124
Сонымен, зерттеушінің педагогикалық ҥрдіске белсенді араласуы
эксперименттің негізгі мәні болып табылады. Экспериментте бақылау,
сҧхбат, әңгімелесу және т.б. әдістердің жиынтығы қолданылады. И.П.
Павлов эксперименттің артықшылығын айта отырып, бақылау алдында:
«Бақылау табиғаттың ҧсынғанын алады, ал тәжірибе табиғаттан
қалағанын алады» деп пайымдады.
Зерттеуші эксперимент барысында ӛз
еркімен алдын ала анықталған, әртҥрлі жағдайда (бҧл жағдайлар да оның
ықпалына тәуелді болады), қандайда бір психологиялық - педагогикалық
қҧбылысты іске асырады. Эксперимент зерттелуші ҥрдістерге ықпал
ететін деректерді тҥрлендіруге мҥмкіндік береді. Оның нақты жадайларда
жаңа тәжірибе жасауға мҥмкіндік беруі басты артықшылығы болып
табылады.
Педагогикалық эксперимент келесідей міндеттер тізбегін шешеді:
-
зерттеушінің ықпалы мен алынған нәтиженнің арасындағы
кездейсоқ емес ӛзара байланысты анықтау;
-
педагогикалық - психологиялық ықпал етудің екі немесе одан да кӛп
нҧсқасының табыстылығын салыстыру және келесі критериялар:
нәтижелігі, жҧмсалған кҥш пен уақыт, қолданылған әдіс –тәсілдер
бойынша оңтайлысын таңдау;
-
қҧбылыстар арасындағы себеп-салдарлық, заңды байланыстарды
анықтау, оларды сандық және сапалық тҥрде ҧсыну;
Достарыңызбен бөлісу: