Оның ішінде құрлықтың жері 9 093 507 км², сулы жері 891 163 км².
Канаданың территориясының басым бөлігі жазықтық болып келеді.
Канада жерінің аумағы бойынша (суларымен қосқанда) әлемде екінші орынды иеленеді және Солтүстік Америка материгінде ең үлкен ел болып табылады.
Канада аталған материктің солтүстігін түгелімен алып жатыр деп айтуға болады, тек АҚШ-қа тиесілі Алясканы қоспасақ. Елдің солтүстігіндегі жерлердің көбі Арктикалық аймаққа кіреді. Ол жерлерде үнемі мұз жатады, екі жылдай уақыт бойы температура нөлден төмен болып сақталады.
Канаданың тағы бір географиялық ерекшелігі – әлемдегі ең ұзын жағалау шекара Канадаға тиесілі. Жалпы ұзындығы 202 080 километрге тең жағалаулық шекарасы бар.
Канаданың таулы аймақтары мен жазық жерлері геологикалық жағынан сезімтал келеді. Жер сілкінісі мен вулкандардың атқылауы қалыпты жағдай. Мигер тауларында және Эдзиза тауларында үлкен жанартаулар (вулкандар) орналасқан.
Канада он провинция мен үш территориядан тұрады.
Провинциялар конституция бойынша өз құзыреті шегінде жоғарғы билікке ие егеменді әкімшілік бірліктер (Альберта, Британдық Колумбия, Жаңа Шотландия, Квебек, Манитоба, Нью-Брансуик, Ньюфаундленд және Лабрадор, Онтарио, Саскачеван, Ханзада Эдуард Аралы).
Территориялар қарапайым заң бойынша жергілікті әкімшіліктерге кейбір өкілеттіктер беретін Канада Федералды Парламенті тікелей басқаратын әкімшілік бірліктер (Нунавут, Солтүстік-Батыс территориялары, Юкон)
4. Әкімшілік бөлінісі Канаданың жері үлкен болғандықтан бірнеше климаттық белдеулер бар. Мысалы, ең солтүстік аймағы Арктикалық белдеуде орналасса, одан төменгі жерлері Субарктикалық белдеуде орналасқан. Солтүстіктегі аралдарда үнемі қар мен мұз жатады. Ол аймақта тундра табуға болады, ең суық аймақтары да осында. Ал Британдық Колумбия жерінде жаймашуақ жаз (25 to 30 °C), жауынды маусымдар болады. Бұдан бөлек, солтүстікке жақын орналасқан жерлерде алты ай бойы қар жата береді. Ең төменгі температура ретінде тіркелген көрсеткіш -63˚С (Юкон).
5. Климаты Канада импортының шамамен 54,1% АҚШ-тан, 9,4% Қытайдан және 4,2% Мексикадан келеді.
Канада импортының тауарлық құрылымы келесідей: