Калық зерттеу әдістемесі оқу қҧралы АҚтау 2010 Ж



Pdf көрінісі
бет64/83
Дата27.04.2022
өлшемі1,02 Mb.
#32560
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83
Байланысты:
КАЛИЕВА Э.И.Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


123
 
 
13.  Педагогикалық эксперимент 
 
1.  Педагогикалық эксперимент туралы  ұғым 
2.  Педагогикалық  эксперимент  түрлері 
3. Эксперимент жүргізудің негізгі кезеңдері 
4. Экспериментті жүргізуде  ұсынылатын  тәжірибелік  кеңестер 
 
1.  Педагогикалық эксперимент туралы  ұғымы. 
«Эксперимент»  сӛзі    лат.  Experimentum  -  «сынама»,  «тәжірибе», 
«сынақ»  дегенді білдіреді. 
Педагогикалық эксперимент ҧғымының кӛптеген анықтамасы бар.  
Педагогикалық  эксперимент - педагогикалық қҧбылыстар, деректер 
мен тәжірибелерді зерттейтін таным әдісі.  
Педагогикалық    эксперимент  -  алдын  ала  жасалған  болжамдарды 
тексеру  және  негіздеу  мақсатында  оқушылар  мен  мҧғалімдердің 
педогогикалық қызметті  арнайы ҧйымдастыруы. (И.Ф. Харламов) 
Педагогикалық    эксперимент  -  тәжірибедегі  заңдылықтар  мен 
ӛзгерістерді  ашу  мақсатында  зерттелетін  педогогикалық  қҧбылысқа 
зерттеушінің белсенді араласуы. (Ю.З. Кушнер) 
Педагогикалық    эксперимент    -  нақты  жағдайдағы  педогогикалық 
ҥрдісті тҥрлендіруге арналған ғылыми тәжірибе. (И.П. Подласый) 
«Педагогикалық    эксперимент»  ҧғымының  бҧл  анықтамаларының 
барлығы,  біздің  ойымызша,  ӛмір  сҥруге  қҧқылы,  себебі  барлығының 
негізгі  ойы  бір,  яғни  педогогикалық  сынақ  алдын  ала  жасалған 
болжамдарды тексеру және негіздеуге, жаңа педогогикалық білімді ашуға  
бағытталған  педагогикалық  ҥрдістің  ғылыми  негізделген  және  дҧрыс 
ойластырылған  жҥйесі  екендігі  тҥсіндірілген.    Ол  педагогиканың  ӛзге 
әдістерімен салыстырғанда, педагогикалық ҥрдіс қҧрылымындағы әр тҥрлі 
факторлардың  мәнін  салыстыруға,  оқыту  -  тәрбилеу  саласындағы 
жаңашылдықтың  тиімділігін  тереңірек  ҧғынуға  мҥмкіндік  береді.    
Эксперимент  педагогикалық    қҧбылыстар  арасындағы  қайталанатын, 
тҧрақты, қажетті маңызды байланыстарды анықтауға, яғни педагогикалық  
ҥрдіске тән заңдылықтарды зерттейді. (Ю.К. Бабанский).   
Педагогикалық  қҧбылыстарды  ҥйреншікті  жағдайда  зерттеумен 
салыстырғанда,  эксперимент,  зерттелетін  қҧбылысты  басқаларынан  
жасанды  тҥрде  айырып,    сыналушыларға  педагогикалық  ықпал    етуді 
мақсатты тҥрде ӛзгерте алады.  
Педагогикалық    эксперимент  зерттеушіден  жоғары  әдіснамалық 
мәдениеттілікті,  оқыту  –  тәрбие    ҥрдісінің  тиімділігін  тіркейтін 
критериалық  аппаратты  және  эксперимент  бағдарламасын  мҧқият 
жасауды талап етеді.  


124
 
 
Сонымен,  зерттеушінің  педагогикалық  ҥрдіске  белсенді  араласуы  
эксперименттің  негізгі  мәні  болып  табылады.  Экспериментте  бақылау, 
сҧхбат,  әңгімелесу  және  т.б.  әдістердің  жиынтығы  қолданылады.  И.П. 
Павлов  эксперименттің  артықшылығын  айта  отырып,  бақылау  алдында: 
«Бақылау  табиғаттың  ҧсынғанын  алады,  ал  тәжірибе  табиғаттан 
қалағанын алады» деп пайымдады. 
 
 Зерттеуші эксперимент  барысында ӛз 
еркімен алдын ала анықталған, әртҥрлі жағдайда (бҧл жағдайлар  да оның 
ықпалына тәуелді болады),  қандайда  бір психологиялық  -  педагогикалық 
қҧбылысты  іске  асырады.    Эксперимент  зерттелуші  ҥрдістерге  ықпал 
ететін деректерді тҥрлендіруге  мҥмкіндік береді. Оның нақты жадайларда 
жаңа  тәжірибе  жасауға  мҥмкіндік  беруі  басты  артықшылығы  болып 
табылады.  
Педагогикалық  эксперимент  келесідей міндеттер тізбегін шешеді: 

зерттеушінің  ықпалы  мен  алынған  нәтиженнің  арасындағы 
кездейсоқ емес ӛзара байланысты анықтау;  

педагогикалық - психологиялық ықпал етудің екі немесе одан да кӛп  
нҧсқасының  табыстылығын  салыстыру  және  келесі  критериялар: 
нәтижелігі,    жҧмсалған  кҥш  пен  уақыт,  қолданылған  әдіс  –тәсілдер 
бойынша оңтайлысын таңдау; 

қҧбылыстар  арасындағы    себеп-салдарлық,  заңды  байланыстарды 
анықтау, оларды сандық және сапалық тҥрде ҧсыну; 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет