Катон-Верстка-01. indd


КӨКАТ САЙЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Көк ат оқиғасына қатысты  қойылған атау. М.: Көлденеңнен кейін орналасқан [132]. КӨКБАСТАУ



Pdf көрінісі
бет110/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

КӨКАТ САЙЫ – ж.а., Катонқарағай а.о. Көк ат оқиғасына қатысты 
қойылған атау. М.: Көлденеңнен кейін орналасқан [132].
КӨКБАСТАУ – ауыл, Солоновка а.о. Суы көкпеңбек болған, 
тұмасы бар ауыл болғандықтан қойылған атау. М.1. Бастау – бұлақ, 
өзен суының басталатын жері, көзі, тұма [45,538 б.]. М.: Бұрынғы 
атауы Қонкайбаза, кейіннен Юбилейний деп өзгертілген. Қазіргі атауы 
– Көкбастау [123].
КӨКБАСТАУ – ауыл, Үлкеннарын а.о. Суы көкпеңбек болған, 
тұмасы бар ауыл атауы. М.:а. Үлкен Нарынның жоғары жағында 
орналасқан. Бұрын орта Қоңқай, одан кейінірек Қоңқай баз – одан 
Юбилейный деп аталған. Қазіргі атауы – Көкбастау [129]. М.:ә. 
Юбилейный ауылының бергі жағында бастау болды. Суы мұздай. 
Түсі көк. Оған елдер қымыздарын суытқан. Содан Көкбастау деп 
аталып кетті [136].
КӨКБАСТАУ – бастау, Ақсу а.о. Судың түсіне байланысты қойылған 
атау. М.: Бастау – бұлақ, өзен суының басталатын жері, көзі, тұма 
[45, 538б.]. М.: Судың түсі көкпеңбек болғандықтан қойылған [93].


132
КӨКБҰЗАУ – жайлау, Өрел а.о. Бұзаулардың жайылымына 
байланысты қойылған атау. М.: Жайылымға қолайлы жер [163]; [107]. 
КӨКЕН БҰЛАҒЫ – бұлақ, Қатонқарағай а.о. Кісі есіміне 
байланысты қойылған атау. Көкен – есім. М.: Қаражердегі бұлақ атауы. 
Сол жерде мал баққан адам есіміне байланысты қалған атау [133].
КӨКЖОТА – қыстау, Катонқарағай а.о. Мал қыстататын орын және 
Көкжота баурайында орналасқандықтан, танымал нысанның атын алған. 
М.: Шөп шабатын жер. Үшбұлаққа асу[99].
КӨКЖОТА – ж.а., Аққайнар а.о. «Көк» түсі қазақы танымда: көк, 
көгілдір, жасыл (өсімдікке қатысты), сұр, боз, піспеген және шексіздік 
ұғымдарын береді. Бұл жер көк тасты бозғылт реңкті жерге қойылған 
атау болуы мүмкін. М.1: Әлдеқашан сүйегіне қына шығып кеткен 
әкемнің жайлаудағы жұртын көрсетемін деп тәтемнің жетелеп 
келе жатқан түрі мынау. Көкжота деді [170, 56 б.]. М.2: Бейіттер 
көп, түнде фосфор жарқырап жатады [152]. 
КӨКЖОТА – тау, Өрел а.о. Көгеріп көрініп тұратын жота 
болғандықтан осылай аталса керек. М.: Өскелеңнің үстіне шыққанда 
баяғыда қазақтар ат шаптырып, ұлы-жіңгір думан жасайтын тау 
сахнасы – Көкжота көлбей сұлап, көлдің арғы басы тірелер Жалғыз 
тау жақтан жел өпті[18,158б.]; [118].
КӨКЖОТА  тау, Катонқарағай а.о. Таудың жотасы көкшіл болып 
көрінетін болғандықтан, сыртқы көрінісіне қарай аталған. М.:Шөп 
шабатын жер. Үшбұлаққа асу[99]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет