Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


Эмпирикалық зерттеу әдістері, педагогика ғылымындағы рөлі



Pdf көрінісі
бет56/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

 
1.Эмпирикалық зерттеу әдістері, педагогика ғылымындағы рөлі. 
Бақылау педагогикалық зерттеудің әдісі ретінде. 
Эмипирикалық  білім  -  зерттелетін  деректердің  негізгі  белгілері, 
олардың  бір-бірімен  қҧрылымдық  байланысы  және  нысанның  іс-әрекеті 
туралы  білім.  Эмпирикалық  мәліметтер  зерттеу  жҧмысы  барысында, 
бақылауда және эксперимент кезінде байқалатын   қасиеттер, қҧбылыстар 
мен  заттардың  қарым-қатынасы  мен  ӛзара  байланысы  болып  табылады. 
Эмпирикалық  нысанға  тән  қасиет  оны  сезіммен  бейнелеу  мҥмкіндігі. 
Зерттеу  барысында  эмпирикалық  мәліметтерді  сараптау  нәтижесі 
анықталған  деректер  тҥрінде  емес,  сонымен  қатар  эмпирикалық  талдау 
жасау тҥрінде беріледі. 
Педагогикалық ҥрдіс туралы эмипирикалық мәлімет алуға мҥмкіндік 
беретін  зерттеу  әдістеріне  шынайылық  пен  тәжірибеге    тікелей  қатысты 
әдістерді жатқызуға болады.              
Эмпирикалық  зерттеу  әдістері  келесілер  болып  табылады:  бақылау, 
сҧрақ  қою  (әңгімелесу,  сҧхбаттасу,  сауалнама  жҥргізу),  тестілеу, 
оқушылардың  іс-әрекеті  және  мектептің  қҧжаттарымен  танысу, 
педагогикалық-тәжірибелік  жҧмысты,  озық  педагогикалық  тәжірибені 
меңгеру және талдау. 
Педагогикалық  зерттеудің  ең  кең  тараған  және  қолжетімді  тҥрі 
бақылау  болып  табылады.  Педагогикалық  бақылау  -  табиғи  жағдайда 
педагогикалық  ҥрдісті  тікелей  ҧғыну  және  қабылдау,  мысалы,  оқу 
ҥрдісінде,  сыныптан  тыс  жҧмыс  барысында  және  т.б.  Бақылау 
зерттеушіден  деректерді  нақты  тіркеуді,  ақиқаттылықты,  педагогикалық 
талдау жасауды талап етеді. Дегенмен, бҧл оңай іс емес. 
Педагогикалық  зерттеуде  бақылау  әр  тҥрлі  мақсатта  пайдаланылуы 
мҥмкін.  Ол  ғылыми  болжам  жасау  ҥшін  ақпарат  кӛзі  ретінде  де 
қолданылады  және  оның  кӛмегімен  зерттелуші  нысан  туралы  қосымша 
ақпарат  алуға  болады.  Бақылау  кӛп  іздену  мен  еңбекті  қажет  ететін 
зерттеу  әдісі  болып  табылады.  Бастапқы  ақпарат  алу  әдісі  ретінде 
бақылауды  қолдануда  қиыншылықтар  субъективті,  және  объективті 
ерекшеліктердің салдарынан туындауы мҥмкін. 


100
 
 
Бақылаудың  субъективті  қиыншылықтарына  зерттеушінің  адамның 
іс- әрекеті мен мінез-қҧлқын ӛзінің жеке «Мені» арқылы, яғни жеке ӛзінің 
тҧлғалық қҧндылықтары жҥйесінде тҥсініп, талқылауын келтіруте болады. 
Объективті қиыншылықтарға уақыттың  шектеулілігі мысал болады. 
Бҧнымен  қоса,  барлық  педагогикалық
  ШЫНДЫҚ
  тікелей  бақылауға  келе 
бермейді. 
Зерттеу  мақсатына  қажетті  ақпарат  алу,  маңызды  деректер  мен 
мәліметтерді 
жіберіп 
алмау 
ҥшін 
педагогикалвіқ 
бақылаудың  
бағдарламасын  алдын-ала жасап алған дҧрыс. 
Бақылаудың  бағдарламасын  қҧруда  зерттеушіге  келесідей  міндеттер 
жҥктеледі: 
• 
негізгі кҥрделі міндеттерді шешу; 
• 
зерттелу нысанын жан-жақты, әр тҥрлі жағдайларда қарастыру; 
• 
зерттеу мақсатына байланысты  деректердің  жіктемелік жҥйесін қҧру; 
• 
ғылыми болжамдардың  ӛміршеңдігін тексеру; 
• 
бақылауды  жҥргізу мерзімін белгілеу және ақпарат жинау қҧралдарын 
анықтау; 
Бақылаудың  сан алуан тҥрлері бар. Қамту деңгейі бойынша бақылау 
жаппай (зерттеушінің назары тҧтас сыныпқа, топқа ауғанда) және ішінара 
(белгілі бір оқушы немесе бір топ бала) болуы мҥмкін. 
Бақылау  ӛткізілуі  бойынша  жҥйелі  және  кездейсоқ  деп 
ажыратылады.  Жҥйелі  бақылау  белгілі  бір  кезең  ішінде  іс-әрекетті, 
жағдайды  және  ҥрдісті  тҧрақты  тіркеумен  сипатталады.  Бақылаудың  бҧл 
тҥрі  ҥрдістіћ  динамикасын  айқындау  мен  деректердіћ  анықтылығын 
жоғарлатуға мњмкіндік береді. 
Кездейсоқ  бақылауда  қҧбылыстар,  іс-әрекеттермен  педагогикалық 
жағдайды  бақылау,  бастапқы ақпарат  жинақтаудың  дербес ҥрдісі ретінде 
алдын ала жоспарланбайды. 
Формасына  қарай  бақылау  қҧрымданбаған  (бақыланбайтын),  яғни 
зерттеуші  зерттелетін  ҥрдістің  нақты  қандай  элементін  бақылайтынын 
алдын  ала  анықтамайды  және  жоспарланбайды.  Қҧрылымдалған 
(бақыланатын)  бақылу  тҥрінде  зерттеуші  зерттелетін  ҥрдісте  немесе 
жағдайда  маңызды  рӛл  ойнайтын  бӛлімін  таңдап  алып,  барлық  назарын 
аударып, ақпарат жинауды бастамас бҧрын бақылаудың арнайы жоспарын 
қҧрады. 
Кӛп  жағдайда  зерттеу  жҧмысында  қҧрылымдалған  бақылаудың 
негізгі  міндеті,  басқа  әдіс-тәсіл  арқылы  алынған  жҧмыс  нәтижесін 
тексеру, оларды нақтылау болып табылады. 
Бақылау  тура  және  жанама  болып  бӛлінеді.  Тура  бақылау 
зерттеушінің  ҥрдісті  тікелей  зерттеуімен  сипатталады,  ал  жанама 
бақылауда  зерттелетін  қҧбылыстардың  ерекшелігін  педагог  ҥшінші 
адамдардың  қатысуымен  анықтайды.  Тура  бақылауда  адамдардың    іс-


101
 
 
әрекеті  мен  мінез-қҧлқын  тікелей  зерттеуге,  яғни  олармен  әңгімелесу, 
сҧхбаттасу  кезінде  айтылмайтын  ерекшелігін  анықтауға  мҥмкіндік  беруі, 
негізгі  артықшылығы  болып  табылады.  Дегенмен,  адамның  ішкі  жеке 
сырларын тура бақылауға болмайтынын ескерген жӛн. Сондықтан мҧндай 
жолмен алынған мәліметтер мен деректерді талдау ӛте қиын болып келеді. 
Жастармен  жҧмыс  тәжірибесінде  жасырын  бақылау  қолданылады. 
Жасырын  бақылау-оқушыларға  білдіртпей  бақылау  болып  табылады. 
Бҧнда зерттеуші мынадай қағида ҧстанады: елеусіз қала отырып, бақылау 
жасау. Ол болып жатқан жағдайды сырттай бақылап, қағаз бетіне тҥсіріп 
отырады.  Тәжірибе  кӛрсеткендей  жасырын  бақылау  ҥрдісі  келесідей 
сатымен жҥргізілуі тиіс. Бірінші (алдын ала) сатыда зерттеуші-педагог оқу 
жылы  басында  оқушылардың  қарым-қатынасы,  іс-әрекеті,  ӛмірі  жайлы 
мақсатты  және  жҥйелі  тҥрде  деректер  жинайды.  Ақпарат  педагогикалық 
бақылау  кҥнделігіне  тіркеліп,  жинақталады.  Екінші  сатыда  (нақтылау) 
зерттеуші-педагог  алынған  ақпаратты  жҥйелеп  жіктейді,  оқушының  
тҧлғасына    әсер  ететін  жағымсыз  жайттарды,  сыртқы  ерекшеліктерді 
сараптап,  қҧбылыстың  мәнін  ҧғыну  ҥшін  бір-бірімен  байланысын 
қарастырады. Балалардың қиын тәрбиеленуінің себебін іздеп, қорытынды 
жасайды. Ҥшінші (қорытынды) сатыда зерттеуші-педагог алынған ақпарат 
негізінде  оқушылармен  жҥргізілетін  тәрбие  жҧмысының  мазмҧнын 
болжайды. 
Зерттеушінің  зерттелетін  жағдайға  қатысу  деңгейіне  қарай 
кірістірілген  және  кірістірілмеген  бақылау  болып  ажыратылады. 
Кірістірілмейтін  бақылауда  зерттеуші  зерттелетін  нысаннан  тыс  болып 
жатқан  ҥдістерді  сырттай  бақылап,  ешқандай  сҧрақ  қоймай,  жай  тіркеп 
отырады.  Аталмыш  бақылау  тҥрі  зерттеушіні  қызықтыратын  қҧбылыс, 
жағдай болып жатқан педагогикалық ҥрдісті бейнелеу ҥшін қолданылады. 
Сырттай  бақылау  «ашық  мінез-қҧлық»,  «ашық  қарым-қатынас», 
«ашық  әрекет»,  сияқты  жайттарды  тіркеуге  мҥмкіндік  береді.  Бірақ 
зерттеуші  сырт  адам  ретінде,  бҧл  жайттардың  артында  қандай 
жағдайлардың    жасырылып  жатқанын  нақты  біле  алмайды,  сондықтан 
оның    тҥсіндірмелері  әрқашан  дҧрыс  болмауы  мҥмкін.  Бақылаудың  
дәлдігін бақылаушылардың  санын арттыру арқылы жоғарылатуға болады. 
Аталмыш бақылаудың негізгі кемшілігі кейбір іс-әрекеттің  қасақана әдейі 
жасалуында.  Бақылаудың  ҧзақтығы  мен    жҥйелілігі    бҧл  кемшіліктерді 
жоюға мҥмкіндік береді. 
Кіріктірілген  бақылау  тҥрінде  зерттеуші  зерттелетін  ҥрдіске 
қандайда  бір  дәрежеде  тікелей  қатысады.  Аталмыш  бақылаудың  басты 
қҧндылығы  басқа  әдіс-тәсілмен  алуға  болмайтын  ақпаратты  алу 
мҥмкіндігін  беруінде.  Бҧнда  зерттеуші  ҥшін  ҧжым  қызметіне  маңызды 
ҥрдістер  мен  қҧбылыстардың  беті  ашылады.  Ҧзақ  уақыт  бақылауда 
зерттелетін  ҧжым  мҥшелері  зерттеушіге  ҥйреніп  кететіндіктен,  олар 


102
 
 
ӛздерінің  кҥнделікті  қалыпты  іс-әрекеттеріне,  ережелерге,  бір  сӛзбен 
айтқанда  кҥнделікті  ӛмір  сҥру  тәртібіне  оралады.  Зерттеуші  ақырындап 
ҧжымдық  ӛмірді терең  бойлап, қарым-қатынастарды іштей  зерттеп,  сырт 
кӛзге кӛрінбейтін заңдылықтар мен қайшылықтарды жарыққа шығарады. 
Мысалы,  зерттеуші  ҧжымның  қалай  ӛмір  сҥретінін,  қандай  дәстҥрлердің 
жетекші  болып  табылатынын,  ненің  мадақталып,  ненің  айыпталатынын, 
адамгершілік-рухани жағдайы туралы терең біледі. 
Педагогикалық  келелі  мәселелерді  зерттеуде  лонгитюдионалъдық 
бақылау  қолданылады.  Бҧл  бір  адамды  немесе  қҧбылысты  бірнеше  жыл 
бойы  бақылау  болып  табылады.  Аталмыш  бақылау  бір-бірімен  тығыз 
байланыстағы кӛптеген қҧбылыстарды қамтиды. Бақылаудың бҧл тҥрінде 
ҧзақ  уақыт  бойы  бір  оқушының  немесе  тҧтас  бір  ҧжымның  тҧлғалық 
дамуын бақылауға мҥмкіндік береді. Осындай ҧзақ уақыт бойғы бақылау 
субъективті  және  объективті  негізгі  ойды,  оқушылардың  зияткерлік 
деңгейін,  танымдық  және  рухани  қажеттіліктеріндегі  ӛзгерістерді  ашуға, 
оқушылардың  білімге,  еңбекке,  достыққа,  ҧжымға  деген  кӛзқарасының 
ӛзгеру  себебін  анықтауға  мҥмкіндік  береді.  Жиналған  мәлімет,  деректер 
негізінде  оқыту-тәрбие  жҧмысын  мейілінше  жетілдірудің  жолын 
белгілейді. 
Бақылау  әдісінің  тиімділігі  келесідей  педагогикалық  талаптарды 
орындауға байланысты: 

 
Нақты  педагогикалық  зерттеуде  бақылау  әдісінің  сәттілігі,  кӛп 
жағдайда,  бақылаушының  тҧлғалық  қасиетімен:  дҥниетанымымен, 
қабілеттілігімен,  кәсібилігімен,  қарым-қатынас  жасай  білуімен, 
қайырымдылығымен, қарапайымдылығымен және т.б. анықталады. 

 
Бақылау  нақты,  қатаң  ғылыми  міндеттермен  тҧжырымдалған  болуы 
және бақыланушы адамға еш зиянын тигізбеуі шарт. 

 
Зерттеуші  ӛз  іс-әрекетін,  оның  зерттелуші  нысанға  әсерін  ҥздіксіз 
қадағалап отыруы тиіс. 

 
Бақылау  ӛзіндік  болмауы  қажет,  зерттеуші  тек  ӛзіне  қажетті 
мәліметтерді емес, барлық деректі тіркеп отыруға міндетті. 

 
Бақылау  нәтижесін  басқа    әдіс-тәсілдермен  салыстыру  (Мысалы, 
сҧхбаттасу, тестілеу, іс-әрекет нәтижесін сараптау және т.б.) және қысқа 
мерзімде жазба тҥрінде ізін суытпай карточкаларды, бақылау кҥнделігін 
толтырып отыру қажет. 
Бақылау  әдісі  артықшылығымен  қоса,  айтарлықтай  кемшіліктерге 
ие.  Бақылау  кӛп  жағдайда  бір  адаммен  жҥргізілетіндіктен,  ал  адамның 
қабылдауы  ӛте  шектеулі  екенін  ескерсек,  ол  бақылаушының    кейбір 
маңызды  қасиеттерін байқамай немесе жіберіп алуы мҥмкін. 
Бҧнымен  қоса,  қысқа  мерзім  ішінде  кӛп  ақпарат  және  әр  тҥрлі 
қҧбылыстарды  тіркеп алуға тырысып, барлығын біріктіре алмауы, оларың  


103
 
 
ҧжымға қатысты барлық ҥрдістегі орнын таба алмай, бақылау бӛлек-бӛлек 
әсерлердің  жиынтығы болып қала беруі мҥмкін. 
Бҧл  оқушыларды  ауық-ауық  бақылауда  айқын  байқалады.  Барлық 
оқу орнында қадағалауды және арнайы педагогикалық ықпал етуді қажет 
ететін оқушылар бар, ал уақыттың шектеулігі тәрбиеленушіні жан жақты 
терең  біліп,  зерттеуге  мҥмкіндік  бермейді.  Сондықтан  бақылаушы 
мәліметтерді басқа жолмен алған деректермен толықтырып отыруы қажет. 
Келесі  кемшілік  бақылау  арқылы  адамның  жеке  пікірін,  пайымын, 
кӛзқарасын,  іс-әрекетінің  себебін,  қызығушылықтарын,  бейімділігін, 
қҧндылықтарын  анықтауға  мҥмкіндік  бере  алмауында.  Қосымша ақпарат 
кӛзінсіз  бақыланушы  ҧжымның  іс-әрекетінің  қоршаған  орта  ҥшін 
қаншалықты тансық емес екендігін бағалауға болмайды. 
Бҧдан  ӛзге,  бақылаудың  нәтижесі  сӛзбен  тіркеліп  алатындықтан 
және  оқушылардың кейбір іс-әрекетін  сипаттау  зерттеуші  ҥшін қиындық 
туғызатындықтан,  ақпараттың  бҧрмалануы  мҥмкін.  Сабақтың  ӛту 
барысын  қадағалай  отырып,  бақылау  әдісімен  біз  оқушының  сыртқы 
тәртібіне,  оның  сҧраққа  жауап  беруіне  назар  аударып,  бірақ  қызметінің  
ішкі  себебімен  ынтасын  сипаттайтын  психикалық    ҥрдістерді  нақты 
дәлдікпен  бағалай  алмаймыз.  Бақылау  әдісімен  жиналған  деректерде 
әрқашан  бақылаушының  жеке  ӛзіндік  қолтаңбасы  болады.  Сондықтан 
бақылау  оқушының  тҧлғасын  зерттеудің  ӛзге  де  жолдармен  бірге 
қолданылатынын атап ӛту керек. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет