136
КӨКТЕРЕК – ауыл, Үлкеннарын а.о. Көк теректердің көптеп өсуіне
байланысты қойылған атау.
М: Көктеректің бұрынғы аты – Суықшат.
Бертін келе Қаратай елінен бір ақсақал келіпті. Қарап жерді зерттеп
тұрса, өңірде көк теректер көптеп өсіп тұрса керек. Содан бұл жерді
Көктерек атап кеткен. Көктерек суға кеткен ауылдардан жиналып
құралған ауыл [153].
КӨКТЕРЕК – ауыл, Жамбыл а.о. Көк теректердің жиі болуына
байланысты қойылған атау.
М.: 1926 жылға дейін қазіргі Көктерек
селосы тиірменші ауылы деп аталатын. Бұл ауылда сол кезде 7 үй ғана
бар еді. Оның 4-і кірпіш, үшеуі ағаш үй еді. 1928 жылдан бастап колхоз
орталығы осы тиірменші ауылы болып, жан-жақтағы ұсақ ауылдар
колхоз орталығына қоныстана бастады. Колхоз орталығына неғұрлым
халық көптеп келе бастаған сайын оның көлемі ұлғая бастады. Бұл
кезде Аюатқан өзенінің төменгі ағысы қалың жуан терек еді. Осыған
байланысты 1929 жылы тиірменші ауылы – Көктерек деп аталды.
Бұрынғы 7 үйлі тиірменші ауылы қазір 1500 адамы бар 300 үйлі үлкен
ауылға айналды [129].
Достарыңызбен бөлісу: