Калменов Салауат Жансерикұлы педагогикалық практика



бет7/7
Дата02.05.2023
өлшемі58,59 Kb.
#88821
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Салауаттт

9 «А» сынып оқушысы
Архабай Аделя


Мінездеме
Архабай Аделя 2007 жылдың қараша айында дүниеге келді.. Ол ақ көңіл, сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар, жауапкершілігі мол оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сонымен қатар, ол әрбір мектептік іс-шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Аделя толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата – анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Аделя көркем-мінезді, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында білім деңгейі көрсеткіші де өте жоғары.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Сұрақтар қоюдан тартынбайды, түсінбегенін сұрай алады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Аделя мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Аделя болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Сабақта өз ой - пікірін ашық айтады.

Машықкер: Калменов Салауат
Сынып жетекшісі: Әнуарбекова Г.Д


Рефлексия

Мен, Калменов Салауат Жансерикұлы, 6В01501 Шет тілі:екі шет тілі мамандығының 3 курс студенті 24.01.2023-24.02.2023 аралығында Астана қаласы №80 Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясында педагогикалық іс-тәжірибеден өттім. Әдіскер ретінде ағылшын пәнінің мұғалімі Әнуарбекова Г.Д бекітілді. Өз қабілетімді барынша пайдалануға тырыстым. Әр ісімізге, әр сабағымызға, әр әрекетімізге рефлексия жасау керектігімізді жадымда сақтадым. Әсіресе сыни ойлау арқылы рефлексияны жүзеге асырудың тиімділігін сезініп, қажеттілігін мойындадым.


Білікті мұғалімге қажетті қасиеттер мен дағдылар тізімін жасау үшін шағын топта бірлескен жұмыс жүргіздік. Карточкаларды талдау бойынша мінсіз оқушының сипатын бердік. Тұлғаның эмоциялық, әлеуметтік, когнитивті ерекшеліктерін үйлесімділікке танытуға болатынын зерделедік. Бағдарлама аясында істеген жұмысымызды суретпен де әрлеп, түрлі пішіндегі өнім ретінде де жасап, отырған аудиториямызды көрмеге айналдырып жібергендейміз.
Болашақ туралы айтатын болсам, алдымен мен әріптестерімді замануи әдіс – тәсілдермен таныстырып, олардың кәсіби әлеуетін арттыру үшін рефлексияның маңызы зор екенін баса айтқым келеді.. Өзім үшін мінсіз мұғалімнің сипатын жасап, қажет кезде өзімнің стилім мен тәсілімді өзгерте алатындай, топпен, жұппен әрекеттесу арқылы пікір – көзқарастарымды жеткізе алатындай дәрежеге жету керектігімді ұғындым.


Қолданылған әдебиеттер:
1.https://www.native-english.ru/grammar/past-simple
2.https://puzzle-english.com/directory/past-continuous
3.https://www.canva.com/design/DAFaBKyygUM/X02mCKqLJSohz_Tu11QCrw/edit?utm_content=DAFaBKyygUM&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton
4. Full Blast for Kazakhstan grade 9 Student’s book
5. https://www.baamboozle.com/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет