Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет123/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҚАБДЕН ҚҰЛАҒАН – тау, Алтынбел а.о. Қабден деген кісінің 
мертігуіне байланысты қойылған атау. М.: Таудың үсті, өте тік жер 
Қабен деген тракторист сол жерден құраған [138].
ҚАБДОЛ – жайлау, Жамбыл а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау [120].
ҚАБЫЛ – қыстау, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты қойылған 
атау. М: Қабыл ақсақалдың құрметіне қойылған. Қабыл – Бураның 
ішінде Боғайдан тарайтын адам [153].
ҚАБЫЛБЕК КӨШКІГЕ КЕТКЕН – ж.а., Өрел а.о. Көшкі жүріп 
кеткен кезде, қапыда көшкі астында қалған адамға қатысты қойылған 
атау. М.: Еңбек ауылының тұрғыны Қабылбек қыста көшіп кетемін 
деп Сайтан көпірінен құлап, екі аяғынан айырылған. Қазір сол жерді 
Қабылбек көшкіге кеткен деп атайды[154].
ҚАБЫЛДА – бейіт, Үлкеннарын а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау
 [136]. 
ҚАБЫРҒА – бұлақ, Катонқарағай ауд. Бұлақ тауды қабырғалап, 
жағалып ағатындықтан берілген атау. М.2. Бұлақ тауды қабырғалап, 
жағалып ағатындықтан берілген атау [166, 141 б.]
ҚАБЫРҒА – ауыл, Қатонқарағай а.о. Тау қапталында қабырғалай 
орналасқан ауылға қойылған атау. М.1:. «Ардақты Алтай – даламның 
асқақ төрі екен, Таудың да тарлан, таланттысы екен, сері екен. Тау 
емес, мынау кілең алтын баспалдақ, Алланың өзі аспаннан түсер жері 
екен», – дейді де, тағы да: «Айналдым Жаңа Үлгісі мен Қабырғадан
Жақсы ұлды туғыздың жаңылмаған» дегендегі осы қос ауылдың, дос 
ауылдың айтып жеткізуге қиын ер азаматтарының бірі, бірегейі, «бір 
өзі жүз кісілік» батыр Нұрқас еді» [41, 70б.]. М.2: «Жаңа Қайың», 
«Маемер», «Жаңа Үлгі» мен «Қабырға» – Дәрімбет аулы – бір бүйір, 
Ақ қала шыңның жанында» [41,341б.]. М.3: «Катонқарағай өңірінде 
тұмса табиғаттың тал бесігінде тербеліп, жасыл желекке оранған 
Қабырға атты ауыл бар» [35,112б.]. М.4: 1928 жылы Серіктік деп 


145
аталған. 1930 жылдан бастап Қабырға колхозы болады. 1950 жылы 
Қабырға, Жаңа үлгі, Шыңғыстай Молотов совхозы болған. 1957 
жылы Алтай совхозы деп аталған [Хабарламашы: Тойғанбаев Сіләм 
88 жаста, Қабырға ауылы]. М.5: Бір жұманың ішінде 
Қабырға деген 
ауылдан Мүгілсін жеңгемізді алып келдік [25,66б.]. М.6: Жанұямыз 
«Сарыөлең» жайлауынан алғашында Катон селосына, онда бір-екі 
жыл тұрғаннан кейін отыз үш, отыз төртінші жылдары селодан 
бес-алты шақырымдай жер – «Қабырға» ауылына қоныс аударады. 
Ауылдың аты да адамның қабырғасына байланысты қойылса керек. 
Бас-аяғы иілген доғаға ұқсас [71,8б.]. М.7: Қазіргі Қабырға ауылында 
Илья Гусевтің тері зауыты болған, онда сиыр мен жылқының терілері 
өңделіп, етік тігілген [35,23 б. ]. [145]; [156].
ҚАЗАҚСТАН – колхоз, тарихи атау, Үлкеннарын а.о. Жалпы, тарихи 
атау. М: Суықшатты кейін келе Қазақстан колхозы деп те атаған [153].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет