143
22 ауылдық кеңестің бірі. Бұқтырма уезінің болыстығы[35,25б.].
М.2:
Кішінарын - Нарынға келіп құятын басты өзен [76, 66 б.].
М.:Нарын
өзенінің атымен аталады [153].
КІШІТАСШОҚЫ – жайлау, Катонқарағай а.о. Үлкентасшоқыға
қарағанда кішілеу және қатарласа келген нысандарға қойылады. Жердің
ерекшелігіне байланысты қойылған атау[146].
КІШІТАУТЕКЕЛІ – қабырға жақтағы Таутекелі. Үлкен Таутекеліге
қарағанда аумағы шағын келген тау. Таутекелердің көп жүретін жеріне
қатысты қойылған атау[146].
КІШІТЕКШЕ – Малина сайының жанында орналасқан үстірт
жер. Текше деп жергілікті тұрғындар тау, жота үстіндегі жазық жерді
айтады. Кішітекше жанындағы Үлкентекшеге қарағанда аумағы шағын
текше[100].
КІШІАЙҒАЙ - тау, Аққайнар а.о. Қазақы танымда қатар келген
нысандарды сұлбасына үлкен, кіші деп айырым белгісін қойып атау
қалыптасқан үрдіс.
Достарыңызбен бөлісу: