Каниязов Шразаддин Талантыңды таны Алматы, 2021. 104 бет


HARMONY (Ынтымақ пен үйлесім)



бет23/41
Дата26.12.2023
өлшемі1,1 Mb.
#144092
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Талантыңды-таны

HARMONY (Ынтымақ пен үйлесім)


Сіз ынтымақ пен үйлесім бар ортаны іздейсіз. Сіз үшін ұрыс-керістің пайдасы аз, сондықтан оны болдырмауға тырысасыз. Егер біреулердің тіл табыспай жүргенін білсеңіз оларды жарастырғыңыз келеді. Қастықтан достыққа тартсам дейсіз. Сол ынтымақ пен үйлесім өмірдегі басты құндылығыңыз. Сіз басқалар бір бірімен ұрысып сонша уақытты босқа жіберетін себебін түсінбей дал боласыз. Бәрі ынтымақта болса нәтижелі еңбек етпес пе еді? Сіз бәрі осыны түсінсе бақытты болар еді деп білесіз. Басқалар өліп-тіріліп бір нәрсені түсіндіріп әлек болып жатқанын көрсеңіз үнсіз қаласыз. Басқалар жанталаса жарысып жатқанда сіз өз мақсатыңызды басқалардың мақсатына ықшамдап отырасыз. Бірақ ол үшін олардың мақсаты сіздің бастапқы құндылықтарыңызға қайшы келмеуі керек. Басқалар қайдағы жоқты айтып таласқанда сіз күнделікті өмірдегі мәселелерді шешіп алуды жөн көресіз. Сіз үшін адамның бәрі бір кемеде, ал мақсатқа жету үшін кеме бүтін болуы керек. Сондықтан айналаның берекетін алатын адамдарды жақтыра бермейсіз.
Harmony таланты бар жандар былай көрінеді:
Е мырза: Бірде достарымызбен бір отырыста болған едік. Мен ет турай бастағанда екі досым ет турауға сөз таласып қалды. Бірақ соның өзінде мазам қашты. Сондықтан көп нәрсеге келіспесем де көпшіліктің шырқы бұзылмасын деп үндемей қоя сала-
Harmony (Ынтымақ пен үйлесім)

мын. Маған ірі-ұсақты пікірталастың өзі жайсыздық сыйлайды.
Harmony таланты бар жандарға кеңес:

  • Түрлі көзқарастағы адамдарды бір араға жинау үшін Harmony талантыңызды қолданыңыз.

  • Кез келген көзқарасты қабылдауға дайын болған соң үйрену қабілетіңіз де жақсы.

  • Күнде біреумен сөз таластыруға тура келетін жұмыстан бас тартыңыз.

  • Command немесе Activator таланттары бар адамдармен серіктес болыңыз. Сонда күрделі түйінді шешуге көмектесетін серігіңіз болады.

  • Барлық жерге ынтымақ пен үйлесім орнатамын деп басқаның шамына тиюіңіз мүмкін екенін естен шығармаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет