141
қҧбылыстың бір бӛлігі ғана қамтылады) деп бӛледі. Зерттеушінің кӛбінше
қҧбылыс жиынтығының барлығын толық зерттеуге мҥмкіндігі бола
бермейді. Әрине, бҧған әрқашан ҧмтылыс жасап отырған жӛн. Дегенмен,
жалпы зерттеу қажеттігі жиі туа бермейді. Ӛйткені, алғашқы бірліктердің
белгілі бір бӛлігін зерттеген соң қорытындылар жеткілікті дәрежеде ӛте
дәл, нақты болады.
Зерттеудің таңдау тәсіліне мҥмкіндік теориясы мен ҥлкен сандар
заңы теориялық негіз болады. Зерттеуге дәлелдер, бақылаулар саны
жеткілікті болуы ҥшін ӛте ҥлкен сандардың кестесі қолданылады. Мҧндай
жағдайда зерттеушіден мҥмкіндік кӛлемі мен болуы мҥмкін қателіктер
кӛлемін анықтау талап етіледі. Мысалы, теориялық болжамдармен
салыстырғанда бақылау нәтижелерінен алынған қорытындыдағы
қателіктердің болу мҥмкіндігі оң нәтиже ҥшін 0,05-тен аспауы және теріс
нәтиже ҥшін де (онда біз 100 жағдайдың 5-інен артық қателеспеуіміз тиіс)
солай болуы керек. сонда ӛте ҥлкен сандар кестесінен бақылау бірліктері
саны 270-тен кем болмағанда дҧрыс шешім 10 жағдайдың 9-ында, 663
бірліктен кем болмағанда 100 жағдайдың 99-ында болатынын табамыз.
Демек, біз жасайтын қорытындыдағы дәлдік пен мҥмкіндік сайын талап
етілетін таңдау кӛлемі де ӛседі. Бірақ психологиялық-педагогикалық
зерттеуде ол шектен тыс ҥлкен болмауы тиіс. Бақылау ҥшін таңдалған
300-500 бірліктің ӛзі де нақты қорытынды жасауға жеткілікті болады.
Таңдау кӛлемін анықтайтын бҧл тәсіл ӛте қарапайым. Арнайы
әдебиеттерде нақты берілген математикалық статистиканың одан басқа да
талап етілетін таңдаулы жиынтықтарды анықтайтын кҥрделі тәсілдері
бар. Бірақ кӛптік талаптарын сақтау қорытындылардың сенімділігін
қамтамасыз ете алмайды. Зерттеліп отырған қҧбылыстар тобын толық
дәрежеде қамти алатын таңдалған бақылау (әңгімелесу, тәжірибе,т.б.)
бірліктері ғана сенімді қорытынды бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: