Калменов Салауат Жансерикұлы педагогикалық практика



бет6/7
Дата02.05.2023
өлшемі58,59 Kb.
#88821
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
мектеп-гимназиясы
9 «А» сыныбына
Мінездеме
Мен, Калменов Салауат Жансерикұлы практикалық тәжірибеден өтудемін және маған берілген 9 "А" сыныбына тоқталып мінездеме бере кетпекпін. Сыныпта 26 оқушы бар. Оның ішінде11 ұл бала, 15 қыз бала. Сынып жетекшісі Әнуарбекова Г.Д. Сыныпта басқа мектептен, басқа сыныптан ауысып келген, келгеніне үш ай да болмаған оқушылар бар. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Сынып негізінен гуманитарлы пәндерді тереңдетіп оқиды және эстетикалық тәрбиеге бағытталған.
Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады.
Сыныптан тыс жұмыстарды сынып жетекшісінің көмегімен көбінесе сынып басшысы мен тәрбие секторы ұйымдастырады. Барлығын жоспарлап алғаннан соң әрбір оқушыға тапсырмаларын бөліп беріп, орындалуын қадағалап отырады. Тапсырманы әр оқушының бейімділігін, жеке-дара ерекшелігін ескере отырып бөледі.
Оқудан тыс өмірде оқушылар киноға, саябаққа барады. Кейде сынып жетекшісімен бірге бүкіл сынып болып қыдырады. Сынып ішінде демалу орнына барғысы келмей сыныпты артқа тартатын оқушылар да бар.
Сынып оқушылары сабақ жағына мықты болмаса да, сыныптан тыс жұмыстарға белсене, бірігіп ұйымдастырып, құштарлана қатысады.


Машықкер: Калменов Салауат
Сынып жетекшісі: Әнуарбекова Г.Д

80 Сәкен Сейфуллин атындағы


мектеп-гимназиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет