Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


Ал Harmony таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз



бет24/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

Ал Harmony таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адамды ұрыс-керістен аулақ ұстаңыз. Талас болуы ықтимал жиналыстарға шақырмаңыз. Өйткені ол біреуге қарсы келсе мазасы қашады.

  • Ол мәселенің шешімін іздегісі келеді. Ал ол шешім қайдан шығатыны оған аса маңызды емес.

IDEATION (Идея)


Сіз идеяға құмарсыз. Сіз бір нәрсені дәл түсіндіретін ой тапсаңыз шаттанасыз. Түрлі нәрсенің арасынан бір байланыс тапқыңыз келеді. Идея деп үйреншікті нәрсеге жаңаша қарауды айтамыз. Сіз тапқырлықты жақсы көресіз. Сондықтан жаңа идея тапқан кезде бойыңызды қуат кернейді. Басқалар сізді шығармашыл, тапқыр деп сипаттайды. Бұл қасиеттің бәрі сіздің бойыңызда бар да шығар. Бірақ бір нәрсе айқын - идея деген ғажап нәрсе!
Ideation таланты бар жандар былай көрінеді:
Ш мырза: Мен керемет идея тапсам алтын тапқандай қуанамын. Кітап оқып отқанда бір сұлу сөз тіркесін көрсем шаттанамын. Идея маған қуат береді. Өз идеямның өңге айналғанын көргеннен асқан бақыт жоқ.
Ideation таланты бар жандарға кеңес:

Ideation (Идея)

“шикізат” бола алады. Ой талқылауға уақыт бөліңіз.

Ал Ideation таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:

  • Мұндай адам сұлу сөзден ләззат алады. Бір ойды керемет сипаттайтын бір сөз тіркесін тапса делібесі қозады.

  • Олар жоспар жасағанда және бір нәрсені жобалағанда аса пайдалы. Оның идеяларын қолдау, оларды орындауға тырысыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет