3.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық принциптері мен
талаптары
Бҧл мәселені қарастыру барысында әдіснама нақты бір ғылым
мәселелерін, зерттеу мақсаттарын шешудегі жалпы принциптер мен
теориялардың қолданылуы деген қағидаға сҥйенеміз. Сонымен қоса
принциптердің ортақтық деңгейі тҥрліше болатынын атап кӛрсетуіміз
қажет. Тек қана жалпыға бірдей принциптер, заңдар, категориялар
туралы айтуға болады. Олардың бәрі де философиялық сипатта, бҧл
жағдайда диалектика ғылыми танудың жалпы әдіснамасы ретінде
кӛрінеді. Ал біздің қарастыратынымыз – педагогикалық зерттеудің негізгі
әдіснамалық принциптері.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің табысты жҥзеге
асуында теория мен практика бірлігі принципінің маңызы зор. Практика –
белгілі бір теориялық ережелердің шындық критерийі. Практикаға
сҥйенбеген теория нәтижесіз болмақ. Теория практикаға жол салуға
арналған. Ғылыми теориялық бағыты жоқ практика стихиялы болып,
қойылған мақсатқа лайықсыз, яғни тиімсіз болады. Сондықтан
психологиялық зерттеулерді ҧйымдастыру кезінде тек қана аталған теория
жетістіктеріне ғана емес, сондай-ақ практика дамуына да сҥйену ӛте
маңызды.
Болашақ мамандардың практикалық қызметін терең және жан-жақты
ғылыми тҧрғыда сараптамай, ЖОО-да білім беру ҥдересін жетілдірудің
19
тиімді жолдарын белгілеу мҥмкін емес. Кез-келген психологиялық зерттеу
жеке бастың мҥддесін кӛздемуі тиіс. Ол озат тәжірбиені кӛрсетіп, іс
жҥзінде тексеріліп, оқу мен тәрбие мақсаттарын жҥзеге асырға, жан-
жақты және ҥйлесімді дамыған жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарды
даярлауға ықпал етуі тиіс.
Келесі әдіснамалық принцип – зерттелетін мәселеге нақты тарихи
тҧрғыда келу, бірақ ол шығармашылықсыз мҥмкін емес. Мҧны диалектика
талап етеді.қалыптасқан ҥлгілерді қолданып, оларды шығармашылықпен
ӛзгертуге тырыспай, қатып қалған сара жолмен болашақ мамандарды
даярлаудың белгілі бір мәселесін терең зерттеу мҥмкін еместігін тәжірбие
кӛрсетіп отыр. Егер зерттеуші қарқынды дамып отырған педагогикалық
практикаға шындап кӛмектесуге ҧмтылса, ол кӛтерілген мәселелерді
жаңаша кӛзқараста шешуі қажет.
Ізденуші зерттеу барысында жаңа деректерге, қҧбылыстарға,
айғақты тҥсініктемелер іздеп, қалыптасқан кӛзқарасты толықтырып және
нақтылап, ӛзінің болжамдарын айтуда батыл болуы тиіс. Дейтҧрғанмен,
психологиялық-педагогикалық зерттеулер адаммен байланысты, ал әрбір
адаммен қарым-қатынас оны рухани байыту қажет болғандықтан, бҧл
батылдық ғылыми негізделген болуы тиіс. Шығармашылық психология-
педагогикалық қҧбылыстарды бағалаудың нақты тарихи амал-тәсілінен
бӛлінбейді: белгілі бір тарихи кезеңде дамушы (прогрессивті) деп
саналған нәрсе, келесі басқа бір жағдайларда кертартпа (реакцияшыл)
болуы мҥмкін. Басқаша айтқанда, бҧрынғы психология –педагогикалық
теорияны бҥгінгі кҥн тҧрғысынан қарап бағалауға болмайды.
Зерттеліп отырған мәселені шешуге шығармашылық тҧрғыда келу
психологиялық-педагогикалық қҧбылыстарды ӛз алдында қараудың
дҧрыстық принципімен байланысты. Зерттеушінің шеберлігі – сыртқы
субъективтіешнәрсе енгізбей-ақ феноменнің мәніне енудің амал-айласын
табуда. Мәселен, ғылым тарихында ҧзақ уақыт бойы объективті шындық,
соның ішінде, адамның ішкіәлемін тану мҥмкін емесжәне тым қҧрығанда
бҧл шындықты тануды ӛзін-ӛзі бақылаудың, ӛзін-ӛзі танудың кӛмегімен
ғана анықтауға болады деген пікір қалыптасты. Бҧл әдіс интроспекция деп
аталады, яғни ӛзінің психикалық тәжірбиесін зерттеуі, ішкі жақты қарау
процесі, атап айтқанда адамның ӛзінің санасының психикалық мазмҧның,
ішкі әлемін зерттеуі. Интроспекция ҧғымы ӛзін-ӛзі бақылау ҧғымымен де
тҥсіндіріледі. Ӛзін-ӛзі бақылау ішкі сана қҧбылыстарын тіркеуге
мҥмкіндік беретін ішкі ӛзінің психикалық ӛміріңді бақылау. Бірақ
инторспекцияны ӛзін-ӛзі бақылаудан ажырата білу керек.
Әрине, аталған әдіс зерттелетін қҧбылыстарды қараудың дҧрыстық
принципіне сәйкес келмейді.
Жеке тҧлға мен адамдар тобын зерттеуде оларға әсер ету
тәсілдерінің дҧрыстығы қазіргі психология мен педагогикадағы ӛзекті
20
мәселе болып саналады. Тҧлғаны зерттеуде ақиқаттылық ҧстанымын
нақты жҥзеге асырудың әдіснамалық негізі болып әлеуметтік фактілер
болып саналатын адамдардың практикалық әрекеті табылады.
Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жетістігі кӛбіне
психологиялық-педагогикалық процестер мен қҧбылыстарды меңгерудің
жан-жақтылық принципін жҥзеге асырумен байланысты. Кез келген
педагогикалық феномен кӛптеген қҧбылыстармен жан-жақты байланысты,
оны жеке-дара, біржақты қарастыру бҧрмаланған қате пікірге әкелетіні
сӛзсіз. Мәселен, ЖОО білім беру ҥрдісі кҥрделі, кӛп қырлы және кӛптеген
факторлармен тығыз байланысты. Сондықтан оны сыртқы ортадан
біршама қақас және сонымен тығыз байланыстағы белгілі бір қҧбылыс
ретінде қарау керек. Мҧндай амал зерттеліп отырған қҧбылысты ӛңдеуге,
оларды тҥрлі жағдайда және даму кҥйінде зерттеуге мҥмкіндік береді. Ол
белгілі бір психологиялық-педагогикалық прцесті кӛпдеңгейлі және кӛп
жоспарлы тҥрде зерттеуді жҥзеге асыруға мҥмкіндік береді. Мҧнда жаңа
ҥлгіде тҧтас жалпылама тҥрде бҧл ҥлгілердің синтезі және нәтижесінде
зерттеліп отырған мәселенің мәнін ашатын немесе қорытатын жинақы
теория болуы мҥмкін. Жан-жақтылықтың әдіснамалық принципі бойынша
педагогикалық процестер мен қҧбылыстарға зерттеуді кешенді тҥрде
жасалуы тиіс. Кешенді тәсілдің маңызды талаптарының бірі – зерттеліп
отырған мәселенің барлық ӛзара байланысын анықтау, оған әсер ететін
сыртқы кҥштердің бәрін есепке алу, аталмыш мәселенің мағынасын
бҧрмалайтын барлық кездейсоқ факторларды жою. Оның келесі бір елеулі
талабы – зерттеу барысында тҥрлі әдістерді олардың әралуан
ҥйлесімдігінде қолдану. Кез келген мәселені бір ғана әмбебап әдістің
кӛмегімен зерттеу арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе
алмайтынымызды тәжірибе кӛрсетіп отыр. Психология мен педагогика
саласында зерттеудің кешенді әдісі басқа да ғылымдардың, атап айтқанда,
әлеуметтану, философия, мәдениеттану және басқалардың жетістіктеріне
сҥйену керектігін нақтылайды.
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту процесін студенттердің танымдық
әрекетін басқарудың, олардың кәсіби этикалық сапасын қалыптастырудың
ерекше бір тҥрі ретінде қарастырғанда, ғылыми-педагогикалық
қҧбылыстардызерттеуге кибернетика тҧрғысынан келу де ӛте тиімді
болып саналады. Педагогикалық процестегі тура және кері байланыстың
ерекшелігі, оқу ақпаратының жемісті жҧмыс жасауы осыдан кӛрінеді,
болашақ мамандарды даярлауды басқарудың тиімділігін арттыруға
мҥмкіндік беретін тәсілдер қарастырылады.
Ғылыми-педагогикалық зерттеудің тағы бір әдіснамалық прнципі –
қисындылық және тарихи бірлік ҧстанымы. Феноменнің, жеке нысанның
таным логикасы оның даму логикасын, яғни оның тарихын елестетеді.
Тҧлғаның даму тарихы нақты тҥсінудің, оның оқуы мен тәрбиесі бойынша
21
практикалықшешім қабылдаудың ерекше кілті болып табылады. Тҧлғаның
даму тарихында оның мәні кӛрінеді, себебі, ӛзіндік тарихы, ӛмір жолы,
ӛмірбаяны болғандықтан да адам тҧлға болып саналады.
Зерттеудің әдіснамалық принциптерінің келесі бір тҥрі-жҥйелік
амал, яғни зерттелетін нысандарға жҥйелік тҧрғыда келу принципі. Ол
зерттеу нысанын жҥйе ретінде қарастыруды ҧйғарды: оның
элементтерінің белгілі кӛпшілігін табу (олардың бәрін анықтау және
есептеу мҥмкін емес, ол керек те емес), осы элементтер арасындағы
байланыстардың
жіктелуін
анықтау
және
жӛндеу,
кӛптеген
байланыстардың ішінен жҥйе жасайтын, яғни тҥрлі элементтерді бір
жҥйеге біріктіруді қамтамасыз ететінін баса кӛрсету. Жҥйелік амал
жҥйенің қҧрылымын (салыстырмалы ӛмірге орайлығын кӛрсететін) және
ҧйымдасуын (сандық сипаттамасы мен бағыттанушылығын), оны
басқарудың негізгі принциптерін айқындайды. Бҧл әдісті қолдану
барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу нысаны мен жҥйенің бір нәрсе
емес екенін есте ҧстау қажет; жҥйені атап кӛрсеткен кезде зерттеліп
отырған қҧбылыс қоршаған ортадан жасанды тҥрде ажыратылады, яғни
одан абстракцияланады; зерттеу нысаны жҥйесін анықтаған кезде оның
элементтері мен оның ортасының элементтері, жҥйенің элементтері
арсындағы жҥйе жасаушы қатынастар, жҥйенің ӛзінің ортаға деген
маңызды қатынастарыайқындалады. Кҥрделі процестерде жҥйенің
элементі дербес немесе тәуелсіз жҥйе болуы мҥмкін және оның сапасы тек
жеке-дара элементтердің сапасымен ғана емес, элементтердің ортамен
қарым-қатынасымен де анықталады.
Жалпы принциптер негізінде педагогика саласындағы зерттеушілер
міндетті тҥрде ескеруі қажет жеке прнципиальды талаптар қалыптасты:
детерминизм принципі, дамудың сыртқы әсері мен ішкі жағдайының
бірлігі, белсенді әрекеті, даму принципі т.б. Енді осы аталған
принциптердің мәні неде?
Детерминизм принципі зерттеушіге психологиялық-педагогикалық
қҧбылыстардың дамуына ықпал ететін тҥрлі факторлар мен себептерді
ескеруді міндеттейді. Тҧлғаны зерттеу барысында оның мінез-қҧлқының
детерминациясының ҥш ішкі жҥйесін ескеру қажет: ӛткені, бҥгіні және
келешегі.
Тҧлғаның ӛткені оның ӛмір жолында,ӛмірбаянында, сондай-ақ жеке
адамдық қасиеттері мен моральдік бейнесінде кӛрінеді. Оның мінез-
қҧлқына ӛткеннің, тҧлға дамуы тарихының әсері жанама сипатта болады.
Мінез-қҧлыққа, қылыққа тҧлға әрекетінің тҥрткілері, сана тура әсер етеді.
Тҧлға дамуының ішкі шарттары қарым-қатынас пен іс-әрекетпен қоса,
оны жетілдіруге себепші болатын нағыз жҥйені қҧрайды. Бҧдан басқа
сырқы жағдайларда тҧлғаға детерминистік әсер етеді.
22
Тҧлғаның дамуына оның болашаққа қойған мақсаттарының да
ықпалы зор. Бҧл жерде болашақты тҧлға дамуы детерминациясының
подсистемасы ретінде қарауға болады. Саналы мақсат белгілі бір заң
немесе ереже сияқты тҧлға қызметінің немесе әрекетінің тҥрін алдын ала
анықтайды және оның дамуына елеулі ықпалын тигізеді.
Барлық ҥш подсистема (ӛткені, бҥгіні және келешегі) бір-бірімен
ӛзара байланыста және бір-біріне ӛзара себепші болады. Сыртқы әсер мен
ішкі шарттар бірлігі принципіне сәйкес тҧлғаның ішкі мазмҧнын тану
сыртқы мінез-қҧлық, істері мен қылықтарын бағалау нәтижесінде болады.
Адамның қоғамдық дамуының шамасына орай, оның ішкі табиғаты
одан әрі кҥрделеніп және сыртқыға қарағана ішкі даму шартының
арасалмағы артады. Тҧлға дамуының ішкі және сыртқы арасалмағы
тарихи қалай ӛзгерсе, адамның ӛмір жолының тҥрлі кезеңдерінде де солай
ӛзгереді: неғҧрлым ол кең дамыған болса, оның тҧлғасының дамуы
солғҧрлым ҥлкен дәрежеде ішкі факторлардың ӛзектілігіне байланысты
болады.
Тҧлғаның белсенді қызметі принципі тҧлғаны тек қана қоршаған
ортасы қалыптастырмайтынына, сондай-ақ, тҧлғаның да ӛзін қоршаған
ортасын танып білетініне және оны қайтадан жасай алатынына
зерттеушінің ерекше назарын аударады. Аталған принцип тҧлғадағы
барлық ӛзгерісті оның қызметі арқылы қайтадан қарауын ҧйғарады.
Қызметтің тҧлғаға ықпалы зор. Қызметсіз адам болмайды, бірақ адамның
мәні онымен біте қоймайды, онымен де ӛлшенбейді және толықтай
онымен де ҧғымы сәйкеспейді. Тҧлғаға психологиялық-педагогикалық
әсер еткенде оның қызметінің сипаты ескерілуі қажет және кӛбінесе
тиімді әсер адамның белгілі бір қызметінің ӛзгеруінде және тҥзетуінде
болады.
Даму принципі педагогикалық қҧбылыстарды қарастыруды ылғи
ӛзгерісте, қозғалыста, ішкі және сыртқы детерминант жҥйесі әсерімен
қайшылықтарды ҥнемі шешуге мәжбҥрлейді.
Психология мен педагогикада даму принципі, әдетте, екі аспектіде
қарастырылады: тҧлғаның туғаннан бастап қазіргі кҥйіне шейінгі тарихи
дамуы-филогенез, онтогенез- нақты адам тҧлғасының дамуы. Бҧдан басқа
тҧлғаның тҥрлі компоненттерінің – бағыттылығы, мінезі, басқа да жеке
бас сапалары дамуын қарау қажет. Әрине, психологиялық-педагогикалық
әсердің тиімділігі нәтижеге ықпал ететін болашақ маман мен
педагогикалық жҥйе дамуының қаншалықты толық және дәл
ескерілетініне байланысты.
Барлық осы принциптердің нақты орындалуы тҧлғалық-әлеуметтік
әрекеттік амал принципіне сәйкес жҥзеге асады. Бҧл зерттеушіні тҧлғаны
оның дамуының негізгі әлеуметтік факторлармен – тҧлғаның әлеуметтік
23
ортасы, тәрбиесі, қызметі, оның ішкі белсенділігімен бірлікте тҧтас
зерттеуге бағыттайды.
Жоғарыда айтылған педагогиканың әдіснамалық принциптеріне
сҥйене отырып, педагогикалық зерттеулер жҥргізудің әдіснамалық
талаптарын тҧжырымдауға болады. П.И.Образцов келесі талаптарда атап
кӛрсетеді:
Процестер мен қҧбылыстарды барлық жағымды, жағымсыз
жақтарымен, жетістіктері мен қиыншылықтарымен қандай болса, сондай
кҥйде зерттеу, қҧбылыстарды суреттеу емес, оларға сыни тҧрғыда
сараптау жасау;
Педагогика мен психология теориясы мен практикасындағы
жаңалықтарға жедел қҧлақ асу;
Сипаттамалардың практикалық бағыттанушылығын, сҥбелілігін
және беріктігін кҥшейту;
Ғылыми болжамның сенімділігі, зерттелетін процестің, қҧбылыстың
даму болашағын елестету;
Ойдың қатал қисыны, педагогикалық немесе педагогикалық
тәжірбиенің анықтығы.
Бҧл талаптарды талдап, қорыта келе, оларға себепші болған
психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жҥргізу қорытындыларына
қойылатын әдіснамалық талаптарды анықтауға болады. Оларға дҧрыстық,
анықтық, сенімділік және дәлелділік жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |