Реактивтер мен құралдар Май, этанол, 5%-ті йодтың спирттегі ертіндісі, 1% -ті крахмал ертіндісі, натрий гипосульфитнің 0,1н ертіндісі (Na2S2O3), 300 мл қақпақты колбалар - 2 дана, бюретка, 200 мл цилиндр, 10 мл пипеткалар - 2дана, су моншасы, таразы.
Жұмыстың орындалу тәртібі 300 мл колбада 0,10-0,12 г майды 10 мл этил спиртінде еріту үшін су моншасына салып қыздырады. Екінші колбаға тек 10 мл этил спиртін құйып тәжірибені қатар жүргізеді. Екі колбаға да 5 мл 5 % йодтың спирттегі ертіндісі мен 200 мл жылы су /20-30°С/ құйып, араластырады да, 5 мин колбаның аузын қақпақпен жауып қояды. Екі колбадағы йодтың артық мөлшерін 0,1н гипосульфит ертіндісімен титрлейді. Индикатор ретінде 10-12 тамшы 1%крахмал ертіндісін пайдаланады. Титрлеуді ертіндінің көк түсі жойылғанға дейін жүргізед. Майдагы йод санын мына формула бойынша анықтайды
х = (а - в) ´ 0,0127 ´ І00/c;
мұнда:
х - майдағы йод саны;
а - бос тәжірибеге (майсыз) кеткен гипосульфит мөлшері;
в - маймен жүргізілген тәжірибеге кеткен гипосульфит мөлшері;
с - майдың салмағы (г мөлшерімен);
0,0127 - 1 мл 0,1н гипосульфит ертіндісіне сәйкес йод мөлшері.
Қосымша нұсқау 1. Майдың толық еруін қадағалау қажет.
2. Йод пен суды қосқаннан кейін қоспаны мұқият араластырады.
3. Титрлеуді асықпай, мұқият жүргізу керек.
4. «Липидтер және олардың алмасуы» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма 1. Майдың және май құрамына кіретін қышқылдврдың формуласын жазу.
2. Үшолеин мен йодтың әрекеттесу реакциясының теңдеуін жаз.
Проблемалық сұрақтар 1. Майдағы йод санының оның биологиялық қасиеттеріне қандай әсері бар?
2. Йод санының анықтаудың қажеттілігі қандай?
8 – зертханалық жұмыс
Белокты диализ арқылы тазарту Жұмыстың мақсаты. Студенттерді белоктардың физика-химиялық қасиеттерімен және диализ әдістерімен таныстыру.