Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет111/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КӨКЖОТА – шабындық, Өрел а.о. Жердің ыңғайына байланысты 
қойылған атау. М.: Бұқтырманың сол жағында орналасқан шабындық 
[100].
КӨКИІРІМ – өзен, Жамбыл а.о. Иірімі қатты үйіріп әкететіндей 
өзенге қойылған атау. М.1: «...Өр Алтайыма ат тізгінін бұрған сайын 
Көкиірімнің тұсынан буырқанған Бұқтырма аңдағайлап көзіме ұрады» 
[35,96б.]. М.2: – Дәп мынау Көкиірімнің төбесінен тастап жібергем 
келіп отырғаны [171, 149б.].[120].
КӨККЕЗЕҢ – ж.а., Аққайнар а.о. Көкке мелдектеп тұрған кезеңге 
қойылған атау. М.1: Үйге келген соң жолға дайындалып мен де 
совхоз жұмысына оқушы-жастар бригадасы жайлаған Қараайрық, 
Көккезең жайлауын бетке алып аттанып кеттім[25,225б.]. М.2: Ел 
іргесі сетінеп, бай-шонжарлардың шаңырағы шайқала бастаған соң, 
Өтелбайдың әкесі бір-ақ түнде малын айдап, Алтайдың бергі бетімен, 
Көккезең арқылы Қытайға өтіп кетіпті[9,262б.]. М.3: Бесқарағайдан 


133
кейін орналасқан [124]. М.4:. Бұл бие байлап, қымызбен жүретін 
жер болған. Көккезеңнің бұлағында дәрілік шөптер көп болады. 
Алтынтамыр, маралтамыр дейтіндер. Енді арасынан жүргенде 
керемет жақсы [96].
КӨККӨЛ – көл, Жамбыл а.о. Көлдің суы таза әрі терең көкпеңбек 
болып жатуына байланысты қойылған атау. М.1: Две крайние даты в 
истории рудника Кок-коль (в Катон-Карагайском районе ВКО, недалеко 
от Белухи): открыт в третьем году второго пятилетнего плана, а 
закрыт- в начале шестой пятилетки[167,257с.]. М.2: Көккөл мен 
Шабанбайды жаздай кезіп, Алтайдың тағысындай үйден безіп
 [42,97б.]. 
М.3: Бала күнімізде Көккөл жайында көп әңгіме естуші едік. Үлкендер 
жағы ондайда әзіл-күлкіні тыя қойып, өзгеше салмақтана қалысатын. 
Сосын сараң бастап, сыздана сөз қозғайтын. Көккөлдегі кен қазу 
анау айтқандай құпия да болмаған сыңайлы. Бірақ біздің ағайындар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет