Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет124/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАЗАНҒАП БИДІҢ ЗИРАТЫ – зират, Аққайнар а.о. М: Аққайнарда 
Қазанғап бидің сүйегі жатқан бейітті осылай атайды [153].
ҚАЗАНЖОТА – ж.а., Өрел а.о. Сыртқы бейнесі қазанға ұқсас болып 
келгендіктен қойылған атау. Бұл атау «қазан» және «жота» сөздерінің 
бірігуінен жасалған. М.: Үшашықтан жоғары қарай орналасқан. Сырт-
бейнесі қазанға келеді. Бұрындары адамдар жылқыларын апарып 
тастайды екен. Сұрағанда Қазанда деп жауап берген [100].
ҚАЗАНШҰҢҚЫР – тау, Алтынбел а.о. Қазылған, қазанға ұқсас 
болғандықтан осылай аталған жер. М.:Қызылқияның асты [138].
ҚАЗҒАНЖОЛ – ж.а., Өрел а.о. Жерді қазып, жол салуына 
байланысты қойылған атау. М.: Көкжотада орналасқан [100].
ҚАЗДЫБАЙ – бұлақ, Өрел а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.: Пилараманың бергі жағындағы бұлақ [100].
ҚАЙНАР – ж.а., Жамбыл а.о. Судың шымырылап шығап жататын 
жері, бұлақтың басы, бастау – қайнар делінеді[51,45б.]. [120] 
ҚАЙНАР – тау, Жамбыл а.о. Тау қайнар бұлақтары, бастаулары 
көп болғандықтан аталуы мүмкін. М.1: Таудың етегінде орналасқан 
қорғандар тізбегі саны жағынан ең үлкен және ол оңтүстіктен 
солтүстікке қарай созылып жатыр. Кемпір мен Қайнар шоқыларының 
тоғысатын жерінде оңтүстіктен қойнауға қарай орналасқан [83, 
225с.]. М.2: Қайнар суы шыққан ол жерден. Ол төмен түскенде 
жоғалып кетеді. Жер астымен келіп Бұқтырмаға құяды [105].
ҚАЙРАҚТЫ – жайлау, Белқарағай а.о. Тауда қайрақ тастар молынан 
болса, атауға негіз болады. М.: Алдынан қарыстыра соғып тұрған 


146
Қайрақты қиясының суық желі өрге тартқан сайын күшейе түскен
 
[14,169 б.] [135]. 
ҚАЙСА – сай, ж.а., Солдатова а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М.: Қайса деген атаның жері болғандықтан, солай атаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет