Сіз көп мақтау айтасыз, көп күлесіз және әр нәрсенің бір жақсылығын көресіз. Басқалар сізді жеңілтек деп ойлауы мүмкін. Ал тағы басқалары сіздей шаттанып күлсем деп армандайды. Қайткенменде адамдар сіздің қасыңызда болғанды жақсы көреді. Сіздің энергияңыз бен оптимизміңіз болмаса олардың өмірі сүреңсіз көрінеді. Сіз бәрінің еңсесін көтересіз. Сіз әр жобаны қызық етесіз. Әр жетістікті тойлайсыз. Бәрін қызығырақ әрі тартымдырақ етудің амалын табасыз. Сіз үшін өмір ғажап, жұмыс керемет, ал айналаңыздағы адамдар сый.
Positivity таланты бар жандар былай көрінеді: А ханым: Мен үшін кезіккен адамның бәрі жақсы. Тіпті түнде таксистің өзінен еш жамандық күтпеймін. Мен үшін адамның бәрі жақсы секілді. Құрбыларым аңғал болма деп ұрсып жатады. Мен әзілдескенді жақсы көремін.
Positivity таланты бар жандарға кеңес:
Сіз жақсы нәрсені байқағаныңыз үшін ақы төлейтін кез келген қызметте жетістікке жетесіз. Мәселен ұстаз, сатушы және кәсіпкер ретінде бақ сынап көре аласыз.
Сіз басқаларға қарағанда қуанышты әрі қуатты болуға бейімсіз. Сіздің ақкөңілдігіңіз аңғалдық емес.
Positivity (Жақсылыққа жору)
Сіз жаман нәрселер болса да тек жақсылыққа ден қою керек деп білесіз.
Қиындыққа бас ауыртпайтын адамның кейпін жасамаңыз. Тек кез келген мәселені шеше алатыныңызға сенімді екеніңізді білдіріңіз.
Жамандық шақырып жүретін адамдардан аулақ болыңыз. Олар сіздің берекеңізді қашырады.
Positivity таланты бар адамдармен жұмыс істейтіндерге мынадай кеңес айтамыз:
Мұндай адам жұмыс ортасына қуат пен қуаныш береді. Ұйымыңызды көңілді етеді.
Positivity таланты бар адам әрдайым көңілді жүреді деген сөз жоқ. Десе де ол әрдайым бәрінен бір қайыр мен жақсылық көруге тырысады.
RELATOR (Жақын тарту)
Relator таланты сіздің айналадағы адамдармен қарым-қатынасыңызға қатысты. Яғни сіз айналаңыздағы адамдармен араңызды жақсартуға тырысасыз. Сіз бейтаныс адамдардан қашасыз деуге келмейді. Десе де сіз өзіңіз танитын, жақын адамдарыңыздың арасында өзіңізді жайлы сезінесіз. Сізге сол жақындық ұнайды. Сіз бір танысып алған соң қарым-қатынасты нығайтуға тырысасыз. Олардың сезімін, мақсатын, қорқынышы мен арманын түсінгіңіз келеді. Сонымен бірге олар да сізді түсінсе дейсіз. Сізге тек шынайы қарым-қатынас қана маңызды. Ал шынайылық үшін ашықтық керек.