға қажетті ақпаратты және материалдарды алуға;
9) біліктілігі мен қабілетін, еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін адал атқаратынын ескере отырып, қызметте жоғарылауға;
10) Қызметкердің пікірі бойынша ешбір негізсіз айып тағылған жағдайда, Жалдаушыдан қызметіне тергеу жүргізуді талап етуге;
11) еңбегін, денсаулығын қорғауға, қауіпсіз және жоғары өнімді жұмысқа қажетті еңбек етерлік жағдай жасауды талап етуге;
12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақымен және әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етілуге;
13) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазымды тұлғаларына жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге;
14) (лауазымы) жұмыс орны және орташа жалақысы сақталатын, денсаулық түзеу үшін дифференциясы ескерілген екі лауазымдық жалақымөлшерінде жәрдем ақшасы төленетін, мереке күндерін есептемегенде ұзақтығы 30күнтізбелік күндік жыл сайынғы еңбек демалысын алуға. Қызметкерге жыл сайынғы ақылы демалысты қалауы бойынша бөліп-бөліп беруге болады;
15) Жалдаушының қарамағындағы әлеуметтік-мәдени мекемелерді пайдалануға;
16) еңбек ету (қызмет ету) міндетін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға;
17) Жалдаушының жоғары дәрежелі лауазым иесінен Қызметкердің атқаратын қызметіне сәйкес міндеттерін және өзінің өкілеттіктерінің көлемін дәл белгілеп беруді талап етуге;
18) жеке басын сыйлауын, Жалдаушының лауазым иелерінің өзіне әділ және құрметпен қарауын талап етуге;
19) денсаулығына немесе мүлкіне келген зиянның, сондай-ақ еңбек ету (қызмет ету) міндеттерін атқаруға байланысты науқастығының немесе еңбек ету қабілетін жоғалтудың орнын толтыруға;
20) осы Шарттың және еңбек туралы заңдардың талаптарына сәйкес Шарттың талаптарын өзгертуге және оны мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет