бет 5/13 Дата 14.05.2023 өлшемі 0,58 Mb. #93090
Байланысты:
Силлабус Биостатистика 5. Пәннің мақсаты: биостатистика пәні бойынша теориялық негіздерін оқып білу , статистикалық өңдеу əдістерін қолдану жəне дағдыларын қалыптастыру, қолданбалы бағдарламалар пакетін қолдануда білім негіздерін қалыптастыру.
6.Оқытудың соңғы нәтижелері:
А. Білу және түсіну:
деректердің типін жəне оларды ұсыну тəсілдерін;
өлшеу мөлшерлерін;
сəйкестік пен келісім критерийін ;
жүйелі қателердің типтерін жəне оларды зерттеулерде бағалауды;
белгілерді қалыпты бөлу заңының қасиетін;
дисперсиялық анализді ;
корреляциялық тəуелділікті;
Пирсон корреляциясы коэффициентін, Спирменнің рангалық корреляция коэффициентін;
жорамалды тексерудің параметрлік емес критерийін ;
Стьюденттіңt – критерийін;
эпидемиологиялық анализдің негізгі критерийін, эпидемиологиялық көрсеткіштерді ;
медициналық-биологиялық тəжірибе, жоспарлау кезеңдерін;
тірі қалу қабілеттілігін талдауды;
компьютерлік статистикалық бағдарламаларды: MS Excel бағдарламаларының қолданбалы пакеттерін білуі тиіс.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу:
деректерді өңдеудің статистикалық əдістерін қолдануды ;
биостатистикадағы өлшемдердің сенімділігі мен нақтылығын бағалауды, айырмашылықтардың статистикалық маңызын анықтауды;
таңдалған жиынтық үшін бірліктерді іріктеуді ;
таратудың статистикалық қатарларын анықтауды жəне оларды таратудың теориялық заңына сəйкестігін бағалауды;
олардың нақтылығы мен сенімділігін бағалауды;
сандық сипаттамалар бойынша сенімді аралықты , критерийдің қуатын анықтауды;
бірфакторлы дисперсиялық анализдің негізгі əдістерін қолдануды;
өмір сүруге қабілеттілік сызықтарын құруды ;
статистикалық болжамдарды тексеруді;
корреляцияның таңдаулы коэффициентін есептеуді;
нəтижені көрсететін кестені алуды: оқиғалар санын , стандарт қателік, орташа қателік;
алынған нəтижелерді түсіндіруді;
MS Excel қолданбалы бағдарламасында деректерді талдаумен жұмыс істеуді үйреніп алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: