5- зертханалық жұмыс
Қандағы каталазаның активтілігін анықтау Жұмыстың мақсаты. Ферменттердің қасиеттерімен студенттерді таннстыру.
Әдістің принципі. Каталаза ферменттердің аксидоредуктаза класына жатады жөне сутегі асқын тотығын мына теңдеумен ыдыратады:
2Н2О2 каталаза Н2О + О2
Каталазаның активтілігін білу үшін каталаза санын анықтайды. Каталаза саны - бір микролитр (мкл) қан ыдырататын сутегі асқын тотығының мг мөлшері (саны).
Реактивтер мен құралдар 1. Дистилденген су
2.Зерттелетін кан
3. 1% -ті сутегі асқын тотығының ертіндісі
4. Н2S04 10% -ті ертіндісі
5.КМn04 0,1н ертіндісі
6. Конус тәріздес колбалар - 3 дана
7. Пипеткалар 1,5және 10 мл
8, Микропипетка - 1 дана
9. Титрлеуге арналған бюретка
10. Электроплитка
11. Термостат
Жүмысты орындау тәртібі Конус тәрізді колбаға 20 мл дистилденген су құйылады. Сол суға микропипеткамен 20 мкл қан қосып, араластырады. Бұл қанның негізгі ертіндісі (сұйылту дәрежесі 1:1000). Алынған ертіндінің бір бөлігін (2-3 мл) пробиркаға құйып алып, 2 мин қайнатады. Екі конус тәрізді колбаға 7 мл дистилденген су құяды, оның үстіне: біріншісіне 1 мл қайнатылмаған кан ертіндісін, ал екіншісіне 1 мл қайнатылған қан ертіндісін косады. Екі колбадағы 2 мл сутегі асқын тотығының 1% ертіндісін құйып, оны 30 мин термостатка 37-40°С қояды. 30 мин өткен соң екі колбаға да 3 мл Н2SО4 10% ертіндісін қосып, әрбір колбадағы қоспаны тұрақты қызғылт түске боялғанша КМnО4 0,1н ертіндісімен титрлейді. Қайнатылмаған және қайнатылған қан құйылған колбалардың титрлеу айырмасын анықтайды. Бұл айырманы 1,7 көбейтіп, каталаза санын табады. 1,7 – Н2О2 1 мл КМnО4 0,1н ертіндісіне сәйкес келетін, мг мөлшері .
Қосымша нұсқау 1. 2 мл сутегі асқын тотығының ерітіндісін алу қажет.
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Проблемалық сұрақтар 1. Ауылшаруашылық малдарының өнімділігіне каталаза ферменті калай әсер етеді?
2. Жоғары және төменгі температуралардың әсерімен ферменттер қандай өэгеріске үшырайды?
Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма Оқулық пен дәріс конспектілері бойынша «Ферменттер классификациясы және олардың биологиялык маңызы» тарауын дайындау.