Қышқылдық сілтілік үйлесімділіктің физиологиялық жүйелер мен реттелуі.
Қышқылдық слтілік үйлесімділіктің қалыпты деңгейде үсталып туруы физиологиялық жүйелердің қатысуы мен де болады.Олар организмнен қышқылдар мен сілтілерді шығарады және буферлік жүйе бөлшектерінің арақатынасын қалпына келтіреді.Бұл негізінен тыныс алу жолдарымен және бүйректің қызметі мен атқарылады.
Өкпенің өышқылдық сілтілік үйлесімділікті реттеуге қатысуы.
Өкпе вентиляциясы өзгергенде қанда көмірқышөылды газының деңгейінен Рh мөлшері өзгеріп түрады.Организмде қышқыл өнімдері көбейіп кеткенде тыныстық орталық қозудан тыныс алу жиілеп СО 2 организмнен сыртқа шығарылады рН мөлшері қалыпты деңгейде ұсталынады.Керсінше организмде сілтілік өнімдер жиналғанда, тыныстық орталық тежледі де, дем алу сиреп, қанда СО 2 жиналады рН қалыпты деңгейде сақталады.
Бүйректің қышқылдық сілтілік үйлесімділікті реттеуге қатысуы.
Қышқыл сілтілі үйлесімділікті реттеуге бүйрек үш түрлі жол мен қатысады
Көптеген дертер кезінде қышқылдық сілтілік үйлесімділік қышқылдық (ацидоз) немесе сілтілі (алкалоз) жаққа ауысуы мүмкін.
Ацидоз мына төмендегі түрлерге бөлінеді.
1. Газды ацидоз. Ацидоздың бұл түрі қанның құрамында көмір қышқыл газы көбейген жағдайда, тыныс алу процесі бұзылғанда, ауада көмірқышқыл газының концентрациясы өткенде (мысалы, қапасталған бөлме жағдайында) байқалады.
2. Газсыз ацидоз. Зат алмасу процесі бұзылғанда, бөлу жүйесінің жұмысы нашарлағанда, алмасу процесі барысында қышқылдар бөлетін заттар мөлшерден тыс қабылданғанда, организде әр түрлі қышқыл заттар жинақталып (мысалы, сүт, пирожүзім, ацетон - сірке, оксимай қышқылдары), қанның әрекетшіл реакциясы қышқылдық жаққа ауытқиды.
3. Теңгерілген ацидоз жағдайында қанның сутектік көрсеткіші (рН) өзгермей, тек сілтілік қоры азаяды.
4. Теңгерілмеген ацидоз жағдайында қанның әрекетшіл реакциясы қышқылдық жаққа ауытқып, оның сутектік көрсеткіші төмендейді.
Алкалоз да газды, газсыз, теңгерілген және теңгерілмеген болып бөлінеді. Газды алкалоз тыныс жиілеп, организмнен көмір қышқылы көп бөлінген жағдайда байқалады, ал газсыз алкалоз зат алмасу процесі мен бөлу жүйесі жұмысының бұзылуына байланыс тытуындайды. Теңгерілген алкалоз жағдайында қанның сутектік көрсеткіші өзгермей, тек сілтілік қор өседі, ал теңгерілмеген алкалоз кезінде қанның сутектік көрсеткіші сілтілік жаққа ығысады (рН>7,45).
Достарыңызбен бөлісу: |