Сабақтың мақсаты және міндеті, қабілеттілігі, бейімделуі, құзыреттілігі: Гормондар жөнінде толық мағлұмат беріп, гормондардың алмасуын , бөлінуін ,қызметін түсіндіру.
Сабақтың қысқаша мазмұны:
Денеде жүйкеден басқа, сонымен қатар, жалпы тəннің қызметін дұрыс жүргізіп отыратын, биологиялық əрекетшіл заттар жасап шығаратын арнаулы мүшелер – бездер де бар. Бездердің екі түрі белгілі. Олардың біреуінің өзегі бар, сол арқылы заттар дененің, мүшелердің қуысына немесе терінің бетіне бөлініп шығады. Олар сыртқы секреция безі немесе эндогендік бездер деп аталады. Жас, тер, сілекей, қарын бездері жəне т.б. сыртқы секреция бездері болып табылады. Арнаулы өзектері жоқ жəне ағып өтетін қанға заттар бөліп шығаратын бездер ішкі секреция безі деп аталады. Гректің «endo» -ішкі, «crino» - шығару, бөлу деген сөзінен шыққан. Жыныс бездері, ұйқы безі, мидың қосымша безі, бүйрек бездері, қалқан безі жəне басқа бездер ішкі секреция бездеріне жатады. Олар өздерінің шығаратын уытын (секрециясын) белгілі бір орынға шығармай, бірден жалпы қан саласына құйып, сол арқылы бүкіл денеге таратып отырады. Мұндай бездердің ғылым тілінде ішкі секреция бездері деп аталуы сондықтан.
Осы бездердің ішінде түзілетін биологиялық əрекетшіл заттарды гормон деп атайды. Химиялық табиғатына қарай гормондар төрт топқа бөлінеді:
1. Белоктік немесе пептидтік гормондар (инсулин, гипофиз, гипоталамус, қалқанша маңындағы без гормондары);
2. Тироксин, адреналин, норадреналин, т.с.с амин қыш қылдарының туындысы болып келетін гормондар;
3. Стероидтық: жыныс бездерінің гормоны, бүйрек безі гормоны, т.б.;
4. Жергілікті əсер ететін гормондар (гормон тəрізді заттар): по лиқанықпаған май қышқылдарының туындысы – простагландиндер
Гипофиз (ми қабаты гормондары). Гипофиз (ми қосалқысы) - омыртқалы жануарлардағы ішкі секрецияның аса маңызды безі. Мидың астында орналасқан.
Гипофиз - алдыңғы (аденогипофиз), ортаңғы (нақ аралық) жəне артқы (нейрогипофиз) үш бөліктен құралады. Алдыңғы жəне ортаңғы бөліктерін аденогипофиз деп, артқы бөлігін нейрогипофиз деп атайды. Гистологиялық құрылысы күрделі алдыңғы бөлімі негізінен хромофобты без жасушаларынан, ортаңғы бөлімі – базафильді жасушалардан, артқы бөлімі питуицидтер мен жүйке талшықтарынан тұрады. Жалпы алғанда, гипофиздің ортаңғы бөлімі адамда нашар дамыған жəне қызметі əлі күнге дейін айқындалған жоқ деуге де болады. Олардың əр бөлігі ерекше гормондар өндіреді. Молекулалары пептидтік құрылыспен сипатталады. Пептидтік гормондар белоктік қосылыстар болып саналады: олардың молекулалары ашық та, тұйық та (циклді) бола алатын пептид тізбекшелерінен құралады. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары: соматотропин, тиреотропин, адренокортикотропин жəне үш түрлі гонадотропиндер. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары. Гипофиздің артқы бөлігінің гормондары: окситоцин жəне вазопрессин. Вазопрессин ағзада су-тұз алмасуын реттейді. Вазопрессин түзілу процесі бұзылған кезде адамда зəр көп бөлінеді, оның мөлшері тіпті тəулігіне 20 л шамасына дейін жетеді. Мұндай сырқатқа ұшырағандар суды көп ішеді, сусамыр болады. Вазопрессин қан тамырлары саңылауларын тарылтады жəне қан қысымын көбейтеді. Окситоцин химиялық табиғаты жағынан вазопрессинге ұқсайды. Окситоцин жылтыр бұлшық еттерді қатты жиырылтып, қысқартады. Тууы қиындап, ұзап кеткен кезде окситацин қолданылады.