Калменов Салауат Жансерикұлы педагогикалық практика


Сынып сағатын талдау схемасы



бет5/7
Дата02.05.2023
өлшемі58,59 Kb.
#88821
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Сынып сағатын талдау схемасы
Мерзімі: 20.02.2023
Сынып жетекшісінің аты: Әнуарбекова Г.Д
Сынып: 9 «А» сыныбы
Қатысқан оқушылар саны: 26
Сабақтың тақырыбы: «Мінез-адам көрсеткіші»
Сабақтың мақсаты: «Мінез» сөзінің мағынасын ашу, таныту; жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту. «Мінез», «Қарым-қатынас» туралы түсініктерін кеңейту;
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: мақал - мәтелдер, суреттер,постер,психологиялық тест.
Кіріспе әңгіме: «Мінез-адам көрсеткіші». «Бастауыш шақты» артқа салып «Жеткіншек шаққа» аяқ басып отырсыңдар. Міне осы кезеңде мінездеріңде көптеген өзгерістер пайда болады. «Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренетін» кезең.
«Мінез деген гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі-із қалдыру. Мінез- әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінез-өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысымен еңбексүйгіш, не жалқау, тәртіпті, не ұстамды болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Бірақ мінез-құлықты тәрбиелеуге болады. Оған жанұя, достар, үлкендер, орта әсер етеді.
Сұрақ-жауап:

  1. -Өз мінезің ұнамаса оны өзгертуге бола ма? Ол қиын ба?

  2. -Балалар әрқайсыларыңның мінездерің әртүрлі. Мінездің қандай жақтарын білесіңдер?

  3. -Қандай мақсатпен адам мінезін өзгерткісі келеді?

Қорытынды: Адамзаттың жаратылысында ғалымдардың айтуынша ғылымда ақылды сақтайтын «мінез» деген сауыт бар дейді. Абай атамыз айтқандай «қандайда бір ортаға сен білімділігіңмен сыймайсың, мінезіңмен сыясың» дейді. Мінезге бай болсаң, мінезің көркем болса керемет жансың. Мінез деген адамгершілік, кеңпейілділік, сабырлылық жалпы осы қасиеттің бәрі соның ішінде.

80 Сәкен Сейфуллин атындағы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет