9
тәжірибе жайында ғана емес, сонымен бірге зерттелуші процестердің ішкі
мазмҧны жӛнінде.
Дескриптивті әдіснамалық білім (ғылыми білімнің
қҧрылымы, ғылыми танымның заңдылықтары жайында), әрине зерттеулер
процесінде бағдарлаушы ретінде қызмет атқара алады, бірақ преспритивті,
нормативті білім іс-әрекеті реттеуге тікелей бағытталған.Нормативті
әдіснамалық талдауда ғылым жолындағы оң ҧыныстар мен ережелерді
әзірлеуге байланысты конструктивті міндеттер басым. Ал дескриптивті
талдау болса атқарылған ғылымдық тану процестерін ретроспективті
сипаттаумен ерекшеленеді.
Ӛткен ғасырда зерттеуші тек ӛзі қол жеткізген нәтижелерге ғана
негіздеме жасайтын. Зерттеушіден бҧл нәтиженің белгілі бір білім
саласында қабылдаған ережелерге сай алынғанын және ол неғҧрлым кең
білім жҥйесіне қарайтынын кӛрсету талап етілді. Қазіргі таңда ғылым
зеттеулер негізінде оларда іске асырғанға дейін дәйектеме берілуі қажет.
Бастапқы жағдайды, зерттеу логикасын, болжамды нәтижесін және осыған
қол жеткізетін тәсілді анықтау қажет.
Осылайша, әдіснама- теориялық және практикалық қызметті
ҧйымдастыру мен қҧрудың ҧстанымдары және тәсілдерінің жиынтығы.
Ғылымның әдіснамалық негізі – табиғат пен қоғам қҧбылыстарын
зерттеуге негіз болған, әрі сол қҧбылыстардың теориялық тҥсіндірмесіне
шешімді ықпал етуші философиялық идеялардың жиынтығы. Бҧл идеялар
белгілі бір қҧбылыстың теориясын қҧруға мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: