Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж


   Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет48/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

9.   Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері 
 
1. Таным әдісі ғылыми зерттеудің құрамды бөлігі ретінде 
2. Ғылыми танымның әдістеріне жалпы сипаттама 
3. Педагогикалық зерттеу әдістерінің  классификациясы 
 
1. Таным әдісі ғылыми зерттеудің құрамды бөлігі ретінде 
Әдіснама  дегеніміз  әдістер туралы  ілім,  оларды  зерттеушінің  ойлау 
сипатын,  оның  танымдық  процесінің  дамуының  жолын  анықтаушы 
ретінде қарастыру қажет.  
Әдіс  –  бҧл  белгілі  бір  қорытындыға  жетуге  кӛмектесетін 
әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық  ғылымның негізін  салушылардың 
бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның 
ойлау  қабілетінің  деңгейі  әртҥрлі,  сол  себепті  барлық  адамдардың 
жетістікке  жетуге  деген  мҥмкіндіктерін  теңестіру  ҥшін  белгілі  бір  қҧрал 
керек.  Ғылыми  әдіс  осындай  қҧрал  болып  табылады.  Сондай  –  ақ,  әдіс 
адамдардың мҥмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін 
біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ҧқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. 
Қазіргі  заманғы  ғылым  белгілі  методологияға,  яғни  қолданылатын 
әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек 
қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де 
ие  болады.  Зерттелетін  заттардың  әртҥрлілігінен  пайда  болатын, 
жаратылыстану  ғылымы  мен  гуманитарлық  танымның  методологиялары 
арасында  бірқатар  айырмашылықтар  бар.  Жаратылыстану  ғылымы 
методологиясында  заттың  жеке  ерекшіліктері   ескерілмейді,  себебі  ол 
баяғыда  қалыптасып  зерттеушінің назарынан тыс қалған.  Мысалы, тарих 
ғылымында  заттың   пайда  болуын,  оның  жеке  ерекшіліктерінің 
толығымен 
қарастырады. 
Әлеуметтік 
танымның 
методологиясы 
жаратылыстану  методологиясынан  пәннің  ӛзіндегі  айырмашылықтары 
бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным ӛзін  - ӛзі жоюшы нәтижеге 
алып келеді  (―биржаның заңдарын білу осы заңдардың ӛзін жоюға әкеліп 
соғады‖-деп  жазды  кибернетиканың  негізін  салушы  Н.Винер);  2)  егер 
жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, 
әлеуметтік  танымда  ондай  емес.  Сондықтан,  әлеуметтік  таным 
методологиясы  фактілерді  жалпылап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  ол  аса 
ҥлкен  маңызға  ие  индивидуалды  фактілермен  жҧмыс  істейді.  Осы 
фактілерден   объективті  ҥрдіс  пайда  болып,  солармен  де  тҥсіндіріледі.  
Гуманитарлық таным методологиясының ӛзіне тән ерекшелігі осында. 
Қазіргі  заманғы  ғылымда  жаратылыстану  және  гуманитарлық 
ғылымдардың  методологияларының  бір-біріне  жақындасу  тенденциясы 
байқалуда,  бірақ  олардың  негізгі  және  қағидалық  айырмашылықтары  әлі 


85
 
 
де сақталуда.   Ғылыми  әдістер  эмпирикалық  және  теориялық  әдістер 
болып бӛлінеді.Эмпирикалық әдістерге тӛмендегілер жатқызылған: 
1)  бақылау  –  объективті  шынайылықты  арнайы  тҥрде  қабылдау; 
2)  суреттеу  –  объектілер  туралы  мәліметті  табиғи  және  жасанды  тілдің 
кӛмегімен бекіту; 
3)  ӛлшеу-  объектілерді  ҧқсас  қасиеттері  немесе  белгілері  бойынша 
салыстыру; 
4)  тәжірибе  жасау  –  қҧбылысқайталанған  кезде  қажетті  жағдайлар 
қайталакғанына  байланыстыӛзгерістерді  арнаулы  дайындалған  орындар 
арқылы бақылау. Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге 
тӛмендегілер жатқызылады: 
1)  формаландыру  -  зерттеліп  отырған  шынайы  процестердің  мағынасын 
ашатын абстрактылы-математикалық модельдер қҧру; 
2)  аксиомаландыру  –  дәлелдеуді  керек  етпейтін  аксиомалар,  яғни 
дәлелдеуді  қажет  етпейтін  тҧжырымдардың  негізінде  теория  қҧру; 
3) гипотетикалық - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер 
тҧжырымдалатын 
бір-бірімен, 
дедуктивті 
байланыста 
болатын 
гипотезалардың жҥйесін жасау. 
Таным  процесіндегі  әдіске  антикалық  философияда  –  ақ  ҥлкен  мән 
берген,  онда  алғаш  рет  зерттеу  нәтижесі  мен  ғылыми  таным  әдісі 
арасындағы  ӛзара  қатынас  айқындалған  болатын.  Қазіргі  уақытта  таным 
әдістері,  олардың  қалыптасуы  мен  даму  процесі  зерттеу  объектісін  тану 
мен  ӛлшеудің  анық  ғылыми  нәтиже  бере  алатын  нақты  әдістерін  талап 
ететін  деңгейге  жақындап  келеді.  Сондықтан  ғылыми  –педагогикалық 
зерттеу  әдістерінің  дамуы  мен  жетілдіру  процесі  тҧтас  педагогикалық 
ғылымның дамуының ең басты қҧрамды бӛлігі болып табылады.  
Ғылыми  зерттеудегі  әр  тҥрлі  әдістердің  ӛзара  байланысы  мәселесі 
кӛкейкесті мәселеге айналып отыр. Бҧл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми 
танымдағы  философиялық  әдістердің  орны  туралы  мәселе  болып  отыр. 
Зерттеушінің  теориялық  ойлауының  негізінде  материалистік  диалектика 
әдісі  жатыр,  ол  ізденушіні  ғылыми  фактілерді  жинастыру  мен 
тҥсіндірудегі  субъективті  кӛзқарастан,  олардың  біржақтылығынан 
босатып,  зерттеушіні  зерттеу  мәселесіне  тарихи  анализ  жасауға,  оның 
дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты 
қарама–қайшылықтарды  шешудің  тәсілдерін  ашуға  шақырады.  Бҧл 
объективті  заңдылықтармен  анықталатын  білім  мен  ақиқаттың  әр  тҥрлі 
формаларының 
ӛзара 
байланысын 
анықтауға, 
қоғамдық 
және 
жаратылыстану  ғылымдарының  ілгері  дамуына  икемделген  ойлаудың 
басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек тҥсінуге кӛмектеседі. 
Тарихи  материализм  әдісі  барлық  қоғамдық  ғылымдар  ҥшін 
жарамды және  ол  әлеуметтік, педагогикалық  және  басқа  да заңдылықтар 
мен  олардың  дамуының  ерекшеліктерін  танудың  негізі  болып  табылады. 


86
 
 
Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен 
оның  тағдырын  анықтайды,  ал  оның  таным  объектісін  зерттеудегі 
принциптік  ыңғайы  зерттеу  нәтижелері  мен  олардың  әдістемелік 
қҧндылықтары  бағасының  дҥниетанымдық  кӛрсеткіштері  болып 
табылады. 
Таным  процесінде  белгілі  бір,  нақты  ғылымдарды  зерттеудің 
жекелеген,  арнайы  әдістері  бар.  Нақты  ғылымдардың  әдістерімен  қатар 
жалпы  ғылыми  сипаттағы    әдістер  де  кездеседі,  олар  барлық  дерлік 
ғылымдарда  қолданылады:  бақылау,  теңеу,  талдау  және  жинақтау, 
дәріптеушілік,  эксперимент,абстракіден  нақтыға  қарай  ӛрлеу,  индукция 
мен дедукция; бҧлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана тҥседі.   
Сонымен,  зерттеу  әдісі  дегеніміз кҥрделі  танымдық  әдістемелер,  ал 
олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының  белгілі бір 
тәртібін белгілейтін әр тҥрлі әдіс–тәсілдерінің жиынтығынан тҧрады. 
Зерттеу  әдістері  педагогикалық  ғылым  дамуының  басты  қҧрамды 
бӛлігі  болып  табылады.  Педагогикалық  ғылым  мен  тҧтас  педагогикалық 
білімнің  дамуы  педагогикалық  зерттеу  әдістерінің  даму  деңгейіне 
байланысты.  Ғылыми  нәтижелердің  анықтығы  алғашқы  ақпараттарды 
алудың  жолдары  мен  тәсілдеріне  және  зерттеу  әдістерінің  сенімділігіне 
байланысты.  Кез–келеген  педагогикалық  зерттеу  белгілі  ғылыми 
білімдерді дәлелдеу емес, ол – жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның 
зерттеу объектісі, заттары мен қҧбылыстарының мәнін ашуға бағытталған 
жан–жақты танымдық іс–әрекетінің бір тҥрі. 
   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет