122
Балалар іс-әрекетінің нәтижесін сақтау, оны салыстыру баланың
шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерінің даму динамикасын
бағалауды қамтамасыз етеді.
Іс-әрекеттің нәтижесін зерттеу әдісіне педагогикалық қҧжаттарды
(есеп, нормативті және т.б. қҧжаттар) зерттеуді жатқызуға болады. Жҧмыс
барысында зерттеуші әр тҥрлі қҧжаттарды зерттейді: мінездеме, жеке ісі,
дәрігерлік
карта,
автобиография,
оқушы
кҥнделігі,
бақылау
жҧмыстарының жорналдары, білім мекемелерінің басшыларының
бҧйрықтары мен қаулылары, жиналыстар мен дӛңгелек ҥстелдің
хаттамалары және басқалар. Бҧл қҧжаттарды талдау оқушы тҧлғасының
даму динамикасын анықтауға, ресми пікірлерді салыстыруға, білім беру
ҥрдісін ҧйымдастырудың қалыптасқан жай-кҥйін анық сипаттайтын
шынайы мәлімет алуға мҥмкіндік береді.
Қҧжаттармен, соның ішінде педагогикалық зерттеулердегі мәтінмен
жҧмыс жасаудың бір әдісі ретінде, арнайы сайлау жолымен нақты ақпарат
алуға мҥмкіндік беретін контент-талдау әдісі қолданылады. Контент-
талдау (content – содержание, analysis - разложение) – мәтіндердің және
басқа да ақпарат тасушылардың (видеожазбалар, сҧхбат, ашық
сҧрақтардың жауабы, сауалнамалар және т.б.) ерекше сипаттамаларын
анықтауға мҥмкіндік береді. Мазмҧнды талдаумен салыстырғанда,
аталмыш ғылыми әдіс кейбір сапалық белгілерге – шынайылық,
дәйектілік, сай келетін ақпарат алуда қолданылады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Тест тҥрлерін атаңыз. Тестілеуге қойылатын талаптар қандай?
2. Жобалау тестілерін жасау және қолдану ерекшеліктерін атаңыз.
3. Мектеп қҧжаттары және оқушылардың щығармашылық жҧмыстарын
зерттеудің маңызы мен алатын орны?
4. Зерттеу жҧмысыңыздың тақырыбына, мақсатына сәйкес тестілеу әдісін
қолданыңыз. Оны аудиторияда ӛткізу әдістемесін кӛрсетіңіз.
5. Контент-талдау дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: