Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет16/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар 
 
1. Ғылыми зерттеу жҧмысының педагогика ғылымының, мектептің 
жҧмысының   
     және мҧғалім тҧлғасының дамуына қандай ҥлес қосады? 
2. Педагогиканың әдіснамасы ҧғымына анықтама беріңіздер. 
Педагогикалық зерттеу әдіснамасының негізгі аспектілерін атаңыз. 
3. Педагогика әдіснамасының принциптері бойынша кесте толтырыңыз. 
 
№ 
Принцип атауы 
Мәні 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
4.   Педагогиканың әдіснамалық амалдарын атаңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


27
 
 
    3. Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негіздері 
 
1.  Матералистік диалектика  зерттеудің дәстүрлі жалпығылымдық   
     әдіснамалық негізі 
2.    Гносеология  ғылыми  зерттеудің  жалпығылымдық  әдіснамалық 
негізі 
3.  Логикалық заңдар және ойлаудың логикалық формалары ғылыми     
     зерттеудің әдіснамалық негізі 
 
1. Матералистік диалектика  зерттеудің дәстүрлі жалпығылымдық 
әдіснамалық негізі. 
       Диалектика ғылымның әдіснамалық негізі болатындығын тҥсіну ҥшін 
диалектиканың не екендігін еске тҥсіру керек. 
       Философиялық  сӛздіктердің  бірінде  диалектика  табиғат,  қоғам  мен 
сана  дамуының  жалпы  заңдары,  ақиқат  қҧбылыстың  ішкі  қарама-
қарсылықтарынан туындайтын ӛзіндік қозғалысты танудың теориясы мен 
әдісі деп анықтама берілген. 
       Алғашында  диалектика  термині  әңгіме  жҥргізу,  дәлелдер  келтіру, 
бәсекелесу  ӛнері,  қарама-қарсы  пікірлердің  қақтығысы  деген  тҥсінікте 
қолданылған. 
       Сонымен  бірге,  диалектика  ақиқат  болмыстың  жалпы  қасиеттерін 
зерттейтін ғылым екендігі де белгілі. Ақиқат болмыстың жалпы қасиетіне 
барлық тіршіліктің жалпы байланысы жатады. Осы тҧрғыдан келгенде кез 
келген  қҧбылысты,  мейлі  ол  ғылыми  зерттеуде  болсын,  білім  саласында 
болсын  ортақ  байланыста  және  ортақ  шарттылықта  алып  қараған  жӛн. 
Табиғат,  қоғам,  сана  мен  танымдағы  барлық  процестерге  тән  болған 
жалпы  қасиеттерге  себеп-салдарлық  (ішкі,  сыртқы,  нақты  және  дерексіз) 
байланыстар жатады. 
       Осы  байланыстарға  тиісті  диалектикалық  заңдардың  негізгілері 
мыналар: 
1) ішкі  тербелістердің  (импульстердің),  дамудың  себебін  ашатын  және 
диалектиканың  ядросы  болып  табылатын  қарама-қарсылықтардың 
кҥресі мен бірлік заңы; 
2) ішкі қасиеттерге әсер етуші тҥбегейлі ӛзгерістердің дамуын белгілейтін 
мӛлшерлік және сапалық ӛзгерістердің ӛзара ауысу заңы; 
3) терістеуді терістеу заңы, бҧл заң дамудың ҥздіксіздігі мен ілгерілемелі, 
ӛрістеуші  мәнін  ашады.  Терістеу  дегеніміз  –  белгілі  бір  зат  пен 
қҧбылыстың қайшылықтарын ашу, оларды шешудің жолдарын анықтау, 
жаңа    сапаның  пайда  болуына  мҥмкіндік  туғызу.  Осыған  лайық,  даму 
жай қалыптан кҥрделіге, тӛменнен жоғары қарай ӛрлейді. 
Диалектика заңы – бҧл тек материалдық дҥниенің даму заңдары ғана 
емес,  сонымен бірге адамзат танымының, ғылыми зерттеудің де заңдары. 


28
 
 
Негізгі заңдар диалектика категорияларында кӛрінетін заңдылықтар және 
болмыс пен қҧбылыстың, қажеттілік пен кездейсоқтықтың, мҥмкіндік пен 
ақиқаттың,  себеп  пен  салдардың,  т.б.  байланыстарын  ашатын  заңдармен 
нақтыланып, 
толығып 
отырады. 
Адам 
қҧбылысты 
барлық 
байланыстарымен,  қатынастарымен,  ортақ  ауысуларымен,  қарама-
қарсылықтарымен  танып-білуі  ҥшін,  оның  санасында  пайда  болатын 
тҥсініктер  соншалықты  қарама-қарсы,  ӛзгермелі,  қозғалысшыл  болуы 
тиіс.  Сондықтан  диалектика  бір  кезеңде  таным  теориясы  және 
диалектикалық қисын (логика) да болады. Ол – тек таным негізі ғана емес, 
сонымен қатар сәтті тәжірибелік қызмет те. 
Жоғарыда біз диалектиканың кез келген қҧбылысты ортақ байланыс 
пен  ортақ  шарттылықта  алып  қарайтынын  айтқан  едік.  Ал  енді  мысал 
ретінде  кӛз  алдымызға  педагогикалық  процесте,  оқу  мен  тәрбие 
процесінде,  білімдендіруде  қаншалықты  ӛзара  байланыстардың,  ӛзара 
тәуелділіктің, заңдылықтардың бар екендігін елестетейікші.  
Осы  жағдайға  қатысты  атақты  жаңашыл-ҧстаз  В.Ф.  Шаталовтың 
«педагогика  ӛте  кҥрделі  ғылым,  оның  кҥрделілігі  жҥз  мыңдаған 
бӛлшектерінің  бас  қатыратын  ӛзара  байланыстарында  жатыр»  деген 
сӛздерін келтіруге болады. 
Ал  бҧдан  алдын  А.С.  Макаренко  да  осы  жайлы  айта  келіп, 
«педагогика – нағыз диалектикалық, қозғалысшыл, ӛте кҥрделі және жан-
жақты ғылым» деп баға берген еді. 
Диалектика  заңдарына  қайта  оралайық.  Материалдық  диалектика, 
жоғарыда  айтқанымыздай,  ӛзінің  даму  кӛздерін  қарама-қарсылықтардың 
бірлігі  мен  кҥресінен  іздейді.  Бҧл  заң  қарама-қарсылықтарды  шешуде 
айқын  кӛрінеді,  яғни  дамудың  (табиғаттың,  қоғамның,  сананың,  адам 
танымының, т.б.) қозғаушы кҥші осы қарама-қарсылықтарда және оларды 
шешуде жатыр. 
Мысалы,  мектептегі  оқу  мен  тәрбиеде  қандай  нақты  қарама-
қарсылықтар орын алады? Солардың кейбіріне тоқтала кетейік: 
1)  оқушының  мҥмкіндігі  мен  оған  қойылатын  талаптар  арасындағы 
қайшылықтар; 
2)  оқушының оқуға болған ынта-жігері, талап-тілегі және осы талаптарды 
қанағаттандыруға  сәйкес  келмейтін  мҧғалімнің  біліктілік  деңгейі 
арасындағы қайшылықтар; 
3)  оқушының тілегі мен мҥмкіндігі арасындағы қарама-қарсылықтар; 
4)  оқуға қойылатын талаптар мен оқуға болған селқостық. 
Осы  барлық  қарама-қарсылықтарды  шешу,  жою  істерін  толық  қолға 
алғанда ғана ол дамудың қозғаушы кҥшіне айналады. 
Мектептің  оқу-тәрбие  істерінде  әрдайым  бҧдан  басқа  да  қарама-
қарсылықтар  туындап  отырады.  Мысалы,  жаңа  танымдық  мәселелер, 


29
 
 
жаңа  талаптар  мен  оларды  шешуге  арналған  қҧралдар  арасындағы 
қарама-қарсылықтар. 
Мҧндай қарама-қарсылықтарды шешу кӛптеген факторларға тәуелді: 
1)  мҧғалімнің педагогикалық шеберлігіне; 
2)  білімнің  мазмҧны  мен  білім  мазмҧны  теориясының  орындалу 
дәрежесіне; 
3)  оқу  әдістері  теориясының  дайындық  деңгейі  мен  педагогтың  оларды 
тиімді қолдана білуіне; 
4)  педагогикалық қабілет теориясының дайындық деңгейі мен мҧғалімнің 
оларды игеру дәрежесіне; 
5)  мҧғалімнің жеке қасиеттеріне. 
Диалектиканың келесі негізгі заңдарының бірі – мӛлшерлік ӛзгерістен 
сапалық  ӛзгеріске  ауысу  заңы  және  керісінше.  Бҧл  заң  дамудың  сыртқы 
ӛзгерістерін емес, ал ішкі қасиеттерінің ӛзгерісін белгілейді. 
Оқу  мен  тәрбие  істерінде  бҧл  жалпыфилософиялық  заң  қалай 
кӛрінеді? 
Мысалы,  оқылып  жатқан  материал  есте  сақталуы  ҥшін  оқушы  оны 
бірнеше  рет  қайталап,  бекітуі  тиіс.  Егер  тәжірибеде  қолдану  қажеттілігі 
туа  қалса,  онда  ол  белгілі  бір  сапаға  жеткенше  бірнеше  жаттығулар  мен 
мәселелерді  орындауы  керек.  Осылайша  жыл  сайын  белгіленген 
бағдарламаға  сәйкес  білім,  шеберлік  және  дағды  мӛлшерін  сәтті  игеру 
нәтижесінде оқушылардың білім деңгейінің сапасы ӛзгереді. 
Осы  негізгі  екі  заңмен  тығыз  байланыста  болатын  ҥшінші  заң  – 
терістеуді  терістеу  заңы.  Осыған  орай  даму  жай  қалыптан  кҥрделіге 
ауысады. 
Әр нәрсе ӛзінен бҧрынғы басқа бір нәрсенің негізінде пайда болады. 
Яғни, жаңа ескінің негізінде дҥниеге келеді. Жаңа мен ескі қарама-қарсы. 
Олардың  кҥресі  барысында  жаңа  ескіні  жеңеді,  басқаша  айтқанда,  жаңа 
ескіні теріске шығарады. Ескінің негізінде және онымен кҥрес барысында 
жеңе  отырып,  жаңаның  пайда  болуын  терістеу  деп  атайды.  Сӛйтіп, 
обьектінің ӛздігінен дамуы барысында ескі сапаның жаңа сапамен ауысуы 
заңды  процесс  болады,  диалектикалық  терістеу  дегеніміз  міне,  осы. 
Диалектикалық терістеу – дамудың шарты, әрбір сәті, сондай-ақ ескі мен 
жаңаның арасындағы дәнекері. 
Эволюция  процесінде  жануарлар  мен  ӛсімдіктердің  барлық  тҥрі 
бҧрын болған тҥрлерден белгілі бір қасиеттерді сақтап қалып отырған. Ал 
қоғамдық  дамуда  бір  ӛндірістік  қатынастың  орнын  екіншісі  ауыстырып 
отырады, бірақ ӛндіруші кҥштер сол қалпында сақталып, жаңа ӛндірістік 
қатынастың  дамуына  жағдай  жасайды.  Әр  бір  жаңа  басқыш,  жаңа  белгі 
қандай  да  бір  уақытта  ескіреді,  тозады  және  ӛз  кезегінде  терістеуге 
ҧшырайды,  яғни  тӛмен  деңгейдің  орнын  едәуір  жетілген  жаңа  жоғары 
даму сатысы ауыстырады. 


30
 
 
Педагогикалық  ғылым  мен  тәжірибеде,  білім  беру  процесінде 
терістеуді терістеуге оқушылардың ӛзекті даму деңгейінің жақын арадағы 
даму  аймағымен  ауыстырылуын  мысалға  келтіруге  болады.  Бҧл  дәстҥрлі 
оқумен  бір  қатарда  мемлекеттік  білім  беру  мәртебесін  алған,  бастауыш 
білімге  бәсекелес  болып  отырған  Л.В.  Занковтың  дамыта  оқытуының 
дидактикалық жҥйесінің базалық тҥсініктері болып табылады. 
Алғашында жақын жылдардағы даму идеясын белгілі кеңес ғалымы 
Л.С.  Выготский  ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  ҧсынған  еді.  Осы  идея 
тҥбегейлі теориялық және тәжірибелік зерттеулерде (белгілі кеңес ғалым-
педагогтары  Л.В.  Занковтың,  В.В.  Давыдовтың  және  Д.Б.  Эльконның) 
дамытылды. 
Бҧл  идея  бойынша,  оқушы  әрқашан  жеңуге  болатын  ақыл-ой 
қиындықтарын, жаңаша әрекет тәсілдерін игеру қажеттігін сезінуі тиіс. Ол 
ҥшін  мҧғалім  оның  қажеттігі  мен  мҥмкіндігі  арасындағы  қарама-
қарсылықты туғыза білуі керек. 
Мҧнда  оқу  оқушынының  игерген  даму  деңгейінен  әлдеқайда  алда 
жҥруі шарт. Егер олай болмағанда, оқу дамудан едәуір артта қалып қояр 
еді.  Сондықтан,  жҥйелі,  нақты,  кәсіби-педагогикалық  жақтан  жан-жақты 
ойластыра  отырып,  оқушыларды  олардың  білім  деңгейінен  кҥрделірек 
келетін сҧрақтарды, мәселелерді, тапсырмалар мен жаттығуларды шешуге 
жҧмылдыру керек. Баланың ӛзі істей алатын жҧмыстарды Л.С. Выготский 
«ӛзекті  даму  деңгейі»,  ал  баланың  ересек  адамның  жәрдемінсіз  шеше 
алмайтын  кҥрделі  мәселені  «жақын  даму  аймағы»  деп  атайды.  Осы 
ғылыми  қағида  (бҧл  педагогикалық  психология  сияқты  нақты  ғылым 
саласының  әдіснамалық  идеясы)  жаңашыл  мҧғалім  С.Н.  Лысенкованың 
шығармашылық қызметінде сәтті қолданылды. 
Зерттеушіге 
немесе 
білімдендіру 
жҥйесіндегі 
қызметкерге 
диалектика  заңдарын  білудің  не  қажеті  бар  деген  сҧрақтың  туатыны 
сӛзсіз. 
       Нақты жағдайларда осы заңдардың кӛрінуін ҥйрену: 
       а)  анау  немесе  мынау  қҧбылыстың  мазмҧнын  терең  және  дҧрыс 
тҥсінуге 
       ә) оған әртҥрлі факторлардың әсер етуін шынайы бағалауға 
       б)  даму  бағытын  ой  елегінен  ӛткізіп,  сол  негізде  нәтижені  болжап, 
дҧрыс шешім қабылдауға жағдай жасайды. 
Осылайша, диалектикалық-материалистік терістеу дегеніміз  - әр бір 
зат  пен  қҧбылыс  дамуынан  туындайтын  диалектикалық  процесс. 
Сондықтан  да  мҧндай  терістеу  диалектикалық,  әрі  ӛзін-ӛзі  терістеу,  әрі 
ішкі қайшылықтар дамуының заңды нәтижесі. 
Әрине,  даму  процесі  туғызған  ішкі  және  сыртқы  қайшылықтардың 
қарама-қарсылығы салыстырмалы, ӛтпелі. Бірақ белгілі бір нақты кезеңде 
олар  басты,  негізгі  әрі  абсолютті  болады.  Сондықтан  әдіснамалық 


31
 
 
жағынан алғанда ішкі және сыртқы теріске шығаруды анықтап, оны бӛліп 
алып қарау әбден орынды. 
Сонымен бірге матералистік диалектика ғылыми зерттеуде зерттеліп 
отырған  қҧбылыстың  пайда  болу  тарихын,  оның  тегін,  оған  тән  болған 
қарама-қарсылықтарды,  тенденцияларды  байқап,  оның  болашақ  дамуына 
болжау  жасауға  мҥмкіндік  беретін  логикалық  және  тарихилық  бірлік 
принципін  қолдайды.  Логикалық  талдау  нәтижесінде  зерттеліп  отырған 
қҧбылыстың мазмҧны мен заңдылығын тереңірек тануға жол ашылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет