Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


кезеңі  3. Зерттеу тақырыбы, өзектілігін дәлелдеу



Pdf көрінісі
бет31/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83
кезеңі 
3. Зерттеу тақырыбы, өзектілігін дәлелдеу 
 
1. Педагогикалық зерттеудің негізгі кезеңдері 
Ғылыми  ізденістің    нәтижелігі  зерттеу  қадамдарының  бірізділігіне 
байланысты, яғни зерттеу қисыны шынайы нәтижеге әкелуі тиіс. Қисынды 
жасау  –  кҥрделі  ҥрдіс.  Оның  ҥш  кезеңін  белгілеуге  болады:  мақсат  қою, 
зерттеу және енгізу-рәсімдеу. 
Бірінші  кезеңде  –  тақырыпты  таңдау,  міндеттерді  анықтау,  болжам 
жасау  (мәселе  –  тақырып  –  объект  –  пән  –  ғылыми  фактілер  –  бастапқы 
тҧжырымдама  –  жетекші  идея  және  пікір  –  болжам  –  зерттеу  міндеттері 
сызбасы бойынша жҥреді). 
Екінші  кезеңде  -  әдістерді  таңдау  –  болжамды  тексеру  –  алдын-ала 
қорытындыларды  белгілеу  –  оларды  сынақтан  ӛткізу  және  нақтылау  – 
қорытынды жасау сызбасы бойынша жҥзеге асады. 
Ҥшінші  кезеңде  –  сынақтан  ӛткізу  (қорытындыларды  талқылау, 
оларды  қоғамға  ҧсыну),  жҧмысты  рәсімдеу  (есеп  беру,  баяндамалар, 
кітаптар,  диссертациялар,  ҧсыныстар,  жобалар  және  т.б.)  және 
нәтижелерін практикаға ендіру. 
В.И. Загвязинский, Р.Атаханов зерттеу қисынын  қҧрылымдаудың 3 
кезеңін бӛліп кӛрсетеді: қойылым кезеңі, ӛзіндік зерттеу кезеңі, дайындау-
тарату кезеңі.  
-  Қойылым кезеңі  -  бҧл  зерттеудің міндеттерін және ғылыми болжамын, 
зерттеу тақырыбын таңдау аралығындағы кезең, ол зерттеудің  барлық 
кезеңдеріне  ортақ  қисынды  сҧлбамен  жҥзеге  асырылады.  (мәселе-
тақырып-нысан-ғылыми  деректер-негізгі  ой  -  зерттеу  ниеті-  ғылыми 
болжам-міндеттер).  
-  Ӛзіндік  зерттеу  кезеңінің  зерттеу  жҧмысын  орындаудың  қисынды 
сҧлбасы  жалпы  мағыналы  тҥрде  беріледі  (әдістерді  таңдау-ғылыми 
божамды  тексеру-алдын  ала  жасалған  қорытындыларды  қҧрылымдау- 
оны ресми мақҧлдау және нақтылау- соңғы қорытынды жасау). 
- Дайындау-ендіру  -  бҧл  ресми  мақҧлдау,  қорытындылау,  талқылау,  оны 
қоғамға ҧсыну, зерттеу жҧмысын дайындау (есеп берулер, баяндамалар, 
кітаптар,диссертациялар,  ғылыми ҧсынымдар,  жобалар) және  нәтижені 
тәжірибеге  ендіру.  Әр  зерттеудің  қисынының  ӛзіндік  ерекшелігі 
болатынын атап ӛткен жӛн. 


50
 
 
Сондықтан  әр  зерттеу  жҧмысынан  мәселенің  сипатына,  зерттеудің 
пәнімен  міндетіне  және  т.б.  факторларға  қарай  ізденудің  жҥйелі 
оңтайлы нҧсқасын табу қажет.  
Зерттеудің  әдіснамалық  және  тәртіптік  бӛлігі  болады.  Әдіснамалық 
бӛлім  (әдіснамалық  аппарат)  мәселені,  тақырыпты,    нысанды,  бҧйымды 
зерттеуден,  терминдерді  нақтылап,  мақсатты,  міндетті,  ғылыми 
болжамдарды тҧжырымдаудан тҧрады. 
Тәртіптік  бӛлім  зерттеудің  жоспарын  жасау,  мәліметтерді  жинау 
техникасы мен әдісін сипаттау   болып табылады.  
Зерттеу  ізденістерінің  логикасы  мен  қозғалысты  ӛзгермелілігі 
(динамикасы) 
бірнеше 
сатылық-эмпирикалық, 
гипотетикалық, 
эксперименталды-теориялық 
немесе 
теориялық, 
прогностикалық- 
жҧмыстар орындауды қажет етеді.  
Зерттеудің  эмпирикалық  сатысында  зерттеу  нысанының  қызметтік 
бағамы алынады, шынайы оқу-білім тәжірибесі, ғылыми білімдер деңгейі 
мен  қҧбылыс  мәнін  тҥсіну  қажеттігі  арасындағы  қарама-қарсылықтар 
кӛрінеді,  ғылыми  проблема  ӛрнектеледі.  Эмпирикалық  талдаудың  басты 
нәтижесі  –  зерттеудің  алғашқы  тҧжырымдамалары  ретінде  қабылданған, 
бірақ  әлі  тҧтастығы  тексеріліп,  бекуі  қажет  болжамдар  мен  шамалаулар 
жҥйесінен тҥзелетін зерттеу гипотезасынан кӛрінеді.  
Гипотетикалық  сатыдағы  ізденіс  жҧмыстарының  мәні:  зерттеу 
объектті жӛніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу 
қажеттігі  арасындағы  қарама-қарсылықтарды  шешіп  алу,  содан  соң 
зерттеудің  эмпирикалық  деңгейінен  оның  теориялық  (эксперименталды-
теориялық) деңгейіне ӛтудің дайындық жағдайларын жасау.  
Теориялық  саты  зерттеулерінде  назарға  алынған  нысан  жӛніндегі 
функционалдық  және  гипотетикалық  болжамдар  мен  ол  туралы  жҥйелі 
шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды ҥйлестіру жҧмыстары 
орындалады.  
Теорияның  белгілі  қалыпқа  келуі  прогностикалық  сатыға  жол 
ашады,  осының  нәтижесінде  тҧтастай  қҧрылым  болып  танылған  зерттеу 
нысаны жӛніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, 
жаңа жағдайларда даму мҥмкіндіктерін кӛрегендікпен алдын-ала жобалау 
қажеттігі  арасындағы  текетіресті  шешу  талабы  қойылады.  Теорияның 
міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет