Ал Focus таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Шұғыл әрі дереу орындалуы қажет жоба болса осы адамды тартыңыз. Ол айтпасаңыз да бәрін уақытылы орындауға тырысады. Жоба басшысы болып тағайындалған күннен бастап бар күшін бір мақсатқа салады.
Мұндай адамға жүйесіз жиналыстар жақпайды. Жиналыста еш құлықсыз отырады.
Ол басқалардың көңіліне қарап жүреді деп ойламаңыз. Оған мақсатына жету басқаның көңілінен қымбат.
FUTURISTIC (Болашақшыл адам)
Сіз болашақты болжағанды жақсы көретін адамсыз. Сіз болашаққа ғашықсыз. Сіз көз алдыңызға болашақты кино көргендей елестетесіз. Сол бейне сізді әрдайым алға, ертеңгі күнге жетелейді. Ал ол бейнеде не көретініңіз сіздің басқа мықты таланттарыңыз байланысты. Бірақ қайткенменде сол бейне шабыт береді. Сіз болашақ туралы бір қиялы бар арманшыл жансыз және сол қиялды бағалайсыз. Бүгініңіз көңіліңізге қаяу түсірсе, ал айналаңыздағы адамдар тым прагматикалы болса сіз болашақты көз алдыңызға елестетіп, содан қуат аласыз. Ол бейне айналаңыздағы адамдарға да қуат беруі мүмкін. Басқалар сіздің болашақты туралы қиялыңызға сеніп, ынталанады. Сондықтан өзіңіз көретін болашақты дұрыс сипаттай біліңіз.
Futuristic таланты бар жандар былай көрінеді: С ханым: Мен болашақ туралы ойлағанды жақсы көремін. Сол болашақ туралы ойларым өңіме айналып жатқан сияқты. Бес, он жылдан кейінгі өзімді оп-оңай елестете аламын. Қалай қарай дамуым қажет екенін көре аламын. Осы талантым мені алдамайды деп білемін.
Futuristic таланты бар жандарға кеңес:
Болашақ туралы болжамыңызды айта алатын қызметтерді таңдаңыз. Мәселен кәсіпкерлік
Futuristic (Болашақшыл адам)
немесе стартап жоба оң жанбасыңызға келуі мүмкін.
Болашақты ойлауға уақыт арнаңыз. Оны қаншалық ойласаңыз соншалық қиялыңыз айқынырақ бола бермек.
Сіздің сол қиялыңызды бағалайтын ортаны табыңыз. Олар сізге сенеді және сол сенімі сізге шабыт береді.
Activator таланты мықты адаммен серіктес болыңыз. Сонда құр қиялдап қана қоймай әрекетке көшесіз. Сіз көретін қиялды өңге айналдырғысы келетін адамдармен бірге жүріңіз. Ал Futuristic таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адамның есі-дерті болашақта екенін түсініңіз.
Бұл адаммен алда болуы мүмкін нәрселер туралы сөйлесіңіз.
Болашақ туралы қиялына қанат бітіретін дерек пен мәлімет тауып беріңіз.