Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж



Pdf көрінісі
бет8/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

Іргелі 
зерттеу 
педагогикалық 
процестің 
заңдары 
мен 
заңдылықтарын,  жалпы  теориялық  концепцияларды,  әдіснаманы, 
педагогика  ғылымының  тарихын  зерттейді.  Бҧл  зерттеулер  –  педагогика 
ғылымының негізі. Қолданбалы зерттеулер жеке теориялық мәселелерді 
(оқудың мазмҧнын, оқу мен тәрбие әдістерін, мҧғалімдерді дайындау және 
т.б.)  шешеді.  Бҧл  зерттеулер  ғылым  мен  тәжірибенің,  іргелі  және 
жасалымдық  зерттеулердің  ортасындағы  аралық  бӛлім  болады. 
Жасалымдық  зерттеулер  тәжірибені  тікелей  қамтамасыз  етеді.  Оларға 
бағдарламалар,  тҥсінікхаттар,  оқулықтар,  оқу  қҧралдары,  нҧсқаулық-
әдістемелік ҧсыныстар, алгоритмдер және т.б. жатады.  
Әдебиеттерде  педагогикалық  зерттеулерді  басқаша  да  бӛліп 
қарастырады, яғни теориялық, теориялық-практикалық және практикалық 
зерттеулер.  Мҧндай  жіктеу  негізі  зерттеудің  теория  мен  тәжірибеге 
бағытталғандығында  жатыр.  Дегенмен,  бҧл  екі  классификацияның 
арасында  айтарлықтай  айырмашылық  жоқ.  Себебі,  теориялық  зерттеу 
іргелі 
зерттеумен, 
теориялық-практикалық 
зерттеу 
қолоданбалы 
зерттеумен,  практикалық  зерттеу  болса  жасалымдық  зерттеумен  сәйкес 
келеді.  Бірақ  бҧл,  мысалы,  қолданбалы  зерттеу  теориялық  мәселені, 
немесе  керісінше,  теориялық  зерттеу  қолданбалы  мәселелерді  шешеді 
деген сӛз емес, әрине. 
Осындай  белгілі  классификациялардың  бірі:  зерттеуді  теориялық 
және эксперименталдық деп бӛлу. 
            
Педагогикалық зерттеудің тҥрлері 
Іргелі зерттеу 
(педагогикалық 
жҥйелердің 
концепциясы мен 
моделдерін жасау) 
Қолданбалы зерттеу 
(педагогикалық процестің 
жекелеген жақтарын зерттеу, 
педагогикалық тәжірибенің 
заңдылықтарын анықтау) 
Жасалымдық зерттеу (белгілі 
теориялық ережелер негізінде нақты 
ғылыми-әдістемелік ҧсыныстарды 
негіздеу) 


15
 
 
Теориялық  зерттеулерде  эксперимент  не  мҥлде  қолданылмайды,  не 
шектеулі  тҥрде  ғана  қолданылады.  Мысалы,  педагогика  тарихын 
зерттеуде эксперименттің керегі бар ма? Ал енді дидактиканы, әдістемені 
зерттеуде  болса  эмпириялық  әдістерге  (бақылау,  эксперимент,  тәжірибе 
және  т.б.)  жҥгінеміз.  Бірақ  кӛптеген  зерттеулерде  теориялық  және 
эксперименталдық  компоненттер  бірігіп  кетеді.  Іргелі  зерттеулерде 
теориялық  ережелерді  тексеруге  эксперимент  қажет  болады,  ал 
эксперименталдық  зерттеуде  алынған  деректер  мен  қҧбылыстарды 
теориялық негіздеу қажеттігі туады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет