(С6Н10О5) n + nН2О амилаза декстриндер 1/2n (С12Н22О11) крахмал мальтоза Амилазаның активтілігіне ортаның рН-ы әсер етеді, өте жоғары активтілік көрсететін ортаның рН-ы оптималды рН деп аталады. Амилазаның активтілігін крахмалдың ыдырауына байланысты білуге болады. Ыдырамаған крахмал йод ертіндісімен көк түс береді, ал ферменттің әсерімен ыдырай бастағанда, оның түсі де өзгере бастайды: сарғыш болып келіп, түссізденеді.
Реактивтер мен құралдар 1. Люголь ертіндісі
2. Крахмалдың 0,5% -ті ертіндісі
3. Nа2НРО4 0,2н ертіндісі
4. Лимон қышқылының 0,1н ертіндісі
5. Сілекей ертіндісі
6. Колбалар - б дана
7. Пробиркалар 2-8 дана
8. Пипеткалар
Жұмысты орындау тәртібі 1. Сілекей ертіндісін дайындау. Таза пробиркаға (2-3 мл) сілекей жинайды, оны біраз тұндырып қояды. Колбаға 29 мл су құйып, оған 1 мл таза сілекей қосады.
2. Бес нөмірленген колбаны алып, бірнеше буфер ертінділерін дайындайды.
3. Бес нөмірленген пробирканы алып, әрқайсысына 3 мл тиісті буфер құйылады, 3 мл крахмалдың 0,5% -ті ертіндісі және 1 мл сілекей ертіндісі қосылады. Әрбір пробиркадағы қоспаны жақсылап араластырып, бөлме температурасында қалдырады.
4. Әрбір 5 мин сайын № 3 және № 4 пробиркалардан Люголь ертіндісімен боялуға сынама алынып отырады, ол үшін осы аталған пробиркалардан 5-6 тамшы ертіндіні таза пробиркаларға тамызады, оларға 1 тамшыдан Люголь ертіндісінен қосады.
5. Пробиркалардың бірінде қызыл-қоңыр түс пайда болысымен барлық бес пробиркаға 1 тамшыдан Люголь ертіндісін қосып, шайқайды, түсінің өзгеруін байқап отырады. Ең ашық түсті пробирканың рН мәні амилазаның оптималды рН-ына сәйкес келеді.
Қосымша нұсқау 1. Таблицадағы көрсетілген рН мәні буферлі ертінділердің компоненттерінің дәл көлемі араласканда ғана болады.
2. «Ферменттер» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.
Проблемалық сұрақтар 1. Ферменттердің активтілігінің ортаның рН-ына тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?
2. Организмнің буферлі жүйесінің ферменттер әсеріне қандай маңызы бар?
3. Крахмал ертіндісінің түсінің өзгеруін тіркей отырып, оны крахмалдың ыдыруына байланыстырып түсіндіру?
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма Жұмысты жақсы орындау үшін оқулык пен лекция конспектілерінен ферменттердің жалпы касиеттерімен танысыңдар.