87
мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-
қатынастарын бӛліп алу;
- жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін
анықтауға мҥмкіндік беретін ойлау әдісі;
- индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тҧжырым жасауға
мҥмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;
- дедукция – жалпы тҧжырымнан жеке тҧжырым жасауға мҥмкіндік
беретін талқылау әдісі;
- аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ҧқсастығы негізінде
олардың ҧқсастығы туралы айтуға ҥмкіндік беретін таным әдісі, басқаша
айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның
екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия,
кеңістіктік аналогия және т.б
- классификация- зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды
белгілері бойынша тҥрлі топтарға бӛлу (әсіресе, биология, геология,
география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың тҥрлі бӛлімдері).
Зерттеу процесі барысында тӛмендегідей интерғылыми әдістер
қолданылады:
• экстрополяция – ойдың дамуы немесе белгілі бір тарихи кезеңдегі
тенденциялардың ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тҧжырымдардың
бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;
• интерполяция - қҧбылыстардың динамикалық қатарында
кӛрінбейтін, бірақ осы қатар мҥшелерінің арақатынасын ашу негізінде
параметрлерді, функцияларды, кӛрсеткіштерді табу;
• модельдеу – шынайы тҥрде бар процестер мен қҧбылыстардың
логикалық, информациялық және графикалық қҧрылымын жасау, яғни
объектілерді жеңілдетілген тҥрінде бейнелеу; модельдеу – тҥпнҧсқаның
зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл кӛшірмесін
тҥсіру арқылы зерттеу;
• ретроспекция- объектінің жҥйелі тҥрдегі сипаттамасын алу ҥшін
зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртҥрлі уақыт
кезеңдеріндегі дамуының динамикалық қатарын зерттеу;
• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің
тҧжырымдары мен ойлары;
Кҥрделі қҧрылымды объектілерге
анализ жасау ҥшін тӛмендегі
әдістерді қолданады:
- декомпозиция – ҥлкен жалпы бір мақсатты бірнеше топтарға бӛлу;
- селекция – зерттелуге келетін варианттарды іріктеп алып, маңызы жоқ
фактілерді алып тастау;
- агрегирование – жекелеген сипаттамаларды жалпы сипаттамаға
біріктіру.
Егер объектінің қҧрылымы жҥйесіз болса, оны талдау ҥшін
88
дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға
жекелендіреді.
Жоғарыда айтылып ӛткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да,
дара тҥрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті
деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары
нәтижеге жету ҥшін олардың бірнеше тҥрінің жиынтығын пайдалану ғана
тиімді бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: