Әдістің принципі. Диализ әдісі жартылай өткізетін қабықшаның молекулалық массасы аз қосылыстарды кішкентай көзшелерден өткізіп, ал молекулалық массасы үлкен косылыстарды өткізбеуіне байланысты. Диализ әдісі арқылы белоктардың ертіндісін оларға араласқан түздардан, углеводтардан және т.б. молекулалық массасы төмен қосылыстардан тазартады.
Реактивтер мен құралдар
1. NаCl қосылған белок ертіндісі.
6. Целлофан қағаздары.
2. 0,5%-ті АgNО3 ертіндісі.
7. Стакан.
3. 10%-ті НNО3 ертіндісі.
8. Шыны таяқша.
4. 1% -ті СuSO4 ертіндісі.
9. Пробирка.
5. 10% -ті NаОН ертіндісі.
Жұмысты орындау тәртібі NaCl араласқан 5 мл белок ертіндісін целлофан қалтаға құйып, дистилденген су кұйылған стаканға батырады. Диализ бөлме температурасында 20-30 минут жүргізеді. Диализ барысында дистилденген сумен Сl- ионына және белокқа сапалық реакция жасау керек. Диализ біткеннен кейін осы сапалық реакцияларды целлофандағы белокпен және стакандағы сумен жасайды.
а) СІ- ионына сапалық реакция. Екі пробирка алып, біріншісіне 1-2 мл белок ертіндісін целлофан қалтадан, екінші пробиркаға 1-2 мл стакандағы судан құяды. Екеуіне де 2-3 тамшы AgNO3 ерітіндісін қосады. Не пайда болады? Неге олай?
б) Биурет реакциясы арқылы белокты анықтау. Бірінші пробиркаға 1-2 мл целлофан қалтадағы белок ертіндісін, екінші пробиркаға диализ жүрген стакандағы судан 1-2 мл құяды. Екі пробиркаға да 1-2 мл NaОН ертіндісін және 3-5 тамшы СuSО4 ертіндісін қосады. Не байқалады? Неліктен?
Қосымша нұсқау 1. Целлофан қалтаға белок ертіндісін құйған кезде, осы қалтаның сыртына белок құйылып кетпегенін байқау керек.
2. «Белоктар және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма Оқулық пен лекция конспектісін пайдалана отырып «Белок» тақырыбына әзірлену керек.